Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы N 57-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5602 болып енгізілді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.12.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.12.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті (А.В. Шкарупа) осы бұйрықты заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары екі апта мерзім ішінде асыра пайдаланғаны үшін ең жоғары тариф бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамасын анықтасын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Н. Алдабергенов

  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2009 жылғы 20 ақпандағы
№ 57-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына
тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 29.12.2017 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 124-5-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.08.2022 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) босату тарифі – энергиямен жабдықтаушы ұйым электр энергиясын өткізу үшін қолданылатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы;

      2) ең жоғары тариф – жеке тұлғалар үшін электр энергиясын тұтыну шамасынан тыс тұтынылатын электр энергиясына тариф;

      3) ең төмен тариф – жеке тұлғалар үшін электр энергиясын тұтыну шамасы шегінде тұтынылатын электр энергиясына тариф;

      4) есептеу аспабы көрсеткіштерінің есептік мәні – есептеу аспабы уақытша болмаған не нақты көрсеткішті алу мүмкін емес болған жағдайда алдыңғы кезеңдегі электр энергиясының орташа тәуліктік шығысын (тұтынылуын) осы кезеңдегі күнтізбелік күндер санына көбейту жолымен анықталатын оның көрсеткіштері ретінде қабылданған электр энергиясының көлемі;

      5) тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына сараланған тарифтер (бұдан әрі – сараланған тарифтер) – осы Қағидаларға сәйкес жеке тұлғалар үшін қолданылатын, тұтыну көлемдеріне қарай әртүрлі электр энергиясына арналған тарифтер;

      6) тұтынушы – электр энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке тұлға;

      7) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      8) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті;

      9) электр энергиясының орташа тәуліктік шығысы (тұтынылуы) – есептеу аспабы жөнделген және пломбаланған белгілі бір уақыт кезеңіндегі электр энергиясының нақты көлемінің осы кезеңдегі күнтізбелік күндердің санына қатынасы ретінде айқындалатын электр энергиясының көлемі. Кезең есептеу аспабының алынған көрсеткіштері болған кезде күнтізбелік отыз күн есебінен таңдалады;

      10) энергиямен жабдықтаушы ұйым – сатып алынған электр энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым.

      Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.06.2021 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылған энергиямен жабдықтаушы ұйымдар Кодекстің 124-5-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік реттелуге жататын ұйымдар болып табылады.

      Энергиямен жабдықтаушы ұйым сараланған тарифтерді уәкілетті органның ведомствосымен келіскеннен кейін енгізеді.

      4. Энергиямен жабдықтаушы ұйым сараланған тарифтердің қолданылуына байланысты кірісті толық алмаған немесе кірісті негізсіз алған жағдайда толық алмаған кірістің сомасы немесе негізсіз алынған кірістің сомасы босату тарифінің тиісті өзгерісінің есебінен тарифтерді кезекті қайта қарау кезінде ескеріледі.

      5. Энергиямен жабдықтаушы ұйым босату тарифінің деңгейі өзгерген кезде сараланған тарифке қайта есептеуді жүргізеді.

      6. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар сараланған тарифтердің есептеулеріне өзгерістер енгізілген жағдайда, осы Қағидаларға сәйкес өзгертілген сараланған тарифтерді уәкілетті органның ведомствосымен келіседі.

      7. Тұтынушылар электр энергиясын тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтерді қолдануға өтініш берген жағдайда, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар осы тұтынушыларға тұтынылатын энергия көлемдеріне қарай электр энергиясына сараланған тарифтерді ескере отырып тұрмыстық мұқтаждарға тұтынылған электр энергиясы үшін шоттар береді.

      Егер электр энергиясын есептеу аспаптарының көрсеткіштерін жазып алу арасындағы нақты кезең күнтізбелік отыз күнге тең болмаса, электр энергиясын тұтыну шамаларының мөлшерін энергиямен жабдықтаушы ұйымы немесе тұтынушы нақты кезеңнің ұзақтығын ескере отырып түзетеді.

      Электр энергиясын тұтыну шамасының шегінде толық пайдаланылмаған электр энергиясы келесі айда пайдаланылмайды.

      8. Тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін төлемақы тұрақты тұратын тұтынушылардың саны ескеріле отырып айқындалады, оны айқындау үшін коммуналдық қызмет жұмыскерлері тиісті мәліметтерді үшінші тұлғаларға анықтамалар беруге мүмкіндік беретін "электрондық үкімет" веб-порталының сервисінен немесе ішкі істер органдарының деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.06.2021 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Есептеу аспаптарының көрсеткiштерiн екі есептік айырысу кезең ішінде алу мүмкін болмаған кезде, егер бұл ретте тұтынушының өзi энергиямен жабдықтау ұйымына өзiнiң жұмсаған энергиясының саны туралы мәлімет ұсынбаса, энергиямен жабдықтаушы ұйым оны тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына сараланған тарифтер бойынша ағымдағы айда тұтынушы тұтынған электр энергиясын есепке жатқызу үшін есептеу аспабы көрсеткіштерінің есептік мәнін айқындай отырып, электр энергиясының орташа тәуліктік шығысы (тұтынылуы) бойынша есептеу жүргізеді.

      Есептеу аспаптарының нақты көрсеткіштері есептеу аспабы көрсеткіштерінің есептік мәндерінен кем болса, энергиямен жабдықтаушы ұйым келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей электр энергиясының тұтыну көлеміне қайта есептеу жүргізеді де, ол төлем құжатында көрсетіледі.

      10. Бір айдан аспайтын мерзімде есептеу аспаптары болмаған кезеңде электр энергиясының орташа тәуліктік шығысы (тұтынылуы) бойынша айқындалған тұрмыстық мұқтаждарға тұтынылатын электр энергиясына төлемақыны энергиямен жабдықтаушы ұйым сараланбаған босату тарифі бойынша белгілейді.

      Бұл ретте есептеу аспаптары болмаған кезде электр энергиясының орташа тәуліктік шығысы (тұтынылуы) бойынша есеп айырысу кезеңі бір есептік кезеңнен аспайды. Кейінгі қайта есептеулер белгіленген қуат бойынша жүргізіледі.

      11. Үйге ортақ мұқтаждарға тұтынылатын электр энергиясына (кезекті жарықтандыру, лифттер, паркингтер және басқа да үйге ортақ мұқтаждықтар) төлемақы сараланбаған босату тарифі бойынша жүргізіледі.

      Коммерциялық есепке алу аспаптары баланстық тиесілілік шекарасында орнатылмаған кезде бөлу шекарасынан коммерциялық есепке алу аспаптары орнатылған жерге дейінгі желі учаскесіндегі электр энергиясының шығындарын (трансформаторларда және желілерде) көрсетілген желі учаскесі балансында тұрған тарап сараланбаған босату тарифі бойынша төлейді.

2-тарау. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді
жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау тәртібі

      12. Асыра тұтынғаны үшін ең жоғары тариф бойынша төлемақы алынатын электр энергиясын тұтыну шамасы электр энергиясын тұтыну шамасы тұтынушыларды энергия үнемдеуге түрткі болатын және халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін ынталандыру ескеріле отырып электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын тұтынушылар үшін бөлек айқындалады. Бұл ретте электр плиталарын пайдаланатын тұтынушыларға газдандыруға жатпайтын не үй құрылысының жобасында немесе кондоминиум объектісіне арналған техникалық паспортта газдандыру көзделмеген үйлердің тұрғындары жатады.

      Асыра тұтынғаны үшін ең жоғары тариф бойынша төлемақы алынатын электр энергиясын тұтыну шамасы электр энергиясын тұтыну шамасы тұтынушыларды энергия үнемдеуге түрткі болатын және халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін ынталандыру ескеріле отырып жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үй-жайы (пәтері) бар жалғыз тұратын жасына байланысты зейнеткерлерді, мүгедектерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және оларға теңестірілген адамдарды қоспағанда, электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын аталған адамдар үшін бөлек айқындалады.

      Екі деңгейлі тарифтерді қолдану кезінде тиісті өңірдің жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау ұйымдарының немесе жергілікті атқарушы органдарының ақпараты негізінде орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталмаған үйлердің тұрғындары және орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесі жұмыс істемейтін, бұрын газдандырылған үйлердің тұрғындары электр плиталарын пайдаланатын тұтынушыларға теңестіріледі.

      13. Екі деңгейлі тарифтерді қолдана отырып сараланған тарифтерді есептеу кезінде ең жоғары тариф (Т макс) мынадай формула бойынша айқындалады:

      Т ең жоғары = 1,2*Tб, мұндағы: (7)

      Tб – электр энергиясын босату тарифі.

      14. Электр плиталарын пайдаланатын (Тең төмен1) тұтынушылар үшін ең төмен тариф мынадай формула бойынша айқындалады:

      Т ең төмен1 = (Тб *Wтұрм1 – Т ең жоғары*(Wтұрм1 – k*Wең төмен1))/k*W ең төмен1, мұндағы: (8)

      Wтұрм1 – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, киловатт-сағат (бұдан әрі – кВт.сағ.);

      Wең төмен1 – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар электр энергиясының тұтыну шамасын асырмай тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;

      k – электр энергиясын үнемдеуді ескере отырып, тұтынушылардың электр энергиясын тұтыну көлемдерін қайта бөлу коэффициенті, осы Қағидаларды алғаш қолдану кезінде k=1,1, кейіннен k=1.

      15. Электр плиталарын пайдаланбайтын (Т ең төмен2 ) тұтынушылар үшін ең төмен тариф мынадай формула бойынша айқындалады:

      Т ең төмен2 = (Тб*Wтұрм2 – Т ең жоғарғы*(Wтұрм2 – k*Wең төмен2))/k*Wең төмен2, мұндағы: (9)

      Wтұрм2 – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;

      Wең төмен2 – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар электр энергиясын тұтыну шамасынан асырмай тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.

      16. Есептік айда нақты тұтынылған электр энергиясының шамасы бір тұтынушыға шаққанда тұтынылған электр энергиясының төлемақысы тиісті тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну шамасынан аспаған жағдайда, мынадай формула бойынша айқындалады:

      П = Т ең төмен *W нақты, мұндағы: (10)

      П – есептік айда тұтынылған электр энергиясының төлемақысы, теңгемен;

      W нақты – есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша есептік айда тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.

      17. Есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша есептік айда нақты тұтынылған электр энергиясының шамасы бір тұтынушыға шаққанда тұтынылған электр энергиясының төлемақысы тиісті тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну шамасынан асқан жағдайда мынадай формула бойынша айқындалады:

      П ең жоғары = Т ең төмен *n*W лим +Т ең жоғары * (W нақты – n* W лим ), мұндағы: (11)

      W лим – асыра тұтынғаны үшін ең жоғары тариф бойынша төлемақы алынатын бір тұтынушы тұтынатын электр энергиясының шамасы, кВт.сағ.;

      n – тұратын тұтынушылардың саны.

      18. Асыра тұтынғаны үшін екінші немесе үшінші деңгейлі тарифтер бойынша төлемақы алынатын электр энергиясын тұтыну шамасы тұтынушыларды энергия үнемдеуге түрткі болатын және халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін ынталандыру ескеріле отырып электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын тұтынушылар үшін бөлек белгілейді.

      Бұл ретте электр плиталарын пайдаланатын тұтынушыларға газдандыруға жатпайтын не үй құрылысының жобасында немесе кондоминиум объектісіне арналған техникалық паспортта газдандыруы көзделмеген үйлердің тұрғындары жатады.

      Үш деңгейлі тарифтерді қолдану кезінде тиiстi өңірдің жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау ұйымдарының немесе жергілікті атқарушы органдарының ақпараты негізінде орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталмаған үйлердің тұрғындары және орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесі жұмыс істемейтін, бұрын газдандырылған үйлердің тұрғындары электр плиталарын пайдаланатын тұтынушыларға теңестіріледі.

      Асыра тұтынғаны үшін екінші деңгейлі тариф (бұдан әрі – V2) бойынша төлемақы алынатын электр энергиясын тұтыну шамасы тұтынушыларды энергия үнемдеуге түрткі болатын және халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін ынталандыру ескеріле отырып белгіленеді.

      Асыра тұтынғаны үшін үшінші деңгейлі тариф (бұдан әрі – V3) бойынша төлемақы алынатын электр энергиясын тұтыну шамасы олардың саны жалпы тұтынатын тұтынушылар санының 10-15%-нан аспайтын, ең көп энергия үнемдеуге түрткі болатын тұтынушыларды ынталандыру ескеріле отырып белгіленеді.

      Асыра тұтынғаны үшін үшінші деңгейлі тариф бойынша төлемақы алынатын электр энергиясын тұтыну шамасын электр энергиясын тұтыну шамасы тұтынушыларды энергия үнемдеуге түрткі болатын және халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін ынталандыру ескеріле отырып жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үй-жайы (пәтері) бар жалғыз тұратын жасына байланысты зейнеткерлерді, мүгедектерді, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдарды қоспағанда, электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын аталған адамдар үшін бөлек белгілейді.

      19. Электр плиталарын пайдаланатын (Т1 с э/п) тұтынушылар үшін бірінші деңгейлі тариф мынадай формула бойынша айқындалады:

      Т1 э/п-мен = (Tб*Wо э/п – Т2*W2 с э/п – Т3*W3 с э/п) / W1 с э/п, мұндағы: (12)

      Т2 – 14 - формула бойынша белгіленген екінші деңгейлі тариф;

      Т3 – 15 - формула бойынша белгіленген үшінші деңгейлі тариф;

      Wо э/п мен – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;

      W1 э/п-мен – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар V2 асырмай тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ;

      W2 э/п-мен – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар V2 асырып, бірақ V3 шегінде тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;

      W3 э/п-мен – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар V3 асырып тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.

      20. Электр плиталарын пайдаланбайтын (Т1 без э/п) тұтынушылар үшін бірінші деңгейлі тариф мынадай формула бойынша айқындалады:

      Т1 э/п-сыз = (Tо*Wо э/п-сыз – Т2*W2 э/п-сыз – Т3*W3 э/п-сыз)/W1 э/п-сыз, мұндағы, (13)

      Wо э/п-сыз – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.;

      W1 э/п-сыз – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар V2 асырмай тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ;

      W2 э/п-сыз – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар V2 асырып, бірақ V3 шегінде тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ;

      W3 э/п-сыз – алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар V3 асырып тұтынған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.

      21. Үш деңгейлі тарифтерді қолдана отырып электр энергиясына сараланған тарифтерді есептеу кезінде екінші деңгейлі тариф (Т2) мынадай формула бойынша айқындалады:

      Т2 = 1,2*Tб, мұндағы: (14)

      Tб – электр энергиясын босату тарифі.

      22. Үш деңгейлі тарифтерді қолдана отырып электр энергиясына сараланған тарифтерді тұтынушылар оны тұтыну көлеміне қарай есептеу кезінде үш деңгейлі тариф (Т3) мынадай формула бойынша айқындалады:

      Т3 = 1,5*Tб, мұндағы: (15)

      Tб – электр энергиясын босату тарифі.

      23. Есептік айда тұтынылған электр энергиясының төлемақысы (П) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалады.

      24. Сараланған тарифтердің деңгейлерін келісу үшін энергиямен жабдықтаушы ұйым сараланған тарифтер қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мынадай құжаттар мен материалдарды:

      1) түсіндірме жазбаны;

      2) сараланған тарифтердің есебін;

      3) сараланған тарифтерді бекіту туралы бұйрықтың жобасын;

      4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр энергиясына арналған тарифтерді оны тұтыну көлеміне қарай саралау туралы ақпаратты (тұтынушылар үшін) негіздеуші материалдарды қоса отырып уәкілетті органның ведомствосына ұсынады.

      25. Уәкілетті органның ведомствосы сараланған тарифтердің деңгейлерін келісу үшін ұсынылған құжаттар мен материалдарды күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. Қарау мерзімі құжаттар мен материалдар берілген сәттен бастап есептеледі.

      26. Энергиямен жабдықтаушы ұйым бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сараланған тарифтер туралы ақпаратты олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей тұтынушылардың назарына жеткізеді.

  Энергиямен жабдықтаушы
ұйымдардың электр
энергиясына тарифтерді
жеке тұлғалардың оны тұтыну
көлеміне қарай саралау
қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Есептік айда тұтынылған электр энергиясының төлемақысы

Есептік айда есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша бір тұтынушыға шаққанда нақты тұтынылған электр энергиясының көлемі

Есептік айда тұтынылған электр энергиясы үшін төлемақыны есептеу формуласы
 

тиісті тұтынушылар үшін V2 аспайды

П=Т1*Wнақты, мұндағы:
Wнақты – есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша есептік ай үшін тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі, кВт.сағ.*

тиісті тұтынушылар үшін V2 асады, бірақ V3 кем емес

П = Т1*n *Wбелг1 + Т2*( Wнақты - n * Wбелг1), мұндағы:
n – тұратын тұтынушылардың саны.
Wбелг1 бір жеке тұлғаның бірінші деңгейдің шамасына сәйкес келетін электр энергияны тұтыну шамасы, кВт.сағ.

тиісті тұтынушылар үшін V3 асады

П=Т1*n*Wбелг12*n*(Wбелг2 -Wбелг1)+Т3*(Wнақты -n*Wбелг2), мұндағы:
Wбелг2 – бір тұтынушының екінші деңгейдің шамасына сәйкес келетін электр энергияны тұтыну шамасы, кВт.сағ.

      Ескертпе: *кВт.сағ.– киловатт-сағат

      П- есепті айда тұтынылған электр энергиясына ақы төлеу.

  Энергиямен жабдықтаушы
ұйымдардың электр
энергиясына тарифтерді
жеке тұлғалардың оны тұтыну
көлеміне қарай саралау
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Электр энергиясына арналған тарифтерді оны тұтыну көлеміне қарай саралау
туралы ақпарат (жеке тұлғалар үшін)

Абонент
тің
жеке шоты

Тұратын тұтынушылардың
саны

Есепті жылдағы тұтыну көлемі,
айлар бойынша

Есепті жылдағы тұтыну көлемі, барлығы

Орташа айлық тұтыну



Қ
а
ң
т
а
р

А
қ
п
а
н

Н
а
у
р
ы
з

С
ә
у
і
р

М
а
м
ы
р

М
а
у
с
ы
м

Ш
і
л
д
е

Т
а
м
ы
з

Қ
ы
р
к
ү
й
е
к

Қ
а
з
а
н

Қ
а
р
а
ш
а

Ж
е
л
т
о
қ
с
а
н



















      Ескертпе: ақпарат энергиямен жабдықтау ұйымдары қызмет көрсететін әкімшілік аудандар (қалалар) бөлінісінде беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады