Бородулиха ауданының аумағында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда нүктелерін, алаңдардың орынын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2008 жылғы 28 тамыздағы N 8 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2008 жылғы 6 қазанда N 5-8-65 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппаратының 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 912 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппаратының 2009.04.28 N 912 қаулысымен.
 
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4)5) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсанындағы № 361 "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңының 3-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, жоқ тауарларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бородулиха ауданының аумағында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын алаңдарды, уақытша сауда нүктелері бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
      2. Бородулиха ауданының кәсіпкерлік бөлімі маусымдық сипаттағы азық-түлік өнімдерін сату үшін тиісті шаралар қолданып, кәсіпкерлердің арасында жеміс-көкөніс өнімдерін жергілікті базарларға және сауда алаңдарына жеткізуді ұлғайтуға және қол жетімділікті кеңейтуге ықпал ететін қажетті түсіндіру жұмысын ұйымдастырсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары В.Н.Халинға жүктелсін.
      4. Осы қаулы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі                                      Т. Қасымов

      "Бородулиха ауданының аумағында
      жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін
      сататын уақытша сауда нүктелерін,
      алаңдардың орынын бекіту туралы"
      Бородулиха ауданы әкімдігінің
      2008 жылғы 28 тамыз № 8
      қаулысына қосымша

      Бородулиха ауданы аумағында жеміс-көкөніс және
      бақша өнімдерін сататын сауда нүктелерінің тізбесі

р/с Мекен-жайы Саны

1

Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік даңғылы (автокөлікпен сауда) – "Мадина" сауда базарының жанында

4

2

Новая-Шульба ауылы, Гагарина көшесі "Надежда" дүкенінің жанында (автокөлікпен сауда)

4

3

Ново-Покровка ауылы "Надежда" дүкенінің жанында (автокөлікпен сауда)

3

4

Жезкент кенті "Дружба" дүкенінің жанында (автокөлікпен сауда)

4


Барлығы:

15


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады