"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жеке тұлғаларға көрсетілетін "Қорғаншылық пен қамқоршылық жөнінде анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 1 шілдедегі N 171 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 12 тамызда N 13-3-76 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамызда N 197 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2009.08.14 N 197 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабының 23-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» № 558 қаулысының 2-тармағы негізінде және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарлату мақсатында аудан әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемелекеттік мекемесімен «Қорғаншылық пен қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты бекітілсін.
      2. Аудан әкімінің құқықтық мәселелері жөніндегі кеңесшісі (А.В.Галиасқарова) осы қаулының Айыртау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н.В. Кислинаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш арнайы жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Айнабеков

Айыртау ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 21 шілдедегі № 171
қаулысымен бекітілген

«Қорғаншылық пен қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы стандарт қорғаншылық пен қамқоршылық жөнінде анықтама берудегі мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін анықтайды.
      2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» № 321-I Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қамқоршылық және қорғаншылық органының Ережесі негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету «Солтүстік Қазақстан об лысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады, мекен жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, ықшам ауданы, № 20 үй, телефон (871533) 27461, электрондық пошта мекен-жайы: asel55@yandex.ru
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі) қорғаншылық пен қамқоршылық жөнінде анықтама беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
      1) 18 жасқа дейінгі балалары бар Қазақстан Республикасының азаматтарға;
      2) 18 жасқа дейінгі балалары бар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және тұрып қайту рұқсаты бар оралмандар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғаларға;
      3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қорғаншысы және қамқоршысы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарға.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетілу келесі мерзімдерде ұсынылады:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап) электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері-15 күннен аспауы тиіс.
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минуттан аспауы тиіс.
      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт- 40 минуттан аспауы тиіс.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақысыз.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы және қажетті құжаттар туралы, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат арнайы, жергілікті ақпарат көздерінде «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде орналасқан стенділерінде орналасады, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, ықшам ауданы, № 20 үй, телефон (871533) 27461, электрондық пошта мекен-жайы:asel55@yandex.ru.
      10. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз жэне жедел қызмет көрсетумен реттік тәртіппен жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызметті ұсынудың жағдай орындары - күту, құжаттарды толтыру залы және қажетті құжаттар тізбесі қойылған стенділерімен және оларды толтыру үлгілерімен, нормативтік құқықтық актілермен (үзінділерімен) қамтамасыз етілген.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берушіден талап етілетін құжаттар:
      1) жеке тұлғаның өтініші;
      2) жеке бастың куәлік құжаты (көшірмесі);
      3) нәрестенің туу туралы куәлігі (көшірмесі);
      13. Барлық қажетті өтініш бланктері «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде болады, мекен- жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, ықшам ауданы, № 20 үй, телефон (871533)27461, электрондық пошта мекен:і asel55@yandex.ru.
      14. Толтырылған құжаттар «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, ықшам ауданы, № 20 үй, телефон (871533)27461, электрондық пошта мекені: asel55@yandex.ru.
      15. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды ұсынған соң, мемлекеттік қызметті тұтынушыға қабылдау күні және орындалу мерзімі, өтініш қабылдаған маманның аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      16. Қызмет көрсету тәсілі - жеке бару.
      17. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздері жалған мәліметтер және жетімсіз мәлімет құжаттарын ұсыну болып табылады.

3. Жұмыс қағидалары

      18. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтік парызын орындаудағы заңдылыққа, мемлекеттік қызметкерлер ар-намыс Кодексіне негізделген және сыпайылық көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидасымен жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері Үлгі стандартқа қосымша сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасының және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызмет ұсыну жұмыс сапасы бойынша шағымдар болған жағдайда білім бөлімінің мамандарының іс-әрекетіне шағымдар беріледі:
      «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының атына, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, ықшам ауданы, № 20 үй, телефон (871533)27461 электрондық пошта мекені:asel55@yandex.ru.
      Аудан әкімінің атына, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Шоқан Уәлиханов атындағы көшесі,44, телефон (871533)22648, электрондық пошта мекені:airtay-akimat@mail.kz.
      «Солтүстік Қазақстан облысы білім департаменте мемлекеттік мекемесінің басшысының атына, мекен жайы: 150011 Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58 үй, телефон (87152)463432, электрондық пошта мекені: obldosko@mail.kz.
      22. Шағымдар пошта бойынша немесе жұмыс күндері қолма қол жазбаша түрде қабылданады:
      1) «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына, заңды мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, ықшам ауданы, № 20 үй, телефон (871533)27461 электрондық пошта мекені:asel55@yandex.ru.
      2) жоғары тұрған мекемелерге:
      «Солтүстік Қазақстан облысы білім Департаменте мемлекеттік мекемесі, мекен жайы: 150011 Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі,58 үй, телефон (87152) 463432, электрондық пошта мекені: obldosko@mail.kz.
      3) «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Шоқан Уәлиханов атындағы көшесі, 44, телефон (871533) 22648, электрондық пошта мекені: airtay-akimat@mail.kz.
      Таласты сұрақтар азаматтық соттық іс жүргізу тәртібімен реттеледі.
      23. Шағымдар азаматтардың өтінішін есепке алу журналында тіркелінеді. Шағымдар заңда көрсетілген мерзімдерде қаралады, нәтижесі туралы өтініш берушіге почта бойынша немесе жеке бару кезіеде жазбаша түрде хабардар етіледі.

6. Байланыс ақпараты

      24. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет корсету үшін жауапты мамандардың мекен-жайы:
      «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, ықшам ауданы, № 20 үй, телефон (871533)27156, электрондық пошта мекені:asel55@yandex.ru.
      Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетумен реттік тәртіппен жүзеге асырылады.
      «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманы, мекен-жайы: 150100 Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, ықшам ауданы, № 20 үй, телефон (871533)27461, электрондық пошта мекені:asel55@yandex.ru.
      Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетумен реттік тәртіппен жүзеге асырылады.
      25. Мекен-жайы: «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Ш.Уәлиханов көшесі, 44, қабылдау бөлмесінің телефоны 8(71533) 21102, электронды мекен-жайы: airtay-akimat@mail.kz

«Қорғаншылық пен қамқоршылық
жөнінде анықтама беру» мемлекеттік
қызмет көрсетудің үлгі стандарты
қосымша

Кесте. Қолжетімділік және сапа көрсеткіштерінің сипаттамасы

Сапа мен қол жетімділіктің көрсеткіштері

Көрсеткіш-
тің норматив-
тік маңызы

Келесі жылы көрсеткіш-
тің мақсаттық маңызы

Есептік жылы көрсеткіш-
тің ағымдық маңызы

1. Уақыттылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсетуді ұсыну оқиғасының % (үлесі)

100

100

100

1.2. Қызмет көрсетуді алу үшін кезекте 40 минуттан артық емес күткен тұтынушылардың % (үлесі)

100

100

100

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсетуді ұсыну сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100

100

100

2.2. Лауазымды тұлғамен дұрыс ресімделген құжаттардың оқиғаларының % (үлесі)
(жүргізілген аударымдар, есептер және т.б.)

100

100

100

3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсетуді ұсыну тәртібі туралы сапамен және ақпаратпен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100

100

100

3.2. Тұтынушымен дұрыс толтырылған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

100

100

100

3.3. Ақпараты Интернет арқылы қолжетімді қызмет көрсетудің % (үлесі)

0

0

0

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызмет көрсетудің аталмыш түрі бойынша қызмет көрсетілген тұрғындардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0

0

0

4.2. Белгіленген мерзімде қарастырылған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

0

0

0

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100

100

010

4.4. Шағымданудың мерзімімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100

100

100

5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлер-
дің сыпайылығымен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100

100

100

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады