Аққайын ауданының Смирново селосында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 9 маусымдағы N 127 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 10 шілдедегі N 13-2-82 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 12 қарашадағы N 270 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 12.11.2013 N 270 қаулысымен

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 2-тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 Заңының 27-бабына, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 Заңының 5-бабына, «Ішкі сауда Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысының 120-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Даяна» дүкеніне қарама-қарсы, Горький көшесі мен 9 май көшесінің қиылысындағы алаң Аққайың ауданының Смирново селосында көшпелі сауданы жүзеге асыру орны болып белгіленсін.
      2. Смирнов селолық округінің әкімі аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен, «Қамқор Аққайың» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынмен бірлесіп осы қаулы қолданысқа енгізілгеннен кейін екі апта мерзім ішінде сауда орнына белгіленген аумақты абаттандыру бойынша жұмыс жүргізсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында оның мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және ресми түрде басып шығарылған күннен 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.М Нүркеновке, Е.Т.Симамбаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                 А. Шушамоин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады