Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 2 маусымдағы N 165 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2008 жылы 1 шілдеде N 1986 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 384 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.12.08 N 384 Қаулысымен.

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 қарашадағы Заңының N 9-1-бабына сәйкес және «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы"» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 , "Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулыларын орындау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" - мемлекеттік қызметін көрсетудің стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары У.Қайназаровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.

      Облыс әкімі                                         Н.Әшімов

      Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің       
2008 жылғы 2 маусымдағы
N 165 қаулысымен   
бекітілген       

"Әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы
қорытынды беру" мемлекеттік қызметін
көрсетудің стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру дегеніміз - Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерге әкетуге мәлімделген заттардың мәдени құндылығын анықтау.
      2. Көрсетілетін бұл мемлекеттік қызметтің нысаны - автоматтандырылмаған.
      3. Әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру "Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы N 447 қаулысының негізінде жүргізіледі.
      4. Бұл мемлекеттік қызметті Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы ұсынады, мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 2 а үй; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайты: www.ontustik.kz
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны әкетілетін заттардың мәдени құндылығы бар-жоқтығы туралы қорытынды беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет әкетуге мәлімделген заттарды сараптамаға ұсынған Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, шет ел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулері тіркелген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 5 жұмыс күні;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру барысында кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 40 минут;
      3) мемлекеттік қызметті күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 30 минут.
      8. Әкетілетін заттардың мәдени құндылығы бар-жоқтығы туралы қорытынды ақысыз түрде беріледі.
      9. Бұл мемлекеттік қызметті көрсету стандарты визуалды ақпарат көздерінде: Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының фойесінде; "Оңтүстік Қазақстан", "Южный Казахстан" газеттерінде және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайтында орналасқан: www.ontustik.kz
      10. Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының жұмыс кестесі: құжаттарды қабылдау тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау бөлімінде жүргізіледі, күнделікті сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
      Аталмыш мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазу және жедел қызмет көрсету қаралмаған.
      11. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдайлар жасалған: бір үстел және екі орындық, қазақ және орыс тілдеріндегі өтініш үлгілері бар стенд, қысқы және жазғы кезеңде қолайлы температура ұстап тұру үшін кондиционер орнатылған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Бұл мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының сараптау комиссиясына келесі құжаттарды тізім бойынша ұсынуы қажет:
      1) өтініш;
      2) азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың немесе заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;
      3) қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың болу мақсаттары мен ережелері туралы шартының көшірмесі;
      4) әрбір мәдени құндылықтың немесе оны құрайтын бөліктердің көлемі 10x15 сантиметр фотосуреті;
      5) мәдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттар;
      6) уақытша әкету кезеңіне мәдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір тұлғаға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;
      7) сараптауға жататын мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттар.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін толтырылуы тиіс бланкілердің (өтініш нысандары және т.с.с.) нысандары қарастырылмаған.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті толтырылған өтініштер және басқа да құжаттарды тұтынушының өзі Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау бөлімінің мамандарына тапсырылады, мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 2 а үй, тел: 53-93-49, 7 кабинет.
      15. Тұтынушы қажетті барлық құжаттарды тапсырған кезде тұтынушыға тіркеу нөмірі мен мемлекеттік қызметті алу мерзімі көрсетіле отырып, өтініш және оған қосымша тапсырылған құжаттар алынғаны туралы хабарлама беріледі.
      16. Әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды тұтынушыға Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 2 а үй, 3 қабат, 7 кабинет  мекен-жайындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасына жеке келген кезінде тапсырылады.
      17. Жеке және заңды тұлғаларға осы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
      1) осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды тапсырмау;
      2)осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттарды толық немесе шындыққа сәйкес емес ақпаратты көрсету.

  3. Жұмыс қағидаттары

      18. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау бөлімінің мамандары мемлекеттік қызметті тұтынушыға қатысты келесі жұмыс қағидаттарын басшылыққа алады:
      1) сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      2) ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету;
      3) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. (кесте "Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні)
      20. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының сараптау комиссиясының жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

  5. Шағымдану тәртібі

      21. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау бөлімі қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін басқарма бастығының орынбасары түсіндіреді. Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 2 а үй, 3 қабат, 2 кабинет, тел: 55-10-88.
      22. Шағым Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы бастығының атына жазылып, басқарманың жалпы бөліміне тіркеу үшін тапсырылады: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 2 а үй, 5 кабинет, тел: 53-91-81
      23. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының жалпы бөлімінде берілетін талон болып табылады және онда ұсынылған шағымға жауап алу орны көрсетіледі. Шағымның қаралу барысы туралы телефон арқылы білуге болады. тел: 53-91-81

6. Байланыс ақпараты

      24. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының мекен-жайы: 160018, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 2 а үй, 3 қабат.
      Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы бастығының қабылдау бөлмесінің телефоны: 53-94-62
      Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасарының телефоны:55-10-88.
      Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау бөлімі мамандарының телефоны: 53-93-49.
      Жұмыс кестесі: күнделікті сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
      Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.
      Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
      Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастығымен: әр аптаның сәрсенбі күндері сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін;
      Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасарымен: әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін.
      Жоғары тұратын мекеменің байланыс телефоны - Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 6 үй. тел: 55-00-25
      25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат 53-93-49 телефоны арқылы немесе Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің www.ontustik.kz ресми сайтында орналасқан.

      "Әкетілетін заттың мәдени
құндылығының болуы  
туралы қорытынды беру"
мемлекеттік қызметін
көрсетудің стандартына
қосымша        

      Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

           1

         2

          3

       4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100 %

90%

80%

1.2. қызмет алуды  кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

100%

70%

60%

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

100%

100%

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және  т.б.) % (үлесі)

100%

100%

100%

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

100%

100%

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

90%

80%

70%

3.3 Интернет арқылы  қол жетімді қызметтерінің ақпарат % ( үлесі )

50%

40%

30%

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша  қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0,1%

0,3%

0,5%

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

95%

70%

60%

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95%

60%

50%

4.4. шағымдану мерзіміне канағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

60%

50%

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

90%

90%

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады