Технологиялық желiлердi есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 138 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 30 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5656 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 439 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.09.25 № 439 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңы 4-бабының 2-тармағының 7-тармақшасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған технологиялық желiлердi есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі Ереже бекітілсін.
      2. "Алкогольді өнім өндірудің көлемін автоматтандырылған есептеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті Төрағасының 1998 жылғы 24 қарашадағы N 52 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 753 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және оны заңнама белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы Министрінің   
2009 жылғы 1 сәуірдегі 
N 138 бұйрығымен    
бекітілген       

Технологиялық желiлердi есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы технологиялық желiлердi есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі Ереже "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңы 4-бабының 2-тармағының 7-тармақшасына сәйкес алкоголь өнiмiн өндіру көлемін тиімді есепке алу мақсатында әзірленген.

2. Алкоголь өнімін өндіру кезінде автоматты түрде
есепке алудың  мақсаты мен қажеттігі

      2. Алкоголь өнімін автоматты түрде есепке алудың мақсаты ақпаратты кейіннен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне бере отырып алкоголь өнімін жасап шығару көлемiн үздіксіз өлшеу және бақылаулық есепке алу болып табылады.
      Алкоголь өнімін құю бойынша технологиялық желілер алкоголь өнімін өндіру процесіне үздіксіз бақылау жүргізетін автоматты жүйесі арқылы алкоголь өнімін жасап шығару көлемi туралы ақпаратты автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн есепке алуды бақылау аспаптарымен (бұдан әрі - ЕАБА) жарақтандырылады.
      3. Алкоголь өнімін автоматты түрде есепке алу мынадан тұратын ЕАБА-мен жүргізіледі:
      1) сұйықтық ағысын көлемдік шығысөлшегіштен;
      2) дайын алкоголь өнімін даналап есепке алу аспаптарынан (N 1 және N 2 дайын алкоголь өнімін есептегіштер);
      3) ақпаратты өңдеу блогінен (бұдан әрі – АӨБ);
      4) ақпаратты қашықтықтан беру үшін телефондық модемнен (жеке абоненттік нөмірмен);
      5) үздіксіз қоректендіру көзінен;
      6) бағдарламалық қамтамасыз етуден.

3. ЕАБА-на қойылатын негізгі талаптар

      4. ЕАБА қабылданған ақпаратты жинауды, сақтауды, беруді (индикаттау), қашықтықтан беруді және өңдеуді жүзеге асырады және мынадай негізгі талаптарға жауап береді:
      1) көлемдiк шығысөлшегiш қысым резервуары мен құю автоматын қосатын труба құбырда құю автоматына барынша жақын көлбеу учаскеде орнатылады. Осы прибордың фланецi мен құю автоматының жалғастырушы фланецiнiң арасында труба құбырының аралық фланецтеріне өлшемдерге жол берілмейді.
      2) көлемдiк шығысөлшегiштің жол берілетін ақаулығы ± 0,5%-ті құрайды;
      3) спирттiк, сулы спирттiк ерiтiндi және құрамында қанты қоймалжың ортада көлемдiк шығысөлшегiш жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етеді;
      4) көлемдiк шығысөлшегiш өрт қауiпсiздігінiң талаптарына сәйкес келеді;
      5) қысымдық резервуарды құю аппаратымен жалғастырушы труба құбырының, сондай-ақ тиек арматурасының, сүзгілер мен осы труба құбырына орналасқан құрылғылардың диаметрлерінің қимасы көлемдiк шығысөлшегiштің диаметрінен үлкен болады;
      6) желіні қоректендіретін ең төменгі гидростаттық қысым көлемдiк шығысөлшегiшке қарағанда 0,5 метрді құрайды;
      7) дайын өнімді даналап есепке алу аспаптарының біреуі автоматты түрде өнім құйылып, шөлмектердің аузын жапқаннан кейін тікелей өнімді есепке алуды жүргізетіндей етіліп (N 1 дайын өнімді есептігіш (бұдан әрі - N 1) есептегіш), басқасы - дайын өнімнің қоймасының алдында (N 2 дайын өнімді есептігіш (бұдан әрі - N 2) орнатылады;
      8) дайын өнімді даналап есепке алу аспаптарының жол берілетін ақаулылығы ± 0,1%-ті құрайды (әрбір 10 000 шөлмекке 10 шөлмектен көп емес);
      9) ЕАБА аспаптарының қызмет көрсету мерзімі техникалық паспортта көрсетілген қызмет көрсету мерзімінен аспауы тиіс;
      10) ЕАБА жұмысының температуралық режимi 0-ден 40 0 С-қа дейiн құрайды;
      11) зерденің сыйымдылығы өспелі көрсеткішпен қамтамасыз етеді;
      12) ЕАБА жұмысының режимінде кідірістер болған жағдайда және де оның алмастыру барлық жиналған ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді;
      13) рұқсатсыз қол жеткізуден қауіпсіздік жүйесінің бар болуы (код, кілт, пломба, голографиялық жапсырма);
      14) кiдiрiстерден және сыртқы әсерлерден қорғаулы болу (қуатты қайтарғыш, үздіксіз қоректендіру көзі), апатты кідірістер жағдайында электрмен жабдықтаудағы автономды жұмыс істеу ұзақтығы 3 күннен кем емес;
      15) ЕАБА техникалық паспорты, пайдалану жөніндегі нұсқаулық және сәйкестік сертификаты болады;
      5. Көлемдік шығысөлшегіш (киiстiрме жалғамалар) орнатылған орын, ақпаратты өңдеу блогінің қалқаны, дайын өнімді даналап есепке алу аспаптары рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмау үшін облыстар, Астана мен Алматы қалалары бойынша сәйкес салық департаменттер қызметкерімен пломбыландырылады.

4. ЕАБА-да пайдаланылатын аспаптардың түрлері

      6. Алкоголь өнімінің көлемін өлшеу үшін магнитті-индуктивтік, жалпы, кариолистік және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне кірген көлемдік шығысөлшегіштер қолданылады.
      7. N 1, N 2 түрі мен оның жетiлдiрiлген түрлерiн таңдау кезiнде оның шартты өту жолының диаметрiнің сәйкестiгiн, алкоголь өнімін құюдың технологиялық желiсiнiң өнiмдiлiгiн және қысым резервуарының құю автоматына қатысты орналасқан биіктігін ескеру қажет.
      8. N 1, N 2 түрлері электронды-механикалық (жұлдызшалар) және де ө лшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне кірген электронды-сәулелік орындалған болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады