"Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 83 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 шілдедегі N 379 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 11 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5744 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 шілдедегі № 619 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 15.07.2016 № 619 бұйрығымен.

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. " Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 2159 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған 2003 ж., N 12, 820-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесінде :
       9-тармақтың екінші сөйлемінде ", балалар ПМСК жіберіледі" деген сөздер "балаға көрсетімдері бойынша арнаулы мамандардың консультациясы беріледі, анасына тамақтандыру және күту туралы кеңес беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      мынадай мазмұндағы 15, 16, 17-тармақтармен толықтырылсын :
      "15. Осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес БМСК ұйымының медицина қызметкері және аумақтық ПМПК-ға ай сайын скрининг кезінде анықталған балалар арасында психикалық-дене бұзылыстары бар балалар туралы ақпаратты береді.".
      "16. БМСК ұйымының медицина қызметкері мен аумақтық ПМПК қызметкері тоқсан сайын ПМПК-ға жолданған балалар туралы мәліметтерді салыстыруды жүргізеді.".
      "17. Осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес БМСК ұйымының медицина қызметкері психикалық-дене бұзылыстары скринингімен қамтылған және аумақтық ПМПК-ға жіберілген бүлдіршін жастағы балалар туралы жинақталған мәліметті береді.".
      осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес 1, 2-қосымшалармен толықтырылсын.
      2 . Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (Айдарханов А.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі                      Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрлігі
2009 жылғы 24 шілдедегі 
N 379 бұйрығына      
1-қосымша         

      Бүлдіршін жастағы балаларда 
      психикалық-дене бұзылыстары 
      скринингін ұйымдастыру ережесіне
      1-қосымша         

Скрининг кезінде анықталған балалар арасында психикалық-дене
бұзылыстары бар балалар туралы
ақпарат

N

Баланың Т.А.Ә

Жасы

Мекен жайы

Диагнозы

Жолданған күні

Психикалық-медициналық-педагогикалық консультацияда қаралған күні















Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрлігі
2009 жылғы 24 шілдедегі 
N 379 бұйрығына     
2-қосымша        

      Бүлдіршін жастағы балаларда 
      психикалық-дене бұзылыстары 
      скринингін ұйымдастыру ережесіне
      2-қосымша         

Психикалық-дене бұзылыстары скринингімен қамтылған және аумақтық ПМПК-ға жіберілген бүлдіршін жастағы балалар туралы
жинақталған мәлімет
2009 жылғы _______ - ________ кезең аралығында

Контингент

Тексерілуі қажет

Тексерілді

Тексерілген кезде анықталды

өткірлік төмендігі

Сөйлесу кемістігі

сколиоз

мүсін бұзылуы

нерв-психикалық бұзылуы

Есту қабілеті

Көру қабілеті

1

2

3

4

5

6

7

8

9

3 жасқа дейінгі балалар барлығы









       Психикалық-дене бұзылыстары бар балалардың ПМПК-ға жіберілген саны, барлығы _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады