"Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау жөнінде өтініштер беру және оны қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы N 71-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 29 шілдедегі N 259-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 4 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5739 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау жөнінде өтініштер беру және оны қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы N 71-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 3515 нөмірімен тіркелген, "Ресми газетте" 2005 жылғы 30 сәуірде N 18 нөмірінде жарияланған), (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4786 нөмірімен тіркелген, "Заң газетінің" 2007 жылғы 27 шілдедегі N 114 нөмірінде жарияланған) "Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау жөнінде өтініштер беру және оны қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы N 71-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 18 маусымдағы 167-НҚ, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5557 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2009 жылғы наурызда N 3 жарияланған) "Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы N 30-НҚ бұйрықтарымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау жөнінде өтініштер беру және оны қарау ережесінде:

      4-тармақтың 1) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мүлікпен мәмілелер келісуді көздейтін Субъектінің мүлкі (бұдан әрі - Субъектінің мүлкі) – ақшаны, оның ішінде шетелдік валютаны қоспағанда, Субъектінің иесіндегі жылжитын және жылжымайтын мүлік;

      4) Субъектінің мүлкімен мәмілелер – Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 193-1-бабына сәйкес стратегиялық объект болып табылатын мүлікпен мәмілені қоспағанда, Субъектінің мүлкіне құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған іс-әрекеттер.";

      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өзінің тұтынуы үшін емес субъектінің оған тасымалданатын мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, газ конденсатын немесе берілетін электр және жылу энергиясын сатып алуы;

      6-тармақтағы "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), оларға тасымалданатын немесе берілетін" деген сөздер "оған тасымалданатын мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, газ конденсатын немесе берілетін электр және жылу энергиясын," деген сөздермен ауыстырылсын;

      23-тармақ 5) тармақшасы "мүлікті" деген сөздің алдынан "тендер нысанында өткізілетін сауда-саттықта Субъектінің мүлікін иеліктен айыру жағдайларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тараудың атауындағы және 25-тармақтың бірінші абзацындағы "тасымалданатын немесе берілетін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді ) деген сөздер "оларға тасымалданатын мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, газ конденсатын немесе берілетін электр және жылу энергиясын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25-тармақтың 2), 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мәміленің мәні болып табылатын Субъект тасымалдайтын мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, газ конденсатын немесе ол беретін электр және жылу энергиясын сатып алу қажеттігінің негіздемесі;";

      "5) Субъект тасымалдайтын, сатып алатын мұнайдын, мұнай өнімдерінің, газдың, газ конденсатының немесе ол беретін электр және жылу энергиясының тізімі;".

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (М.Ш. Мукушева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Н. Алдабергенов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады