18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыларын тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдарымен ұсынатын бағаларды түзету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 156 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 8 шілдеде № 9-12-80 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 15.01.2009 № 9 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" қаулысымен бекітілген балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Ережесінің  30 тармағына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сексен пайызға азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдарымен ұсынылған 2008 жылға арналған бағалардың түзетуі белгіленсін.

      2. "Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға үміткердің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алуы ұсынылған.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. А. Исенбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ф. Филиппов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады