"Тұрғын үйді ұстау, коммуналдық және байланыс қызметтерінің төлеміне тұрғын-үй көмегін беру туралы" Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2008 жылғы 21 сәуірдегі N 5-50-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 21 мамырда N 5-18-65 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Үржар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 19-192 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Үржар аудандық мәслихатының 2010.04.19 N 19-192 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Қазақстан Республикасы Заңыңың 6 бабына және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасыңың 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Тұрғын үйді ұстау, коммуналдық және байланыс қызметтерінің төлеміне тұрғын-үй көмегін беру туралы» Ережесі бекітілсін. (Қоса берліген)
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                           А. Оспанов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                 М. Бытымбаев

Үржар аудандық мәслихатының
2008 жылғы 21 сәуірдегі
№ 5-50- IV шешіміне
Қосымша

Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық және байланыс қызметіне
ақы төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережелері

I. Жалпы жағдайлар.

      1. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметіне ақы төлеуге тұрғын үй көмегін беру ережелері (бұдан әрі - ережелер) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарына, 2006 жылғы 15 маусымдағы № 553 «Қазақстан Республикасының тұрғын үй коммуналдық саланы дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламалар бекіту туралы» қаулыларына сәйкес жасалған.
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тұрғындарды әлеуметтік қорғау түрлерінің бірі:
      Тұрғын үй көмегі осы жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйге меншік иесі (жалдаушы) болып табылатын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (көп пәтерлі) ұстауға, коммуналдық, байланыс қызметтеріне кеткен шығынды төлеу үшін жергілікті бюджет есебінен беріледі. Бұндай жағдайда пешпен жылитын жеке меншік үйде тұратын азаматтардың абоненттік төлем ақысының ұлғаюына байланысты жергілікті атқару органдары белгілеген шығын деңгейінен асатын көлемде сатып алынған көмірі үшін бір жолғы өтемақы түрінде төленеді. Тұрғын үй көмегінің мөлшері үй иесінің (жалдаушының) нақты төлемінің арасындағы айырмашылық ретінде немесе қызмет берушілердің тұрғын үй иелеріне (жалдаушыларға) тұрғын үйді ұстауға, шекті нормамен нормативтер және осы отбасының бұл мақсаттар үшін жергілікті атқарушы орган белгілеген шығындарының шектеулі деңгейі мөлшерінде берген шоттарына есептеледі.
      3. Тұрғын үй көмегін тағайындауда отбасы құрамындағы бірге тұратын ерлі- зайыптылар, олардың балалары, аталары, апалары, немерелері, асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар ескеріледі.
      4. Тұрғын үй көмегін алуға құқы жоқ отбасылар:
      а) Егер оларда жұмыс істемейтін, өз бетінше жұмыспен қамтылмаған, жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органда тіркелмеген, 50 жасқа толған (жынысына байланыссыз) адамдардан басқа еңбекке жарамды азаматтар болса, I және II топтардағы
мүгедектерге күтім жасайтын адамдар, 16 жасқа дейінгі бал жастан мүгедектер, 80 жастан асқан қарттар, 1 айдан астам уақыт жатып немесе жатпай емделетін адамдар; 3 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатындар, сондай - ақ 18 жасқа дейінгі 4 және одан
да көп бала тәрбиелеген аналар, мүгедектікке жатпаған өкпе ауруы, наркологиялық, ісік аурулары есебінде тұратын азаматтар, кемінде 8 апталық жүктіліктегі әйелдер (емдеу мекемесінен анықтама ұсынған жағдайда) болуы.
      б) Егер меншігінде бірден артық тұрғын үйі немесе тұрғын үйлерді жалға беретін меншік иелері болса.
      5. Ешқандай себепсіз ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға, оқытуға немесе қайта даярлауға қатысуды өз еркімен тоқтатқан жұмыссыздар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      6. Тұрғын үй көмегін алуға құқы бар отбасы мен адамдар кондоминимумның жалпы мүліктерін жөндеуге кеткен шығынды төлеу құқы бар.
      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімгері жергілікті атқарушы органнның әлеуметтік қорғау органы (бұдан әрі өкілетті орган) болып табылады.

II. Тұрғын үй көмегін беру тәртібі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тұлға (бұдан әрі - арызданушы) өз атынан немесе отбасы атынан өкілетті органға келіп белгіленген үлгідегі бланкілерді (№ 1 қосымша) алады, оған төмендегідей құжаттарды қосымша қосады.
      - тұрғын үй көмегін алушының жеке басын куәләндыратын құжаты (көшірмесі);
      - салық төлеушінің жеке нөмірі (СТН) (көшірмесі);
      - меншік иелігіндегі әділет огандары берген тұрғын үйдің саны туралы № 1 ақпараттық анықтама;
      - тұрғын үйдің құқын белгілейтін құжаттар (үйдің техникалық төлқұжаты, жалдау келісім шарты) (көшірмесі);
      - азаматтарды тіркеу кітабы (көшірмесі);
      - тұрғын үйді ұстау, коммуналды қызметті тұтыну үшін төлем жөніндегі мәліметтер; ауылдық округ беретін көмірді сатушы, сатып алынған көмірдің мөлшері және оның құны көрсетілген көмірді сатып алу туралы акт;
      - егер отбасында жұмыссыз адам тұратын жағдайда жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті орган берген анықтама;
      - отбасының барлық кірістері жөніндегі (өткен тоқсандағы) анықтама, жеке қосымша шаруашылығы турасындағы мәліметтер;
      9. өкілетті органның есеп - анықтама шешімі тұрғын үй көмегін көрсету үшін негіз болады.
      10. Кондоминимумының жалпы мүліктеріне жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары шығыны өтемін алу үшін төмендегі құжаттар ұсынылады ;
      - тұрғын үйді ұстауға, соның ішінде жөндеуге ай сайынғы және бағалар жиынтығы мөлшерін анықтайтын пәтер иелерінің жалпы жиналысы шешімінің үзіндісі (көшірмесі);
      - тұрғын үй иелері, кооперативтер және жөндеу жұмыстарын атқарып арасында жасалған кондоминимумның жалпы мүліктерін жөндеуді жүргізу келісім шарты (көшірмесі);
      - жергілікті атқарушы органдармен (тұрғын үй коммуналдық шаруашылық немесе құрылыс бөлігі) келісілген кондоминимум объектілерінің жалпы мүліктерін жөндеуді өткізуге жасалған смета (көшірмесі);
      - кондоминимумның жалпы мүліктерін жөндеуде атқарылған жұмыстардың актісі (көшірмесі);
      11. Кондоминимум объектілерінің жалпы мүліктерін жөндеудің кейбір түрлерін өткізу кезегі пәтер иелерінің жалпы жиналысында белгіленеді ( іргетасы; сыртқы қабырғалары; тіреу құрастырмалар; шатыр;баспалдақтар (алаңшалар,марштар) және ішкі қабырғалар. Күрделі жөндеуді қажет ететін үйлердің тізімін тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі ұсынады.
      12. Тұрғын үйді ұстаудың ай сайынғы төлемі, пайдалы бір шаршы метрдің құрамына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын қос отырып, пәтер (жай) иелері -тұрғындардың жалпы жиналысында
      13. Тұрғын үй көмегі төлемі қаржыны алушының жеке сақтық шотына аудару жолымен 2-ші деңгейдегі банктер немесе кондоминимум объектілерін басқару органдары өкілетті органға атқарылған жұмыстардың қабылдау актісін ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылады.
      14. Жеке сақтық шоттарының қаржысы күрделі жөндеуге бекітілген сметаға сәйкес мақсатты пайдаланылуы тиіс. Банк шоттарынан ақша аудару пәтер иесімен мердігердің арасындағы жалпы жиналыста бекітілген келісім шартқа сәйкес мердігердің есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.
      15. Жалғыз басты зейнеткерлерді, мүгедектерді, ерлі-зайыпты мүгедектерді, мүгедектер отбасыларын, қамқорлығында тұлдырд жетім балалары бар, 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп бала тәрбиелеген отбасыларының құқын анықтау және тұрғын үй көмегін есептілерді кірістерден тиісті жылға белгіленген 2 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде шегеріледі.

III. Тұрғын үйді ұстаудың және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері

      16. Өтемақылық мөлшермен қамтамасыз етілетін тұрғын үй нормалары отбасының әр мүшесіне берілетін тұрғын үй заңнамасымен белгіленген нормаға сәйкес және бір кісіге пайдалы алаңның 15 шаршы метрден кем емес, 18 шаршы метрден жоғары емес көлемде құрайды.

IV. Отбасының жиынтық табысын есептеу.

      17. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасының жиынтық кірісін тұрғын үй көмегін белгілейтін уәкілетті орган белгілейді.
      18. Отбасының жиынтық табысын есептеген кезде төмендегілерден басқа барлық кірістің түрі ескеріледі:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) 18 жасқа дейінгі балалары барларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      3) тұрғын үй көмегі;
      4) жерлеуге бір жолғы жәрдемақы;
      5) бала тууына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      6) Есепті кезеңде қаржылай немесе зат түрінде көрсетілген (құндық бағамен) жалпы сомасы белгіленген өмір сүру деңгейі көрсеткішінен төмен қайырымдылық көмектер.
      7) өз ісін ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға материалдық көмек;
      8) қамқоршының кірісі (қамқордағы балаларға жәрдемақы тағайындаған кезде)
      9) білім беру заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарына көрсетілетін ақысыз тамақтану және көмек;
      19. Тұрғын үй көмегін тағайындауда отбасының өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстар есепке алынады.
      20. Жеке қосалқы шаруашылықтан, бау-бақшадан, кіріс, өнімді бір немесе одан да көп мал басы бар болған жағдайда жиынтық кірісті есептеу Ережелеріне сәйкес (4-қосымша) тоқсанына 4 ең төмен есепті көрсеткіш көлемінде ескеріледі;

V. Тұрғын үй көмегін тағайындау.

      21. Азаматтардан түскен кондоминимум объектілерінің жалпы мүліктеріне жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарына тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініштерді қарау үшін уәкілетті орган жанынан үнемі жұмыс істейтін аудандық комиссия құрылады.
      22. Комиссия тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім
      23. Берілген аппарат күмән тудырған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындайтын маман отбасының кірістері туралы қосымша құжаттарды талап етуге құқылы. Жеке немесе заңды тұлғалар сенімді мәлімет бермесе оларға тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. Көтеріңкі немесе заңсыз тұрғын үй көмегінің тағайындалуына әсер еткен көрінеу жалған мәлімет берген меншіктенуші (жалдаушы) толығымен өз еркімен
орнын толтырады немесе Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен өндіріп алынады.

VII. Тұрғын үй көмегінің көлемі.

      24. Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншіктенушінің өтемдік шараларымен қамтамасыз етілген нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
      Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді қолданудың тарифтік көрсеткіші заңды түрде бекітілмегендіктен, тұрғын үй көмегі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің келісімімен пәтер иелерінің жалпы жиналысында бекітілген тарифтік көрсеткіш бойынша есептеледі.

Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формула:

      П - МСПЖ -(t,х,д)
      П - тұрғын үй көмегінің мөлшері
      МСПЖ - тұрғын үйге ең жоғары әлеуметтік төлем
      t - тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (11%)
      д- отбасының жиынтық табыстары
      25. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасына (азаматына) алатын көлеміне жалпы үй мүлігіне сәйкес үлесінде және шығындарды өтеу 100 % көлемінде жүзеге асырылады.

VIII. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу.

      26. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыруға сәйкес қаржы жылына жергілікті атқарушы орган бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      27. Тұрғын үй көмегін төлеу есептеген сомаларды ағымдағы немесе жинақтаушы шоттарға аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер бөлімшелері арқылы немесе кондоминимум объектісін басқару органдары арқылы немесе қызмет көрсетушілердің есеп айырысу шоттары арқылы жүзеге асырылады.

Тұрғын үйді ұстауға,
коммуналдық және байланыс
қызметіне ақы төлеуге тұрғын
үй көмегін беру Ережесіне
1 қосымша

Тұрғын үй көмегін тағайындау жөнінде
Ө т і н і ш

      Мен                                             
                аты- жөні (үй иесі) туған жылы
                                                      
              құжат №, жеке куәлігі, кім берді, СТН
      Менің жанұяма тұрғын үй көмегін тағайындауды өтінем, жанұямның құрамы   адам, мекен жайым төмендегідей
                                                      

Тұрғын үйді күтуге кеткен және телефон байланысын қосуға кеткен шығын.

      Тұрғын үй көмегін заңсыз немесе артық тағайындауды тудырған жалған мәлімет берген жағдайда бір жылға дейін тұрғын үй көмегін алу құқынан айырылатыны және заңсыз алынған соммалар занды түрде қайтарылатыны туралы ескертілді. Керекті құжаттар қоса ұсынылып отыр. Банктегі есеп шоттың №       

      Ұсынылған құжаттардың сенімділігі туралы жауапкершілік жөнінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 177 б. 1 тарм. және 325 б. 3 тарм. таныстым.
      Қолы             
                       
                       

Отбасының барлық әрекет қабілеттілігі бар мүшелері қол қояды

Күні «  »          20  жыл

      Құжаттарды қабылдадым.

Тұрғын үйді ұстауға,
коммуналдық және байланыс
қызметіне ақы төлеуге тұрғын
үй көмегін беру Ережесіне
2 қосымша

Үржар ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

      Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы комиссия
      «  »          2008 жыл №      Шешімі

      Аты-жөні                                          

      Мекен жайы                                        

      Статус                                            

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес

200 жылғы            айына                теңге тағайындалсын.

Тіркеу №                
                        

      комиссия төрағасы                  
      комиссия мүшелері                  
                                         
                                         

М. О.
 
 

қосымша № 3

1. Үржар аудандық 2008 жылға арналған пеш арқылы жылынатын тұрғын үйді ұстаудың
ӘЛЕУМЕТТІК МӨЛШЕРІ

      Тұрғын үй алаңының нормасы:
      1 адамға  - 18 ш.м.
      2 адамнан тұратын отбасына - 27 ш.м.
      3 адамнан тұратын отбасына - 36 ш.м.
      4 адамнан тұратын отбасына - 45 ш.м.
      5 және одан артық адам тұратын отбасына - 54 ш.м.

      Электр куатын тұтыну нормасы:
      1 адамға - 52 квт
      2 адамнан тұратын отбасына - 72 квт
      3 адамнан тұратын отбасына - 100 квт
      4 адамнан тұратын отбасына - 120 квт
      5 және одан артық адам тұратын отбасына - ІЗОквт

      Байланыс қызметі:
      Телефон - белгіленген тарифке сәйкес

      Көмір шығының мөлшері:
      Үйдің тұрғын алаңының 1 шаршы метріне 129,8 кг., барлығы 5000 кг аспауы тиіс.

2. Үржар аудандағы 2008 жылға арналған суық сумен
қамтамасыз етілген тұрғын үйді ұстаудың
ӘЛЕУМЕТТІК МӨЛШЕРІ

      Тұрғын үй алаңының нормасы:
      1 адамға - 33 ш.м.
      2 адамнан тұратын отбасына - 51 ш.м.
      3 адамнан тұратын отбасына - 54 ш.м.
      4 адамнан тұратын отбасына - 72 ш.м.
      5 және одан артық адам тұратын отбасына - 90 ш.м.

      Электр қуатын тұтыну нормасы:
      1 адамға - 52 квт
      2 адамнан тұратын отбасына - 72 квт
      3 адамнан тұратын отбасына - 100 квт
      4 адамнан тұратын отбасына - 120 квт
      5 және одан артық адам тұратын отбасына - ІЗОквт

      Суық суды тұтыну нормасы:
      1 адамға - 202 тенге
      2 адамға - 404 тенге
      3 адамға - 606 тенге
      4 адамға - 808 тенге
      5 және одан артық адамға - 1010 тенге

4 қосымша

Өнімді пайдалану үшін үйдегі мал мен құстың жасы

Малдардың түрі

Өнімді жағдайға жеткен жас мал мен құстың жасы

Ірі қара мал

25

Қой және ешкі

12

Шошқа

10

Жылқы

16

Түйе

18

Құс

8

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады