Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілері туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2008 жылғы 17 қыркүйектегі № 239 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 22 қазанда № 2534 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2011 жылғы 28 шілдедегі № 219 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2011.07.28 N 219 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 "Жекешелендіру туралы" Заңы , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 1431 "Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері" қаулысы негізінде облыс әкімияты қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес жекешелендірілуге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру аукцион нысанындағы саттықта жүзеге асырылсын.

      3. Атырау облысы қаржы басқармасы осы қаулының 2 тармағының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орындалуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.Ә. Әкімжановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Рысқалиев

  Облыс әкімиятының 2008 жылғы 17 қыркүйектегі N 239 қаулысына қосымша

Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі

N

Объектінің атауы

Орналасқан жері

Салынған жылы

Жалпы ауданы

Бастапқы баланстық құны (теңге)

Жер учаскесінің бағалау құны (теңге)

Баланс ұстаушысы

1

Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің N 1 ғимараты

Құрманғазы ауданы, Асан селосы

1968

337,94

122253

35822

Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін қазақ орта мектебі

2

Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің жатақхана ғимараты

Құрманғазы ауданы, Асан селосы

1982

165,29

378624

17521

Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін қазақ орта мектебі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады