Құрманғазы ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 89-ІV шешімі және Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 11 наурыздағы N 60 қаулысы Атырау облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 23 сәуірде N 2528 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N№4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"  Заңының  3, 11 баптарына сәйкес, Құрманғазы аудандық әкімиятының 2007 жылғы 6 наурыздағы N№73 қаулысы мен Құрманғазы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 15 наурыздағы N№330-ХХХVІІ шешімі негізінде облыс әкімияты  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ  және облыстық мәслихат  ШЕШІМ ЕТТІ :

      1. Құрманғазы ауданының елді мекендерінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Ганюшкин селолық округінің Ескі әуежай ауылы Ганюшкин селолық округінің Ганюшкин селосының құрамына;
      2) Дыңғызыл селолық округінің Зормата ауылы Дыңғызыл селолық округінің Жыланды селосының құрамына;
      3) Мақаш ауылдық округінің Ақбетов, Сәт баба ауылдары Мақаш ауылдық округінің Ғ.Әліпов ауылының құрамына;
      4) Мақаш ауылдық округінің Сардар баба ауылы Мақаш ауылдық округінің Көкарна ауылының құрамына;
      5) Нұржау селолық округінің Әлислан ауылы Нұржау селолық округінің Жамбыл селосының құрамына;
      6) Сүйіндік селолық округінің Жаңа ауыл ауылы, Асан селолық округінің Ұштаған ауылының құрамына енгізілсін.

      2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Облыстық мәслихаттың                Облыс әкімі
      VІ сессиясының төрағасы             Б.Рысқалиев
      С.Қуанышев 

      Облыстық мәслихаттың хатшысы 
      Ж.Дүйсенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады