"Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін" бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазастан облысы Қаратөбе аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 6 наурыздағы N 4-9 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 20 наурызда N 7-9-60 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымдағы № 3-5 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 21.06.2012 № 3-5 шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен "Ветеринария туралы" Заңның 10 бабына енгізілген өзгерістерді басшылыққа алып аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесі" қосымшаға сай бекітілсін.

      2. Осы шешім қабылдануына байланысты аудандық мәслихаттың 7 мамыр 2007 жылғы N 34-2 "Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың ережесін бекіту туралы" шешімі (тіркеу N 7-9-43 25 мамыр 2007 жыл "Қаратөбе өңірі" газетінің 15 маусым 2007 жылғы N 24 санында жарияланған) күшін жойды деп танылсын.

      3. Аудандық мәслихаттың 24 желтоқсан 2007 жылғы N 3-10 "Аудандық мәслихаттың 7 мамыр 2007 жылғы N 34-2 "Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімі жойылды деп танылсын.

      4. Қабылданған шешім ресми жария етілген күннен бастап күшіне енеді.

      Сессия төрағасы Қ.Жұмағалиев
      Аудандық мәслихат хатшысы Т.Сағынов

  Қаратөбе аудандық мәслихатының
6 наурыздағы 2008 жылғы
N 4-9 шешімімен бекітілген
қосымша

Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді
және мысықтарды күтіп ұстаудың
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже

      Ереже 10 шілде 2002 жылғы "Ветеринария туралы" және 10 қаңтар 2006 жылғы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің ара жігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына және 30 қаңтар 2001 жылғы Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сүйеніп жасалды.

      1.1. Үй жануарлары сатып алынғаннан кейін жергілікті өкілетті органда тіркелуге, сондай-ақ жыл сайын қайта тіркеліп, қауіпті жұқпалы ауруға қарсы егуден өткізіліп, жергілікті мал дәрігерлік емханаларда паразиттік ауруларға қарсы алдын-алу шаралары мен диагностикалық зерттеуден өтуге тиіс.

      1.2. Тіркеу куәлігі болмаса көрмеге, басқа да байқауларға қатысуға тиым салынады.

      1.3. Үй жануарларын сатып әкелу және әкету белгіленген үлгідегі ветеринариялық куәлігі болған жағдайда ғана ұлықсат етіледі.

      1.4. Үй жануарлары жұқпалы ауруларға ұшыраса немесе оны ұстау жағдайы айналадағы адамдарға қауіпті болса, Мемлекеттік ветеринариялық қызметінің шешімімен иесінен алынып бөлек ұсталады.

      1.5. Жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленетін аурулары пайда болған жағдайда ауданның мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органның шешімімен шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленеді.

      1.6. Ветеринариялық іс-шаралар кешені өткізілген жағдайда шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімді ауданның мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы орган қабылдайды.

      1.7. Ұрыскер иттерді серуендетуге арнайы орын белгіленуі керек және оларды қызық үшін әдейі төбелестіруге рұқсат етілмейді.

      1.8. Бұл Ереже Қаратөбе ауданының барлық үй жануарлары иелеріне,сондай-ақ меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысты.

2. Үй жануарлары иелерінің міндеттері

      2.1. Үй жануарларын (ит, мысық) жайлы орындарда, санитарлық жағдайда ұстауға,қараусыз қалдырмауға,ауырып қалса ветеринарлық дәрігерге апаруға.

      2.2. Мемлекеттік ветеринарлық мекеме қызметкерлерінің талабы бойынша үй жануарларын (ит, мысық) байқау, диагностикалық зерттеу және емдеу-профилактикалық шаралар жүргізу үшін тиісті орынға апаруға.

      2.3. Адамды,малды ит қауып алған жағдайда таяудағы медициналық, ветеринарлық мекемелерге хабарлап,иттерді ветеринариялық дәрігерге қаратуға, карантин қою үшін апаруға.

      2.4. Үй жануарларының мүрдесін кез келген жерге тастауға немесе көмуге болмайды, тек қана мал моласына апаруға. Көлік жалдау шығындары мал иесінің есебінен өтеледі.

      2.5. Барлық иттерді қоғамдық орындарда, саябақтарда, көшеде, тұрғын үй, мектеп және балалар мекемелерінің маңында қысқа тізгінмен, ауызын тұмшалап, мойнындағы қарғы баумен ұстауға.

3. Ветеринария туралы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық

      3.1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы Заңдарының бұзылуына кінәлі үй жануарларының (ит, мысық) иелері Қазақстан Республикасының 30 қаңтар 2001 жылғы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сай жауапты болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады