Жарты төбе ауылдық округінің Ынтымақ ауылының, Ошақты ауылдық округінің Қаратал ауылының шектеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 7-12-41 шешімі және Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 335 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 29 сәуірде N 14-11-85 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 107, 108 баптарына сәйкес Жарты төбе, Ошақты ауылдық округтері әкімдерінің ұсыныстары негізінде Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарты төбе ауылдық округі аумағындағы бұрынғы сиыр фермасының "Муслим+К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тұрғын үй құрылысы үшін жеке меншікке сатып берілген 10,0 га жер учаскесі Ынтымақ ауылының шегіне енгізіліп, аталған ауылдың шегі өзгертілсін.
      2. Бірлік ауылдық округі аумағындағы "Бірлік ТШ" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының 17,2 га жер учаскесі Ошақты ауылдық округінің Қаратал ауылының шегіне енгізіліп, аталған ауылдың шегі өзгертілсін.
      3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Н. Апсиков
      Аудан әкімі                                Ұ. Сәдібеков
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Б. Қаипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады