Байқаудан өткізушілерді аттестаттау ережесін, тұқым сарапшыларын аттестаттау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 ақпандағы N 90 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 125 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 16 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5591 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы , 1-тармағы, 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Байқаудан өткізушілерді аттестаттау ережесі;
      2) Тұқым сарапшыларын аттестаттау ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Премъер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23
ақпандағы N 90 "Апробаторларды және тұқым сарапшыларын аттестаттау
(қайта аттестаттау) ережелерін және апробатор куәлігі және тұқым сарапшысы куәлігі бланктерінің нысандарын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2739 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., N 25-28, 948-бет) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Егіншілік және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті (Буць А.А.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он
күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                        А. Күрішбаев

                                        Қазақстан Республикасы
                                     Ауыл шаруашылығы министрінің
                                        2009 жылғы 4 наурыздағы
                                      N 125 бұйрығымен бекітілген

Байқаудан өткізушілерді аттестаттау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы байқаудан өткізушілерді аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2003 жылғы 8 ақпандағы "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленген, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттық егістерін сынақтан өткізуді жүргізу құқығына жеке тұлғаларды аттестаттау (қайта аттестаттау) тәртібін және шарттарын регламенттейді.
      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) егістерді байқаудан өткізу - ауыл шаруашылық өсімдіктері егістерінің сорттық сапаларын: сорттық тазалығын, сортқа тәнділігін, арамшөптер басу, ауруға шалдығу және зиянкестерден бүліну дәрежесін анықтау;
      2) аттестаттау - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субьектісінің мәртебесіне сәйкестігін анықтау (растау);
      3) өтінім беруші — байқаудан өткізуші мәртебесін алуға үміткер жеке тұлға;
      4) аттестаттау туралы куәлік - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы берген тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субьектілердің қызметін мемлекеттің тануын куәландыратын құжат.
      3. Байқаудан өткізуші мәртебесін алуға үміткер өтінім берушілер осы Ережемен белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес болулары тиіс.

2. Байқаудан өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптары

      4. Байқаудан өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптарға:
      1) аграрлық бейіндегі немесе өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу жөніндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе ортадан жоғары білімі болуы;
      2) арнайы дайындығы туралы құжаттың болуы (байқаудан өткізуші курстары).
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009.12.08 № 703 Бұйрығымен.

3. Байқаудан өткізушілерді аттестаттау тәртібі

      5. Байқаудан өткізушілерді аттестаттауды (қайта аттестаттауды) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі - облыстың жергілікті атқарушы органы) бұйрығымен құрылған құрамы кемінде бес адамнан тұратын аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады.
      Комиссияның құрамына облыстың жергілікті атқарушы органының, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының, ғылыми және аграрлық саладағы қоғамдық ұйымдардың (келісім бойынша) өкілдері енгізіледі.
      Облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі Комиссияның жұмысшы органы болып табылады.
      6. Аттестаттау (қайта аттестаттау) үшін өтінім беруші Комиссияға мынадай құжаттарды:
      1) белгіленген үлгідегі өтінішті;
      2) өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      3) өтінім берушінің осы Ереженің 4-тармағында баяндалған біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009.12.08 № 703 Бұйрығымен.
      7. Комиссия өтінім берушіден аттестаттауға (қайта аттестаттауға) өтініш түскен күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде тапсырылған құжаттарды зерделейді және осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген барлық құжаттар бар болса, өтінім берушіге аттестаттау жүргізу күні мен орнын хабарлайды.
      8. Байқаудан өткізуші мәртебесін беру үшін аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтінішті қаралудың жалпы мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
      9. Комиссия сұхбаттасу өткізіп және тапсырылған құжаттарды зерделеп өтінім берушінің байқаудан өткізуші мәртебесіне сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы көпшілік дауыспен шешім қабылдайды.
      10. Комиссияның шешімі хаттама түрінде рәсімделеді, оған Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
      11. Комиссияның оң қорытындысын алған өтінім берушіге облыстың жергілікті атқарушы органның бұйрығымен байқаудан өткізуші мәртебесі беріледі және осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау туралы куәлік тапсырылады.
      12. Ереженің 4-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарға сәйкес келмеген және сұхбаттасу барысында теріс қорытынды алған өтінім берушілерге облыстың жергілікті атқарушы органы осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген мерзім ішінде аттестаттау туралы куәлікті беруден бас тартудың себептері жөнінде жазбаша түрде дәлелді жауап береді.
      Аттестаттау комиссиясының шешімі белгіленген заңнамалық тәртіппен шағымданылуы мүмкін.
      13. Байқаудан өткізуші мәртебесі берілгеннен кейін бес жұмыс күн ішінде облыстың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиісті ақпарат жолдайды.
      14. Байқаудан өткізушілерді қайта аттестаттау үш жылда бір рет жүргізіледі.
      15. Қайта аттестаттауға өтінішті осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байқаудан өткізуші аттестаттау туралы куәлігінің қолдануы бітуіне отыз күнтізбелік күннен кем емес мерзімі ішінде беруге тиіс.

                                          Байқаудан өткізушілерді
                                           аттестаттау ережесіне
                                                 1-қосымша

_________________________________________________________________
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органының атауы
_________________________________________________________________
             (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)

ӨТІНІШ

Аттестаттау (қайта аттестаттау) жүргізуді және___________________
(егістіктерін байқаудан өткізу жоспарланып отырған ауыл шаруашылығы өсімдігі)

байқаудан өткізуші мәртебесін беруді сұраймын.

      Жеке тұлға туралы мәліметтер:

      Мекен-жайы:_________________________________________________
__________________________________________________________________
       (индексі, қаласы (ауылы), ауданы, облысы, көшесі, үйдің N, телефоны)

      Қоса беріліп отырған құжаттар:

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
       (байқаудан өткізушілерді аттестаттау Ережесінің 6-тармағына сәйкес)

      20__ жылғы "__"_______

___________________________________________________________________
      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)

Өтініш қарастыруға 20__жылғы "__" қабылданды.

____________________________________________________________________
       (өтінішті қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

                                            Байқаудан өткізушілерді
                                             аттестаттау ережесіне
                                                    2-қосымша

Аттестаттау туралы куәлік N____

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органының_______________
____________________________________________________________________

      20__жылғы "__"__________________ N _______ бұйрығы негізінде

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
       (егістіктерін байқаудан өткізуге рұқсат етілген ауыл шаруашылығы өсімдігі)

сорттық егістерді байқаудан өткізуді жүргізу құқығына байқаудан өткізуші мәртебесі берілген _________________________________берілді.
                             (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органының басшысының Т.А.Ә.

____________________________________________    _______________
                                                    (қолы)

Лауазымы_____________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Берілген күні: 20__ жылғы "___"______

М.О.

200___жылғы "__" дейін күші бар

                                             Қазақстан Республикасы
                                         Ауыл шаруашылығы министрінің                                              2009 жылғы 4 наурыздағы
                                         N 125 бұйрығымен бекітілген

Тұқым сарапшыларын аттестаттау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы тұқым сарапшыларын аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2003 жылғы 8 ақпандағы "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және себу сапасына сараптама жасауды жүргізу құқығына жеке тұлғаларды аттестаттау (қайта аттестаттау) тәртібін және шарттарын регламенттейді.
      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аттестаттау - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субъектісінің мәртебесіне сәйкестігін анықтау (растау);
      2) өтінім беруші - тұқым сарапшысы мәртебесін алуға үміткер жеке тұлға;
      3) аттестаттау туралы куәлік - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы берген тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектілердің қызметін мемлекеттің тануын куәландыратын құжат.
      3. Тұқым сарапшысы мәртебесін алуға үміткер өтінім берушілер, осы Ережемен белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес болулары тиіс.

2. Тұқым сарапшыларына қойылатын біліктілік талаптары

      4. Тұқым сарапшыларына қойылатын біліктілік талаптарға:
      1) аграрлық бейіндегі немесе өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу жөніндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе ортадан жоғары білімі болуы;
      2) көшет материалын және тұқым сапасын сараптау бойынша зертханада жұмыс істеуі немесе тағылымдамадан өтуі туралы (2 айдан кем емес) құжаттың болуы.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009.12.08 № 703 Бұйрығымен.

3. Тұқым сарапшыларын аттестаттау тәртібі

       5. Тұқым сарапшыларын аттестаттауды (қайта аттестаттауды) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі - облыстың жергілікті атқарушы органы) бұйрығымен құрылған құрамы кемінде бес адамнан тұратын аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады.
      Комиссияның құрамына облыстың жергілікті атқарушы органының, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының, ғылыми және ауыл аграрлық саладағы қоғамдық ұйымдардың (келісім бойынша) өкілдері енгізіледі.
      Облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі Комиссияның жұмысшы органы болып табылады.
      6. Аттестаттау (қайта аттестаттау) үшін өтінім беруші Комиссияға мынадай құжаттарды:
      1) белгіленген үлгідегі өтінішті;
      2) өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      3) өтінім берушінің осы Ереженің 4-тармағында баяндалған біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009.12.08 № 703 Бұйрығымен.
      7. Комиссия өтінім берушіден аттестаттауға (қайта аттестаттауға) өтініш түскен күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде тапсырылған құжаттарды зерделейді және осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген барлық құжаттар бар болса, өтінім берушіге аттестаттау жүргізу күні мен орнын хабарлайды.
      8. Тұқым сарапшысы мәртебесін беру үшін аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтінішті қаралудың жалпы мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
      9. Комиссия сұхбаттасу өткізіп және тапсырылған құжаттарды зерделеп өтінім берушінің тұқым сарапшысы мәртебесіне сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы көпшілік дауыспен шешім қабылдайды.
      10. Комиссияның шешімі хаттама түрінде рәсімделеді, оған Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
      11. Комиссияның оң қорытындысын алған өтінім берушіге облыстың жергілікті атқарушы органның бұйрығымен тұқым сарапшысы мәртебесі беріледі және осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау туралы куәлік тапсырылады.
      12. Ереженің 4-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарға сәйкес келмеген және сұхбаттасу барысында теріс қорытынды алған өтінім берушілерге облыстың жергілікті атқарушы органы осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген мерзім ішінде аттестаттау туралы куәлікті беруден бас тартудың себептері жөнінде жазбаша түрде дәлелді жауап береді.
      Аттестаттау комиссиясының шешімі белгіленген заңнамалық тәртіппен шағымданылуы мүмкін.
      13. Тұқым сарапшысы мәртебесі берілгеннен кейін бес жұмыс күн ішінде облыстың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиісті ақпарат жолдайды.
      14. Тұқым сарапшыларын қайта аттестаттау үш жылда бір рет жүргізіледі.
      15. Қайта аттестаттауға өтінішті осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байқаудан өткізуші аттестаттау туралы куәлігінің қолдануы бітуіне отыз күнтізбелік күннен кем емес мерзімі ішінде беруге тиіс.

                                               Тұқым сарапшыларын
                                              аттестаттау ережесіне
                                                    1-қосымша

___________________________________________________________________
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы                           жергілікті атқарушы органының атауы

___________________________________________________________________
                (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)

ӨТІНІШ

Аттестаттау (қайта аттестаттау) жүргізуді және тұқым сарапшысы мәртебесін беруді сұраймын.

Жеке тұлға туралы мәліметтер:

Мекен-жайы:_________________________________________________________
____________________________________________________________________
       (индексі, қаласы (ауылы), ауданы, облысы, көшесі, үйдің N, телефоны)

Қоса беріліп отырған құжаттар:

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
         (тұқым сарапшыларын аттестаттау Ережесінің 6-тармағына сәйкес)

20__жылғы "__"_______

_____________________________________________________________________                  (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)

Өтініш қарастыруға 200__ жылғы "__"___________ қабылданды.

_____________________________________________________________________
       (өтінішті қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

                                                 Тұқым сарапшыларын
                                                аттестаттау ережесіне
                                                       2-қосымша

Аттестаттау туралы куәлік N

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органының_______________
____________________________________________________________________

200__жылғы "__"_____________________ N бұйрығы негізінде

ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және себу сапасына сараптама жүргізу құқығына тұқым сарапшысы мәртебесі берілген

_____________________________________________________________берілді.               (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органының басшысының Т.А.Ә.

___________________________________________________     ______
                                                        (қолы)

Лауазымы_____________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Берілген күні: 20__ жылғы "__"________

М.О.

20___жылғы "__"_________ дейін күші бар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады