Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3 -ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы N 9/4-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 1 шілдеде N 5-19-77 тіркелді. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 28/5-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010.04.16 N 28/5-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазакстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949, «Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2006 жылғы 15 маусымдағы № 553 қаулыларына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шемонаиха аудандық мәслихатының «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы»  (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-19-71 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 7 наурыздағы «Уба-Информ» газетінің № 10 санында жарияланған) 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3-IV  шешіміне, Шемонаиха аудандық мәслихатының 2008 жылғы 15 сәуірдегі «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұскаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3-ІҮ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 8/4-ІV шешімімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-19-76 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 23 мамырдағы «Уба-Информ» газетінің № 21 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-бөлімнің 1-тармағы «Жалпы ережелер» жаңа редакцияда жазылсын:
      «Тұрмысы төмен отбасыларға үйді ұстауға және коммуналдык кызметтерді қолдануға көмек көрсетіледі (бұдан әрі - тұрғын үй көмегі). Осы Нұсқаулықтың 4 тармағына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқылы отбасылар қалалық телекоммуникация желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы және кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге тұрғын үй көмегін алуға қүқылы».
      6-бөлім «Тұрғын үй көмегінің қаржыландырылуы және төлемі» жаңа редакцияда жазылсын:
      «Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмекті қоса алғанда тұрғын үй көмегі бюджет қаржысы есебінен көрсетіледі. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктерін жөндеуге көмекті қоса алғанда тұргын үй көмегін төлеу екінші дәрежелі банктер арқылы жүзеге асырылады, «Қазпочта» акционерлік қоғамы, алушының жеке шотына аудару жолымен».
      «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулық» мынадай мазмұндағы 8-бөліммен толықтырылсын: 8-бөлім «Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарының шығындарын өтеу тәртібі. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне толық жөндеу жұмыстарын жүргізуге тұрғын үй көмегін алуға құқылы отбасылар, осы Нүсқаулықтың 19-тармағында қарастырылған құжаттардан басқа, анықталған үлгідегі өтініш келесі құжаттармен қосымша тапсырылады:
      1) кондоминиумның ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жүмыстарын жүргізуге нысаналы алымдар төлеудің түбіртегі (көшірмесі);
      2) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге нысаналы алымдар мөлшерін анықтайтын пәтер иелерінің жалпы жиналысының шешімінен үзінді (көшірмесі);
      3) тұрғын үй иесі, кондоминиум және жөндеу жұмыстарын жүргізуші ұйым арасындағы кондоминиумның ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жүмыстарын орындауға жасалған шарт (көшірмесі);
      4) кондоминиумның ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жүмыстарының жүргізілгендегі туралы қабылдау-тапсыру кесімі (көшірмесі).
      Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне толық жөндеу жүмыстарына тұрғын үй көмегі жалпы жиналыста осы мақсатқа белгіленген шығындардың 100 пайызы мөлшерінде жүргізіледі. Кондоминиум объектісінің органы нысаналы алымдардың және шығындалған қаражаттың сомаларын анықтауға жауапты».
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейінгі 10 күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                      Н.М. НАГОРНЯК

      Шемонайха аудандық
      мәслихатының хатшысы                 Ә.О. БАЯНДИНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады