Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің нұсқаулығын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 3 наурыздағы N 371 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы Әділет басқармасында 2008 жылғы 9 сәуірде N 5-5-75 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2009.03.31 N 10 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІІІ Заңының 16 бабына сәйкес, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу аркылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңының 11 бабының 1 тармағын, мүгедек балалары бар ата-аналарға оларды тәрбиелеуге және оқытуда көмек көрсету үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Коса беріліп отырған үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық камсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Нұсқаулығы бекітілсін.
      2. 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап материалдық қамсыздандырудың мөлшері айына 8112 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеуді бекітілген нұсқаулыққа сәйкес қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының қабылдауына байланысты аудан әкімдігінің 2006 жылғы 26 сәуір № 976 санды "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық камсыздандыруды тағайындау мен төлеудің қағидасын бекіту туралы" (мемлекеттік тіркеу 01.06.2006 ж., № 5-5-28, "Абай елі" газетінің 2006 жылғы 15-30 қыркүйектегі № 2(002) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Сүлейменге жүктелсін.
      6. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
      7. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Үйсімбаев

  Аудан әкімдігінің
3 наурыз 2008 жылғы
№ 371 қаулысымен
бекітілген

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға
материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің
НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
І. Жалпы ережелер

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІІІ Заңының 16 бабына сәйкес, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-II Заңының 11 бабының 1 тармағын іске асыруға сәйкес әзірленді.

2. Тағайындау тәртібі

      Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандырудың тағайындалуы мүгедек баланың тұрғылықты жерінде ата-анасының біреуінің немесе оны алмастырушы (қорғаншы) тұлғаның өтініші бойынша уәкілетті органмен (аудандық жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен) жүргізіледі.
      Өтінішке Ведомствоаралық психологиялық-медициналық педагогикалық комиссия беретін, мүгедек бала үйде тәрбиелеу және оқытудың қажеттілігі туралы анықтама қоса беріледі.
      Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек осы көмекті тағайындау жөніндегі өтініш берілген айдан бастап және Ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия анықтамасымен белгіленген мерзімге тағайындалады.
      Материалдық көмектің тағайындау мен төлемнің тоқтатылуына немесе қайта жаңартылуына әкеліп соғатын жағдайлар туындаған кезде (бала өлімі, интернат-үйіне жіберу, түрғылықты жерді ауыстыру және т.б.), көмек тағайындалуы және төлемі тиісті жағдайлар туындаған кезден кейінгі айдан бастап тоқтатылады немесе қайта жаңартылады.
      Материалдық көмек алушылар, көмек алу құқығына әсерін тигізе барлық өзгерістер жөнінде тиісті уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
      Болған өзгерістер туралы мәліметтер бермеген жағдайда, алынған сомалар заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарылады.
      Тиісті уәкілетті орган, түскен күннен бастап материалдық көмек тағайындау жөніндегі барлық қажетті құжаттармен бірге өтінішті,10 күн мерзімінде қарайды.
      Тиісті уәкілетті орган, материалдық көмек тағайындалмайтын жағдайда,қабылданбаған себептері мен шағымдану тәртібі көрсетілген шешім шығарылғаннан кейін, өтініш берушіге барлық құжаттарын қайтарып береді.
      Уәкілетті органның шешімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес шағымдалуы мүмкін.
      Материалдық көмек тағайындау жөніндегі өтініш,сондай-ақ мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімі барлық қажетті құжаттармен бірге алушының жеке ісінде сақталады.

З. Қаржыландыру және төлеу тәртібі

      Аудандық жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ағымдағы айдың 20 жұлдызына дейін төлеу үшін, ведомость-тізімдердің негізінде қаржы бөліміне қажеттілік - өтінімін үсынады.
      Қаржыландыру уәкілетті органның бюджеттік есебіне түскеннен кейін, өтінімдерге сәйкес және Агенттік келісімі негізінде, "Казпошта" акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы аудандық байланысы торабына, ақшалай қаражаттарды аудару жүзеге асырылады.
      "Казпошта" акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облыстык филиалы аудандық және қалалық байланыс тораптары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған, бірінші басшы қол қойған, ведомость - тізімдердің негізінде төлем жүргізеді.
      Материалдық көмектің төлемі өткен айға жүргізіледі.
      Аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы С. Тәтиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады