Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 56 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 7 шілдедегі N 138 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 12 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5747 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 121 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 56 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5233 тіркелген) Агенттік Басқармасының " Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы " 2008 жылғы 22 тамыздағы N 119 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5323 тіркелген) енгізілген өзгерістермен бірге мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде :
       3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Брокер және (немесе) дилердің меншікті капиталы бірінші деңгейдегі капитал және екінші деңгейдегі капитал сомасы ретінде есептеледі (екінші деңгейдегі капитал бірінші деңгейдегі капиталдан аспайтын мөлшерде енгізіледі).
      Осы Ереженің мақсаттары үшін Standard & Poor's агенттігінің рейтингтік бағасынан өзге, сондай-ақ уәкілетті орган Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің рейтингтік бағалары танылады (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер).
      Бірінші деңгейдегі капитал мыналардың сомасы ретінде есептеледі:
      меншікті сатып алынған жай акцияларды шегергенде, жай акциялар бөлігіне төленген жарғылық капитал;
      меншікті сатып алынған артықшылық берілген акцияларды шегергенде, артықшылық берілген акциялар бөлігіне төленген жарғылық капитал;
      қосымша капитал;
      өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісінің;
      өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптастырылған қорлардың, резервтердің;
      мыналарды шегергенде:
      1999 жылғы 1 шiлдеден бастап немесе кейiн басталатын кезеңдердi қамтитын қаржылық есеп беру үшiн 1998 жылы шiлдеде күшiне енген Қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттары жөнiндегi комитеттiң Басқармасы бекiткен 38 Халықаралық қаржылық есеп беру стандарты "Материалдық емес активтерге" сәйкес келетін (бұдан әрi - 38 Халықаралық қаржылық есеп беру стандарты) және Брокер және (немесе) дилердің негізгі қызметінің мақсаты үшін сатып алынған лицензияланған программалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтерді;
      өткен жылдардағы шығындарды;
      ағымдағы жыл шығыстарының ағымдағы жыл кiрiстерiнен асып түсуін.
      Екінші деңгейдегі капитал мыналардың сомасы ретінде есептеледі:
      ағымдағы жыл кірістерінің ағымдағы жыл шығыстарынан асып түсу мөлшерінің;
      негізгі қаражат пен бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшерінің;
      тәуекелді ескеріп мөлшерленген активтер сомасының 1,25 пайызынан аспайтын сомадағы жалпы тәуекелдерге резервтер (провизиялар) мөлшерінің;
      бірінші деңгейдегі капитал есебіне енгізілмеген артықшылық берілген акциялардың;
      меншікті сатып алынған акцияларды, қосымша капиталды, өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісін, өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптастырылған қорларды, резервтерді, ағымдағы жыл кірістерінің ағымдағы жыл шығыстарынан асып түсу мөлшерін, негізгі қаражат пен бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшерін шегергендегі төленген жарғылық капиталдың сомасынан аспайтын сомада сатып алынған меншікті реттелген борышты шегергендегі Брокер және (немесе) дилердің реттелген борышының.
      Бірінші деңгейдегі капиталға енгізілетін артықшылық берілген акциялар үлесі бірінші деңгейдегі капиталдың он бес пайызынан аспауы тиіс. Екінші деңгейдегі капитал есебіне енгізілуі мүмкін, бірінші деңгейдегі капитал есебіне енгізілмеген артықшылық берілген  акциялар сомасы.
      "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВ+"-тан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар және сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйелерінде айналысқа жіберілген бағалы қағаздарға инвестицияларды қоспағанда, Брокердің және (немесе) дилердің инвестицияларының жиынтық сомасы Брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталының мөлшерінен аспауы тиіс.
      Брокер және (немесе) дилер инвестицияларының жиынтық сомасының оның меншікті капитал мөлшерінен асып түсу сомасы меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерін, бір заемшыға тәуекелдің ең жоғарғы мөлшерін және Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы Брокердің және (немесе) дилердің міндеттемелеріне капиталдандыру коэффициенттерін есептеу барысында меншікті капиталдан азайтылады.";
       5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталының жеткіліктілігі мынадай коэффициенттермен сипатталады:
      1) Брокердің және (немесе) дилердің активтерінің мөлшеріне бiрiншi деңгейдегi капиталдың қатынасымен (k1) ;
      2) меншікті капиталды есептеуге қосылмаған жалпы резервтердің (провизиялардың) сомасына кемiтiлген кредиттік тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің сомасына бiрiншi деңгейдегi капиталдың қатынасымен (k1-2);
      3) меншікті капиталдың мыналардың сомасына қатынасымен:
      меншікті капитал есебіне енгізілмеген жалпы резервтердің (провизиялардың) сомасына кемітілген кредиттік тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің;
      операциялық тәуекелдің (k2).";
       6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәні мынадай болуы тиіс: k1 - 0,06-дан кем емес, k1-2 – 0,06-дан кем емес, k2 - 0,12-ден кем емес.";
       7-тармақта :
      "10-ға" деген цифрлар "8,3-ке" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      "0,10" деген цифрлар "0,12" деген цифрлармен ауыстырылсын.
      мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:

      " 5-тарау. Брокердің және (немесе) дилердің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру

      14. Брокерді және (немесе) дилерді Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру k4, k5 және k6 коэффициентерімен сипатталады.
      k4 коэффициенті – Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің барынша жоғары лимиті 1 мөлшерінде белгіленеді және Брокер және (немесе) дилердің меншікті капиталына Қазақстан Республикасының резидент еместерінің алдындағы міндеттемелердің сомасына қатынасы ретінде есептеледі.
      Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместерінің алдындағы міндеттемелер сомасына мыналар енгізіледі:
      талап етілгенге дейінгі Қазақстан Республикасының резидент еместерінің алдындағы міндеттемелер, оның ішінде есептеулерді жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;
      бір жылға дейін бастапқы өтеу мерзімін қоса алғандағы Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімдік міндеттемелер;
      кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап етудің шартсыз құқығымен Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы мерзімді міндеттемелер.
      Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы міндеттемелер сомасынан осы коэффициентті есептеу мақсатында мыналар алынып тасталады:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1011 тіркелген) (бұдан әрі - N 388 қаулы) сәйкес "басқа қаржы ұйымдары – коды 5", "мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – коды 6", "мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7" және "үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – коды 8" экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын, халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместері , сондай-ақ "Еуразия даму банкiн құру туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Келісімді ратификациялау туралы Заң) сәйкес құрылған Еуразиялық даму банкі алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер .
      15. k5 коэффициенті Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы Брокердің және (немесе) дилердің жиынтық міндеттемелерінің Брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі және 2-ден аспауы тиіс.
      k5 коэффициентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы Брокердің және (немесе) дилердің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:
      Брокердің және (немесе) дилердің айналысқа жіберілген Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі борыштық бағалы қағаздары;
      Брокердің және (немесе) дилердің кепіл беретін және Брокердің және (немесе) дилердің бухгалтерлік балансында ескерілетін сома бөлігінде арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдар арқылы Брокер және (немесе) дилер шығарған бағалы қағаздар;
      N 388 қаулыға сәйкес "басқа қаржы ұйымдары – коды 5", "мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – коды 6", "мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7" және "үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – коды 8" экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;
      Заңға сәйкес, сондай-ақ Келісімді ратификациялау туралы Заңмен Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер .
      16. k6 коэффициенті Б рокердің және (немесе) дилердің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің сомасын және олардың бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теңгемен шығарылған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, айналысқа шығарған борыштық бағалы қағаздарының Б рокер және (немесе) дилердің меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі және 4-тен аспауы тиіс.
      k6 коэффицентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы Б рокердің және (немесе) дилердің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:
      Брокердің және (немесе) дилердің айналысқа шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі борыштық бағалы қағаздар;
      N 388 қаулыға сәйкес "басқа қаржы ұйымдары – коды 5", "мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – коды 6", "мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7" және "үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – коды 8" экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;
      Заңға сәйкес, сондай-ақ Келісімді ратификациялау туралы Заңмен Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер .".
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жиырма екінші абзацын қоспағанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап, он төрт күнтізбел і к күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі .
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде "Банктік емес ұйымдар" модулін әзірлеуді қамтамасыз етсін.
      5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қабылдасын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрағаның м індетін
      ат қ арушы                                         Қ. Қожахметов

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 апреля 2008 года № 56 "Об утверждении Правил расчета пруденциальных нормативов для организаций, осуществляющих брокерскую и дилерскую деятельность с правом ведения счетов клиента в качестве номинального держателя и отдельные виды банковских операций и внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 7 июля 2009 года № 138. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 августа 2009 года № 5747. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 марта 2012 года № 121

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 26.03.2012 № 121 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Внести в постановление Правления Агентства от 28 апреля 2008 года № 56 "Об утверждении Правил расчета пруденциальных нормативов для организаций, осуществляющих брокерскую и дилерскую деятельность с правом ведения счетов клиента в качестве номинального держателя и отдельные виды банковских операций и внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5233 ), с изменениями, внесенными постановлением Правления Агентства от 22 августа 2008 года № 119 "Об утверждении Правил расчета пруденциальных нормативов для организаций, совмещающих виды профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5323 ) следующие изменения и дополнение:
      в Правилах расчета пруденциальных нормативов для организаций, осуществляющих брокерскую и дилерскую деятельность с правом ведения счетов клиента в качестве номинального держателя и отдельные виды банковских операций, утвержденных указанным постановлением:
       пункт 3 изложить в следующей редакции:
      "3. Собственный капитал Брокера и (или) дилера рассчитывается как сумма капитала первого уровня и капитала второго уровня (капитал второго уровня включается в размере, не превышающем капитал первого уровня).
      Для целей настоящих Правил помимо рейтинговой оценки агентства Standard&Poor's, уполномоченным органом также признаются рейтинговые оценки агентств Moody's Investors Service и Fitch (далее – другие рейтинговые агентства).
      Капитал первого уровня рассчитывается как сумма:
      оплаченного уставного капитала, в части простых акций, за минусом собственных выкупленных простых акций;
      оплаченного уставного капитала, в части привилегированных акций, за минусом собственных выкупленных привилегированных акций;
      дополнительного капитала;
      нераспределенного чистого дохода прошлых лет;
      фондов, резервов, сформированных за счет чистого дохода прошлых лет;
      за минусом:
      нематериальных активов, за исключением лицензионного программного обеспечения, приобретенного для целей основной деятельности Брокера и (или) дилера и соответствующего Международному стандарту финансовой отчетности 38 "Нематериальные активы", утвержденному Правлением Комитета по международным стандартам финансовой отчетности в июле 1998 года, вступившему в силу для финансовой отчетности, охватывающей периоды, начинающиеся с или после 1 июля 1999 года (далее - Международный стандарт финансовой отчетности 38);
      убытков прошлых лет;
      превышения расходов текущего года над доходами текущего года.
      Капитал второго уровня рассчитывается как сумма:
      размера превышения доходов текущего года над расходами текущего года;
      размера переоценки основных средств и ценных бумаг;
      размера резервов (провизии) на общие риски в сумме, не превышающей 1,25 процента суммы активов, взвешенных с учетом риска;
      привилегированных акций, не включенных в расчет капитала первого уровня;
      субординированного долга Брокера и (или) дилера за минусом выкупленного собственного субординированного долга в сумме, не превышающей суммы оплаченного уставного капитала за минусом собственных выкупленных акций, дополнительного капитала, нераспределенного чистого дохода прошлых лет, фондов, резервов, сформированных за счет чистого дохода прошлых лет, размера превышения доходов текущего года над расходами текущего года, размера переоценки основных средств и ценных бумаг.
      Доля привилегированных акций, включаемых в капитал первого уровня, не должна превышать пятнадцати процентов капитала первого уровня. Сумма привилегированных акций, не включенная в расчет капитала первого уровня, может быть включена в расчет капитала второго уровня.
      Совокупная сумма инвестиций Брокера и (или) дилера, за исключением инвестиций в ценные бумаги, допущенные к обращению в торговых системах организатора торгов и имеющие долговой рейтинг не ниже "ВВ+" агентства "Standard & Poors" или рейтинг аналогичного уровня одного из других рейтинговых агентств, не должна превышать размер собственного капитала Брокера и (или) дилера.
      Сумма превышения совокупной суммы инвестиций Брокера и (или) дилера над размером его собственного капитала вычитается из собственного капитала при расчете коэффициентов достаточности собственного капитала, максимального размера риска на одного заемщика и коэффициентов капитализации к обязательствам Брокера и (или) дилера перед нерезидентами Республики Казахстан.";
       пункт 5 изложить в следующей редакции:
      "5. Достаточность собственного капитала Брокера и (или) дилера характеризуется следующими коэффициентами:
      1) отношением капитала первого уровня к размеру активов Брокера и (или) дилера (k1) ;
      2) отношением капитала первого уровня к сумме активов, условных и возможных обязательств, взвешенных по степени кредитного риска, уменьшенной на сумму общих резервов (провизий), не включенных в расчет собственного капитала (k1-2);
      3) отношением собственного капитала к сумме:
      активов, условных и возможных обязательств, взвешенных по степени кредитного риска, уменьшенной на сумму общих резервов (провизий), не включенных в расчет собственного капитала;
      операционного риска (k2).";
      часть первую пункта 6 изложить в следующей редакции:
      "6. Значения коэффициентов достаточности собственного капитала Брокера и (или) дилера должны быть: k1 - не менее 0,06, k1-2 – не менее 0,06, k2 - не менее 0,12.";
      в пункте 7 :
      цифры "10" заменить цифрами "8,3";
      цифры "0,10" заменить цифрами "0,12";
      дополнить главой 5 следующего содержания:

"Глава 5. Капитализация Брокера и (или) дилера к обязательствам перед нерезидентами Республики Казахстан

      14. Капитализация Брокера и (или) дилера к обязательствам перед нерезидентами Республики Казахстан характеризуется коэффициентами k4, k5 и k6.
      Коэффициент k4 – максимальный лимит краткосрочных обязательств перед нерезидентами Республики Казахстан устанавливается в размере 1 и рассчитывается как отношение суммы обязательств перед нерезидентами Республики Казахстан к собственному капиталу Брокера и (или) дилера.
      В целях расчета данного коэффициента в сумму обязательств перед нерезидентами Республики Казахстан включаются:
      обязательства перед нерезидентами Республики Казахстан до востребования, в том числе обязательства, по которым не установлен срок осуществления расчетов;
      срочные обязательства перед нерезидентами Республики Казахстан с первоначальным сроком погашения до одного года включительно;
      срочные обязательства перед нерезидентами Республики Казахстан с безусловным правом кредитора требовать досрочного погашения обязательств.
      В целях расчета данного коэффициента из суммы обязательств перед нерезидентами Республики Казахстан исключаются:
      краткосрочные обязательства перед филиалами и представительствами иностранных компаний, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан, которые входят в секторы экономики "другие финансовые организации - код 5", "государственные нефинансовые организации - код 6", "негосударственные нефинансовые организации - код 7" и "некоммерческие организации, обслуживающие домашние хозяйства - код 8" в соответствии с постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 ноября 1999 года № 388 "Об утверждении Правил применения Государственного классификатора Республики Казахстан - единого классификатора назначения платежей" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1011) (далее - постановление № 388);
      краткосрочные обязательства перед нерезидентами Республики Казахстан, являющимися международными организациями, членом которых является Республика Казахстан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 декабря 2001 года "О членстве Республики Казахстан в Международном валютном фонде, Международном банке реконструкции и развития, Международной финансовой корпорации, Международной ассоциации развития, Многостороннем агентстве гарантии инвестиций, Международном центре по урегулированию инвестиционных споров, Европейском банке реконструкции и развития, Азиатском банке развития, Исламском банке развития" (далее - Закон), а также Евразийским банком развития, созданным в соответствии с Законом Республики Казахстан от 12 января 2006 года "О ратификации Соглашения об учреждении Евразийского банка развития" (далее – Закон о ратификации Соглашения).
      15. Коэффициент k5 рассчитывается как отношение совокупных обязательств Брокера и (или) дилера перед нерезидентами Республики Казахстан к собственному капиталу Брокера и (или) дилера и не должен превышать 2.
      В целях расчета коэффициента k5 из совокупных обязательств Брокера и (или) дилера перед нерезидентами Республики Казахстан исключаются:
      выпущенные Брокером и (или) дилером в обращение долговые ценные бумаги, находящиеся у нерезидентов Республики Казахстан;
      ценные бумаги, выпущенные Брокером и (или) дилером посредством дочерних организаций специального назначения в части гарантируемых Брокером и (или) дилером сумм и учитываемых на бухгалтерском балансе Брокера и (или) дилера;
      обязательства перед филиалами и представительствами иностранных компаний, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан, которые входят в секторы экономики "другие финансовые организации - код 5", "государственные нефинансовые организации - код 6", "негосударственные нефинансовые организации - код 7" и "некоммерческие организации, обслуживающие домашние хозяйства - код 8" в соответствии с постановлением № 388;
      обязательства перед нерезидентами Республики Казахстан, являющимися международными организациями, членом которых является Республика Казахстан в соответствии с Законом, а также Законом о р атификации Соглашения .
      16. Коэффициент k6 рассчитывается как отношение суммы совокупных обязательств Брокера и (или) дилера перед нерезидентами Республики Казахстан и выпущенных им в обращение долговых ценных бумаг, за исключением долговых ценных бумаг, выпущенных в соответствии с законодательством Республики Казахстан о рынке ценных бумаг в тенге, к собственному капиталу Брокера и (или) дилера и не должен превышать 4.
      В целях расчета коэффициента k6 из совокупных обязательств Брокера и (или) дилера перед нерезидентами Республики Казахстан исключаются:
      выпущенные Брокером и (или) дилером в обращение долговые ценные бумаги, находящиеся у нерезидентов Республики Казахстан;
      обязательства перед филиалами и представительствами иностранных компаний, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан, которые входят в секторы экономики "другие финансовые организации - код 5", "государственные нефинансовые организации - код 6", "негосударственные нефинансовые организации - код 7" и "некоммерческие организации, обслуживающие домашние хозяйства - код 8" в соответствии с постановлением № 388;
      обязательства перед нерезидентами Республики Казахстан, являющимися международными организациями, членом которых является Республика Казахстан в соответствии с Законом, а также Законом о р атификации Соглашения .".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, за исключением абзаца двадцать второго пункта 1 настоящего постановления, который вводится в действие с 1 января 2010 года.
      3. Департаменту стратегии и анализа (Абдрахманов Н.А.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".
      4. Департаменту информационных технологий (Тусупов К.А.) в срок до 31 декабря 2009 года обеспечить доработку модуля "Небанковские организации".
      5. Службе Председателя Агентства (Кенже А.А.) принять меры по опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Кожахметова К.Б.       

       Исполняющий обязанности
      Председателя                               К. Кожахметов