Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округінің Чапаев ауылын Тұщықұдық ауылы деп қайта атау туралы

Жаңартылған

Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 4 ақпандағы N 35 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 8 ақпандағы N 70-ІV шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 11 наурызда N 2522 тіркелді

      Ескерту. Бірлескен шешімнің атауына өзгеріс енгізіілді - Атырау облысы әкімдігінің 10.10.2014 № 315 қаулысымен және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 325-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес, облыстық ономастикалық комиссияның 2008 жылғы 9 қаңтардағы қорытындысы, Исатай ауданы әкімиятының 2007 жылғы 18 қазандағы N 173-а қаулысы, аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 қазандағы N 21 "Тұщықұдық селолық округінің Чапаев селосын қайта атау туралы" шешімі негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 627-баптарын басшылыққа алып облыс әкімияты қаулы етеді және облыстық мәслихат шешім етті:
      1. Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округінің Чапаев ауылы Тұщықұдық ауылы болып қайта аталсын.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізіілді - Атырау облысы әкімдігінің 10.10.2014 № 315 қаулысымен және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 325-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың V
      сессиясының төрайымы

      Облыстық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады