Жас өрт сөндірушілердің жасағын құру туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2008 жылғы 20 мамырдағы N 153 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 24 мамырда N 2531 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2014 жылғы 29 тамыздағы № 270 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 29.08.2014 № 270 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабын, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы N 48 "Өрт қауіпсіздігі туралы" Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып, балалардың білім деңгейін арттыру және олардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуын насихаттау мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Облыстың жалпы білім беретін орта мектептерінде Жас өрт сөндірушілер жасағы құрылсын.
      2. Қосымшаға сәйкес үйлестіру-әдістемелік кеңесінің құрамы бекітілсін.
      3. Жас өрт сөндірушілер жасағының келесі міндеттері мақұлдансын:
      1) балалардың білім деңгейін арттыру және олардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатынасуы;
      2) өрт пайда болған жағдайда азаматтар мен мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмек көрсету;
      3) білім беру мекемелерінде тақырыптың қабырға баспасын шығаруды ұйымдастыру;
      4) көрнекі-бейнелеу тақырыптың материалдарын таратуға қатысу;
      5) тақырыптық көрмелер, байқаулар, конкурстар мен
әскери-спорттық ойындар өткізуге қатысу;
      6) жас өрт сөндірушілерді дайындау Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы N 35 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережесі негізінде жүзеге асырылады;
      7) өрт-қолданбалы спорты бойынша жарыстар мен спорттық секциялар өткізуге қатысу;
      8) өрт сөндіру көлігімен және өрт-техникалық қаруларымен, өрт туралы хабарлау құралдарымен, өртті анықтау және өрт сөндіру жүйелерімен таныстыру;
      9) өртке қарсы қызмет органдарының инспекторлық құрамының басшылығымен тұрғындар арасында өрттің алдын алу жөнінде көпшілік-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, өздерінің оқу орындарында, тұрғылықты жері бойынша және қамқорлыққа алған мектепке дейінгі балалар мекемелерінде өрттің алдын алу іс-шараларын өткізуге қатысу:
      тақырыптық конкурстар, олимпиадалар, викториналар, слеттер өткізу;
      жиындар, сап түзеулер, тақырыптық экскурсиялар, жорықтар, рейдтер, спорттық ойындар, фестивальдар ұйымдастырып, өткізу;
      10) өрттен қорғау ардагерлеріне қамқорлық көмек көрсету;
      11) өртке қарсы қызмет органдары туралы тарихи материалдар жинауды жүргізу және өртке қарсы қызметтің мектеп мұражайларын құру;
      12) өрт-техникалық модельдеу үйірмелерін ұйымдастыру.
      4. Жас өрт сөндірушілер жасағы жалпы білім беретін орта мектептер базасында, балалар үйлері мен интернаттарда, балалар мен жастарға қосымша білім беретін мекемелерде, сауықтыру мекемелері мен демалыс лагерлерінде оларда балалардың болу кезеңінде ұйымдастырылады.
      5. Жас өрт сөндірушілер жасағымен жұмыс жасаудың негізгі орталығы қалалық және аудандық өртке қарсы қызмет басқармасы мен бөлімдері болып табылады.
      6. Жас өрт сөндірушілердің қызметін тиімді ұйымдастыру үшін Жас өрт сөндірушілер өрт сөндірушілер жасағының звенолары мен отрядтары түріндегі құрылымдық бөлімше құрылады.
      7. Жас өрт сөндірушілер звеносының саны 3-5 жас өрт сөндірушіден құралуы тиіс. Екі және одан да көп звенолар болған кезде отряд ұйымдастырылады. Отрядтағы звенолар саны төрттен аспауы тиіс.
      8. Жас өрт сөндірушілер жасағы, сондай-ақ отрядтар мен звеноларды жас өрт сөндірушілердің жалпы жиналысында сайланған командирлері басқарады. Жас өрт сөндірушілер жасағы командирлері Жас өрт сөндірушілер жасағы мүшелерінің жалпы жиналысында атқарылған жұмыс туралы есеп береді (ауызша немесе жазбаша түрде).
      9. Звенолардың, отрядтардың жасақтардың командирлерін қайта сайлау Жас өрт сөндірушілер отрядының жалпы жиналысында жүзеге асырылады.
      10. Жас өрт сөндірушілер жасағына ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық жасау үшін үйлестіру-әдістемелік кеңестер құрылуы мүмкін, олардың құрамына білім беру басқармасы ұйымдарының, өртке қарсы қызмет органдарының, жергілікті атқарушы органдардың, немесе басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді.
      11. Жас өрт сөндірушілер жасағына қабылдау ерікті негізде мектеп жасындағы балалардың (10-17 жас) ата аналарының келісімі негізінде жүзеге асырылады.
      12. Жас өрт сөндірушілер жасағына балаларды қабылдау туралы Жас өрт сөндірушілер жасағы мүшелерін есепке алу журналында тіркеу жүргізіледі, оны жүргізу және сақтау тәртібін өртке қарсы қызмет органдары белгілейді.
      13. Жас өрт сөндірушілер жасағы мүшелігінен шығу Жас өрт сөндірушілер жасағымен жұмыс жөніндегі үйлестіру кеңесінде қаралады.
      14. Жас өрт сөндірушілер жасағы:
      жасақтардың жұмысын, жас өрт сөндірушілердің тақырыптық үйірмелерін, өрт-қолданбалы спорт секцияларын ұйымдастыруға және құруға көмек көрсетеді;
      әдістемелік, кеңес беру, үйлестіру жұмыстарын жүргізеді;
      Жас өрт сөндірушілер жасағының озат жұмыс тәжірибесін қорытып, таратады;
      байқау-конкурстар, викториналар туралы бағдарламалар әзірлейді, жоғарыда көрсетілген шараларды ұйымдастырып жүргізеді;
      өрттің алдын алу жөніндегі іс-шараларды дайындауға және жүргізуге қатысады.
      15. Жас өрт сөндірушілер жасағы қызметін материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету (оқу құралдарын, өрт техникасы және өрт-техникалық қаруларын, нысанды киім үлгісін, кеңсе құралдарын, мәдени-көпшілік жұмыстарға арналған мүлік, бұрыштар жасауға арналған жабдықтар сатып алу) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
      16. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері жергілікті жерлерде Жас өрт сөндірушілердің ұқсас жасақтарын құрсын.
      17. Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 23 қазандағы N 247 "Жас өрт сөндірушілер жасағын құру туралы" қаулысы жойылсын.
      18. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.М. Рысқалиевқа жүктелсін.
      19. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Б. Рысқалиев

Облыс әкімиятының
2008 жылғы 20 мамырдағы
N 153 қаулысына қосымша

Үйлестіру-әдістемелік кеңесінің дербес құрамы

Рысқалиев Сырым Мұратұлы  - облыс әкімінің орынбасары, Кеңес
                            төрағасы;
Керімов Асқар Абайұлы     - облыс әкімі аппараты басшысының
                            орынбасары, кеңес төрағасының
                            орынбасары;
      Кеңес мүшелері:
Бержанов Омар Құмарұлы    - өрт сөндіру және авариялық-құтқару
                            жұмыстары қызметі мемлекеттік
                            мекемесінің Атырау облысы бойынша
                            филиалының бастығы (келісім бойынша);
Дүйсекенов Сейітжан       - Атырау облысы өртке қарсы қызмет
Қисанұлы                    департаменті бастығының орынбасары
                            (келісім бойынша);
Жұмашев Жасұлан           - Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент
Қыдырқожаұлы                бастығы (келісім бойынша);
Исмұратов Мереке Отарұлы  - Атырау облысы Ішкі істер департаменті
                            бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Қайненов Қилымғали        - Атырау облысы Білім беру басқармасының
Қайненұлы                   бастығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады