Байланыс формасы

Жалпы пайдаланымдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы белдеулерде және елді мекендердегі орналастырылатын сырттағы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру үшін төлем ставкасы туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2008 жылғы 11 шілдедегі N 7-5/1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 15 тамызда N 5-11-82 тіркелді. Күші жойылды - Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 13-3/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Зайсан аудандық мәслихатының 2009.04.23   N 13-3/5 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазакстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-II Заңының 6 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 маусымдағы № 209-II Салық Кодексінің 491 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» № 508 Заңының 11,12 бабтарына және «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама обьектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 Қаулысына сәйкес аудандык мәслихат сессиясы шешті:
      1. Жалпы пайдаланымдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы белдеулерде және елді мекендердегі орналастырылатын сырттағы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру үшін ай сайынғы төлем ставкасы жарнамалардың аумағына сәйкес төмендегідей болып белгіленсін:
      1). Мәлімет тақтасы көрсеткіш жарнамалар 2 шаршы метрге дейін көрсеткіш - 1 айлық есептік көрсеткіш
      2) Лайтбокс \сити- формат\ 1,5 айлық есептік көрсеткіш
      3) Мәлімет жарнама тақтасы 2 шаршы метрден 5 шаршы метрге дейін - 2 айлық есептік көрсеткіш
      4) Мәлімет жарнама тақтасы 5 шаршы метрден 10 шаршы метрге дейін - 2,5 айлық есептік көрсеткіш
      5) Мәлімет жарнама тақтасы 10 шаршы метрден 20 шаршы метрге дейін -5 айлық есепті көрсеткіш
      6) Мәлімет жарнама тақтасы 20 шаршы метрден 30 шаршы метрге дейін - 7,5 айлық есептік көрсеткіш
      7) Мәлімет жарнама тақтасы:
      30 - дан 50 шаршы метрге      - 12,5 айлық есептік көрсеткіш
      50 - дет 70 шаршы метрге      - 17,5 айлық есептік көрсеткіш
      70 шаршы метрден жоғары       - 25 айлық есептік көрсеткіш
      8) Ғимараттар төбесінде орналасқан неондық жарнама тақтасы:
      30 шаршы метрге дейін         - 7,5 айлық есептік көрсеткіш
      30 шаршы метрден жоғары       - 12,5 айлық есептік көрсеткіш
      9) Палаткадағы, тудағы, тенттағы, қалқадағы, шатырдағы т.б жарнама тақталарға:
      5 шаршы метрге дейін          - 0,5 айлык есептік көрсеткіш
      5 шаршы метрден 10 шаршы метрге дейін - 1 айлық есептік көрсеткіш
      10 шаршы метрден жоғары      - 2,5 айлық есептік көрсеткіш жарнамаларға:
      2 шаршы метрге дейін - 0,25 айлық есептік көрсеткіш
      2 шаршы метрден 5 шаршы метрге дейін - 0,75 айлық есептік көрсеткіш
      5 шаршы метрден 10 шаршы метрге дейін - 1 айлық есептік көрсеткіш
      10 шаршы метрден жоғары      -2,5 айлык есептік көрсеткіш
      11) Бір жақты автокөліктегі сыртқы жарнамалар үшін \әрбір көлікке:
      Автобус, троллейбус, жүк көліктері \1,5 тн жоғары\т.б үшін - 5 айлық есептік көрсеткіш
      Микроавтобус, такси, жеңіл автокөліктер \1,5 тн дейінгілер\ - 1,25 айлық есептік көрсеткіш
      12) Автокөліктер үстінде бір жағына орналасқан құрылымдағы жарнамаларға:
      2 шаршы метрге    - 1 айлық есептік көрсеткіш
      5 шаршы метрге    - 5 айлық есептік көрсеткіш
      5 шаршы метрден 10 шаршы метрге дейін -15 айлық есептік көрсеткіш
      10 шаршы метрден 20 шаршы метрге - 25 айлық есептік көрсеткіш
      20 шаршы метрден 40 шаршы метрге дейін - 30 айлық есептік көрсеткіш
      40 шаршы метрден жоғары   - 50 айлық есептік көрсеткіш
      13) Шығарылып қойылатын жарнамалар үшін - 2,5 айлық есептік көрсеткіш
      2. «Жалпы пайдаланымдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы белдеулерде және елді мекендердегі орналастырылатын сырттағы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру үшін төлем ставкасы туралы» аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 4 сәуірдегі 9 27-II (Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылы 6 мамырда тіркелген, тіркеу № 1230. Аудандык «Достық» газетінің № 21 санында 2003 жылғы 19 мамырда жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан бастап 10 күнтізбелік күннен кейін колданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сесиясының төрағасы                М.Ш. Бошақов

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                            Н.Қ. Бейсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады