"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы N 3 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 11 ақпанда N 13-12-53 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 13 қарашада N 217 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің 2009.11.13 N 217 Қаулысымен

      «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын көтеру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен  көрсетілетін «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде қоса берілген стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау экономикалық сұрақтары және  ауыл шаруашылығы жөнінде аудан әкімінің орынбасары И.В. Циммерманға  жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                    Б. Жұмабеков

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
14 қаңтардағы № 3 қаулысымен
бекітілді

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Тұрғын үй көмегін тағайындау»

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы: «Тұрғын үй көмегін тағайындау»
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі – жарым-жартылай автоматтандырылған.
      3. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 Заңының 97-бабы 2-тармағы «Барлық жеке меншік түріндегі тұрғын үйлердегі коммуналдық қызмет көрсетулерге ақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте бекітілген тарифтар бойынша алынады. Мемлекет тұрғын үйді ұстауға төлем төлеуге (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті атқарушы органның жалға алған тұрғын үйін пайдаланғаны үшін жалдық ақыны төлеуге,коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтыну және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін байланыс қызметі абонентік ақысын ұлғайтуға байланысты аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды. Тұрғын үй көмегі бюджеттік қаражаттар есебінен тұрақты бір жерде тұратын және тұрғын үйдің иелері мен жалға алушылары (екінші жалға алушылары) болып табылатын тұлғаларға көрсетіледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшері мен тәртібі республикалық маңызы бар қаланың, астананың,аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді органдарымен белгіленеді» негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
      4. Осы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе басқа да субъектілердің  атауы:
      «Тимирязев ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Тимирязев селосы, Уалиханов көшесі, 1.
      5. Тұтынушы алуға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу формасы (нәтижесі):
      Шарт/келісім (немесе бас тарту туралы хабарлама).
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаттары:
      Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, ыхтиярлықхаты бар, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар, Тимирязев ауданында тұрақты тұратын, мемлекеттік тұрғын қорынан тұрғын үйдің иесі, жалға алушысы болып табылатын азаматтар.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімі:
      1) Тұтынушыларға қажетті құжаттарды берген күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері (тіркеу, талон алу күнінен бастап т.б.): 15 жұмыс күні;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты (тіркеліп талон алған уақыттан бастап т.б.): 40 минут;
      3) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты, мемлекеттік қыз көрсетудің нәтижесі ретінде максималды мөлшері: 40 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету: «Тұрғын үй көмегін тағайындау» тегін көрсетіледі.
      9. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарты аудандық «Нива» газетінде басылады, Тимирязев  селосы, Уалиханов көшесі, 1, № 3,4 кабинеттер мекен-жайы бойынша орналасқан «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында стенд орналастырылған.
      10. Жұмыс кестесі: күн сайын, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, үзіліс 13-00- ден 14-00-ге дейін, алдын ала жазылу талап етілмейді.
      «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында 3, 4 кабинеттерде, күту залында орындықтар, ақпараттық стендтер ұйымдастырылған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға тұлғалар келесі құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш;
      2) арызданушының оның отбасының барлық мүшелерінің тұлғаларын растайтын құжаттың көшірмелері;
      3) отбасының құрамы туралы мәлімет (азаматтарды тіркеу кітабы) және оның көшірмелері
      4) тұрғын үйдің меншік иесі екендігі және тұрғын үйдің жалпы алаңының мөлшері туралы мәлімет;
      5) отбасының табысы туралы мәлімет;
      6) коммуналдық қызмет көрсетулерге ақы төлеу және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абонеттік ақы төлеудің шығындары туралы мәлімет.
      Құжаттар растайтын құжаттардың қосымшаларымен салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары арызданушыға қайтарылып беріледі.
      13. Арнайы бланктар қажет емес.
      14. Қажетті құжаттардың толық пакетімен арыз Тимирязев селосы, Уәлиханов, 1 , № 7 кабинет мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылады.
      15. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану күні жазылған мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану үшін тұтынушының барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауы мен түрі арызданушының үзінді талоны.
      16. Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі Тимирязев  селосы,
Уәлиханов көшесі, 1 , № 7 кабинет мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жеке қатынасуда қолына беріледі.
      17. Тұрғын үй көмегі:
      1) жеке меншігінде біреуден артық (үлес) тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар отбасыларға;
      2) тұрғын үйін жалға (екінші жалға) беруші отбасыларға;
      3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелмеген жұмыссыздары бар отбасыларына;
      4) егер тұрғын үйді ұстауға және жеңілдік шаралар мен коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтыну көлемін қамтамасыз ететін тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде коммуналдық қызмет көрсетулерді пайдалануға төлейтін шығындар отбасы бюджетіндегі осы мақсаттарға жол берілетін шығындар шегінің үлесінен аспайтын болса, онда ондай отбасыларына тағайындалмайды.

3. Жұмыс принципі

      18. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға арызданған азаматтар:
      1) тұрғын үй көмегін тағайындау туралы толық және нақты ақпаратты алуға;
      2) бөлім қызметкерлерінің әдептілігіне, жауапкершілігіне және
кәсібилігіне;
      3) белгіленген үлгідегі өтінішті және оған қоса берілген бланктерді тегін алуға;
      4) сақтауды, тұтынушылар құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғауды және құпиялылығын, жабықтылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуының қамтамасыз етілуіне арқа сүйей алады.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен қол жеткізушілігінің көрсеткіштерінің мақсатты тағайындалуы жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтармен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану:
      Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі,1 үй, 2 кабинет немесе орынбасарға 4 кабинет мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына арыздану арқылы іске асырылады.
      2) Тимирязев ауданының әкіміне
      3) Тимирязев аудандық сотқа.
      22. Шағым түскен мемлекеттік органы:
      1) «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2 кабинет;
      2) «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары – 4 кабинет;
      3) Тимирязев ауданының әкіміне, Тимирязев с., Уәлиханов көшесі,1;
      4) Тимирязев аудандық сотқа, Тимирязев с., Уәлиханов көшесі,1
      23. Қабылданған шағымдарды растайтын және берілген шағымға жауап алудың мерзімі 15 күн, шағымды қарау барысында білуге болатын лауазымды тұлғалардың байлыныс мәліметтері қаралатын құжаттар атауы датасы мен шағым қабылданған уақыты көрсетілген үзінді талон беріледі.

6. Байланыс ақпарат

      24. Мемлекеттік органның байланыс мәліметтерін электрондық пошта мекен-жайы, жұмыс және қабылдау кестесі, мекен-жайы, телефондары:
      «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі – Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй, электрондық пошта мекен-жайы:ro-timir@mail.online.kz.
      Мекеме бастығы, телефон 21494, № 2 кабинет;
      Бастықтың орынбасары, телефон 21649, № 4 кабинет;
      Әлеуметтік жәрдемақылар құрылымдық бөлімшесі - 3, 4 кабинеттер, телефон 21649;
      Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, Петропавл қаласы Абай көшесі, 64, электрондық пошта мекен-жайы: obl_dep@mail.online.kz.

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандартына қосымша

Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы

Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері

Көрсеткіш-тердің норматив-
тік мағынасы

Келесі жылдағы көрсеткіштер-дің мақсатты мағынасы

Есеп беру жылындағы көрсеткіштер-дің ағымдағы мағынасы

1

2

3

4

1. Дер кезділік

1.1. құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары

95

75

60

1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)

90

50

40

2. Сапа

2.1. қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

90

70

60

2.2. лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс ресімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

95

75

65

3. Қол жеткізушілік

3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

80

50

40

3.2. тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі)

80

30

25

3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын ақпараттар қызметі % (үлесі)

50

30

25

4. Шағымдану үрдісі

4.1. іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі)

0,1

0,4

0,6

4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)

95

60

50

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

85

70

50

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

95

50

40

5. Сыпайылық

5.1. персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

90

70

60

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады