"Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 29 қарашадағы N 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі N 173 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 12 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5673 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 28 маусымдағы № 403 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 28 маусымдағы № 403 (3-тармақты қараңыз) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсету тәртібін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 29 қарашадағы N 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3276-нөмірмен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
       кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 5-бабының 1-тармағының 26-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ";
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың ережесінде:
       1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Азаматтвқ авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 5-бабының 1-тармағының 26-4) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
       7-тармақта :
       16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "16) рейсті тіркеу агенті науқас жолаушыларға қызмет көрсету кезінде авиабилеттің және осындай жолаушыны тасымалдау шарттарына қойылатын арнайы талаптар көрсетілген, оны әуе көлігімен тасымалдауға рұқсаты бар медициналық қорытындының болуын тексереді, содан кейін жалпы ережелерге сәйкес тасымалдау құжаттарын ресімдейді.
      Мүгедектігі бар, соның ішінде орындық-арбаны пайдаланатын адамдарға қызмет көрсетілген кезде рейсті тіркеу агенті олардың қажеттілігін барынша ескеретін әуе кемесінің салонындағы арнайы белгіленген орындарды авиакомпания өкілінің келісімі бойынша бөледі";
       17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) көз жанары бойынша мүгедектігі бар және жетектегіш итке ілесіп жүретін жолаушыны тіркеу кезінде оған орындықтардың артқы қатарларынан орын бөлінеді. Жетектегіш ит үшін ветеринарлық сертификат және арнайы үйретуден өткендігі туралы сертификат көрсетіледі. Итке тұмылдырық кигізілуі және оның қарғыбауы болуы тиіс.";
       18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "18) науқасты немесе мүгедектігі бар жолаушыны тасымалдау кезінде тіркеу желісі бойынша тиісті рәсімдерді жүргізгеннен кейін авиакомпания/әуежай өкілі оларды әуе кемесіне (кемесінен) дейін алып жүреді және барлық құжаттармен бірге оны/оларды тікелей экипажға тапсырады.
      Орындық-арбаны пайдаланатын тұлғаларды тасымалдау кезінде авиакомпания/әуежай өкілі оларды әуе кемесінің салонына жеткізу үшін арнайы арба ұсынуы тиіс.
      Авиакомпания/әуежай өкілі мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әуе кемесіне отырғызуды жолаушылардың негізгі бөлігін отырғызуды жариялағанға дейін бірінші кезекте және әуе кемесінен түсіруді соңғы кезекте жүргізеді.";
       10-тармақта :
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) агент тасымалдау кезіндегі барлық жарамсыздықтар бойынша тасымалдаушының өкілінің қатысуымен тасымалдау кезіндегі багаждың жарамсыздығы туралы акті PIR (Property Irregularity Report) (бұдан әрі - PIR акті) жасайды. Багаж келмеген/зақымдалған жағдайда жолаушының өтініші мен билеті акті жасау үшін негіз болып табылады".
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (М.М. Қубаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         Ә. Құсайынов

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 29 ноября 2004 года № 236 "Об утверждении Правил организации обслуживания пассажиров в аэропортах Республики Казахстан"

Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 9 апреля 2009 года № 173. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 мая 2009 года № 5673. Утратил силу приказом и.о. Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 28 июня 2011 года № 403

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра транспорта и коммуникаций РК от 28.06.2011 № 403.

      В целях совершенствования порядка обслуживания пассажиров в аэропортах Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ :
      1. Внести в приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 29 ноября 2004 года № 236 "Об утверждении Правил организации обслуживания пассажиров в аэропортах Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3276) следующие изменения:
       преамбулу изложить в следующей редакции:
      "В соответствии с подпунктом 26-4) пункта 1 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2001 года "О государственном регулировании гражданской авиации", ПРИКАЗЫВАЮ :";
      в Правилах организации обслуживания пассажиров в аэропортах Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Настоящие Правила организации обслуживания пассажиров в аэропортах Республики Казахстан (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 26-4) пункта 1 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2001 года "О государственном регулировании гражданской авиации";
      в пункте 7:
      подпункт 16) изложить в следующей редакции:
      "16) при обслуживании больных пассажиров агент по регистрации рейса проверяет наличие авиабилета и медицинское заключение, содержащее разрешение на его перевозку воздушным транспортом, с указанием специальных требований к условиям перевозки такого пассажира, после чего оформляет перевозочные документы согласно общим правилам.
      При обслуживании людей, имеющих инвалидность, в том числе пользующихся креслом-коляской, агент по регистрации рейса распределяет специально предназначенные места в салоне воздушного судна, в наибольшей степени учитывающие их потребности, по согласованию с представителем авиакомпании";
      подпункт 17) изложить в следующей редакции:
      "17) при регистрации пассажира, имеющего инвалидность по зрению и в сопровождении собаки-поводыря, ему выделяется место на задних рядах кресел. На собаку-поводыря предъявляется ветеринарный сертификат и сертификат о специальном обучении. Собака должна быть в наморднике и на поводке";
      подпункт 18) изложить в следующей редакции:
      "18) при перевозке больного или людей, имеющих инвалидность, после проведения соответствующих процедур по линии регистрации представитель авиакомпании/аэропорта сопровождает их к (от) воздушному судну и вместе с документами передает его/их непосредственно экипажу.
      При перевозке лиц, пользующихся креслом-коляской, представитель авиакомпании/аэропорта должен предоставить специальное кресло для транспортировки их в салон воздушного судна.
      Посадка в воздушное судно лиц с ограниченными возможностями производится представителем авиакомпании/аэропорта в первую очередь до объявления посадки основной части пассажиров и высадка из воздушного судна в последнюю очередь";
      в пункте 10:
      подпункт 10) изложить в следующей редакции:
      "10) по всем неисправностям при перевозке агентом в присутствии представителя перевозчика составляется акт о неисправности при перевозке багажа - PIR (Property Irregularity Report) (далее - акт PIR). В случае неприбытия/повреждения багажа основанием для составления акта служит заявление пассажира и билет".
      2. Комитету гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Кубаев М.М.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Дюсембаева Е.С.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    А. Кусаинов