Байланыс формасы

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау және фармацевтикалық, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2008 жылғы 8 шілдедегі N 6-69-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 12 тамызда N 5-18-67 тіркелді. Күші жойылды - Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 09 шілдедегі N 4-41/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар аудандық мәслихатының 2012.07.09 N 4-41/V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6 бабы 9 тармағына, Қазақстан Республикасындағы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 193-IV кодексінің 182 бабының 3 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Үржар аудандық мәслихатының 2010.04.19 № 19-198-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау және фармацевтикалық, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу Нұсқаулығы бекітілсін.
      2. Аталған шешім ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                            Б. Турлина

      Үржар аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        М. Бытымбаев

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін
мемлекеттік денсаулық сақтау және фармацевтикалық,
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт
ұйымдарының мамандарына бір жолғы отын сатып алу жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

      1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджеттік Кодексінің, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» және Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430 Заңдарының жүзеге асыруын бағыттап жасалған.
      2. Жыл сайынғы бір жолғы әлеуметтік көмек 5 (бес) АЕК (айлық есептік көрсеткіш) ақшалай төлем мөлшерінде көрсетіледі.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Үржар аудандық мәслихатының 2011.08.26 № 30-325-IV шешімімен.
      З. Әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмекті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы тағайындайды. Ол үшін төмендегідей құжаттар ұсынылады:
      З.1. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш.
      3.2. Мекеме басшысының қолымен бекітілген мамандардың тізімі.
      З.З. Азаматтарды тіркеу кітабы.
      4. Осы нұсқаулыққа сәйкес әлеуметтік көмек бірге тұратын екі немесе одан да көп адамдардың әрқайсысына жеке төленеді.
      5. Әлеуметтік көмек төлеу есептелген сомаларды алушының ағымдағы немесе жинақтаушы шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер бөлімшелері арқылы жүргізіледі.
      6. Әлеуметтік сала мамандарына көрсетілетін әлеуметтік көмекті қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен белгіленген тәртіп бойынша, қаржылық жылында осы мақсатқа қарастырылған тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      7. Әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек төлеуге бақылау және есебін жүргізу жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органына жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады