Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі N 166/314 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 19 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5825 болып енгізілді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес және "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 3-тармағының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Саяси партияларды қаржыландыру ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы саяси партияларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлуді көздейтін республикалық бюджет туралы заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Қ. Тұрғанқұлов

Хатшы

Б. Мелдешов

"Келісілген"


Қазақстан Республикасы


Мәдениет және ақпарат министрімен


__________ М.А. Құл-Мұхаммед


2009 жылғы 14 қыркүйек


"Келісілген"


Қазақстан Республикасы


Қаржы министрімен


_________ Б.Б. Жәмішев


2009 жылғы 17 қыркүйек


"Келісілген"


Қазақстан Республикасы


Экономика және бюджеттік


жоспарлау министрімен


_________ Б.Т. Сұлтанов


2009 жылғы 16 қазан



  Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2009 жылғы 3 қыркүйектегі
N 166/314 қаулысымен
бекітілген

Саяси партияларды қаржыландыру ережесі

      1. Осы Ереже "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі Заңы негізінде әзірленді және саяси партияларды қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      2. Бюджет қаражаты жыл сайын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарының соңғы сайлауы (бұдан әрі - сайлау) қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партияларға бөлінеді.

      3. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком) сайлау нәтижелерін анықтағаннан кейін бес күндік мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партиялар, және олар алған сайлаушылар дауысы туралы мәліметтерді әкімшіге жібереді.

      4. Саяси партиялардың қызметін қаржыландыруға бөлінетін бюджет қаражатының мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда, соңғы сайлаудың қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партияларға дауыс беру кезінде берілген әрбір сайлаушы дауысы үшін ең аз жалақы мөлшерінің үш пайызын ескере отырып айқындалады.

      Республикалық бюджет құрамындағы шығыстарды жоспарлауды тиісті бюджет бағдарламасының әкімшісі (бұдан әрі - әкімші) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес іске асырады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2011.06.23 № 50/80 (2010.01.01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.07 N 11/171 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      5. Бюджет қаражаты саяси партиялар арасында алынған сайлаушылардың дауыстарына барабар бөлінеді, бұл туралы әкімші Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес шешім қабылдайды.

      Саяси партияларға бюджет қаражаты жыл сайын әкімшінің міндеттемелері мен төлемдері жоспарына сай тең төлемдермен қаржылық жыл бойына айдың соңғы жұмыс күні бөлінеді.

      Саяси партияларды республикалық бюджеттен қаржыландыруға қаражат саяси партияның екінші деңгейдегі банкте ашылған жекелеген шотына түседі. Республикалық бюджеттен бөлінетін бюджеттік қаражат бойынша есеп басқа қаржыландыру көздерінен бөлек жүргізіледі.

      6. Саяси партияларды қаржыландыру Ортсайлауком Парламент Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланған депутаттары ретінде тіркеген айдан басталады және Парламенттің келесі шақырылымының бірінші сессиясы ашылған күннен бастап не Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.

      Парламент Мәжілісінің депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау өткізілетін жылы саяси партияларға республикалық бюджет қаражатынан төленетін сома осы Ереженің 3 және 4-тармақтарының және 6-тармағы бірінші абзацының талаптарын ескере отырып, нақтылануы тиіс.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2012.11.26 N 25/189 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      7. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану туралы шешімді саяси партия өзінің жарғысымен белгіленген тәртіпте қабылдайды.

      8. Республикалық бюджеттен алынған қаражатты саяси партиялар осы Ережелердің 9-тармағымен белгіленген шектеулерді ескере отырып, саяси партияның жарғылық мақсаттарын, міндеттері мен құқықтарын іске асыруға пайдаланады.

      9. Бюджет қаражатын саяси партиялар сайлауалды үгіт жүргізуге, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуге, сайлауалды көпшілік шараларын өткізуге, үгіт материалдарын шығаруға, кандидаттардың көлік шығындарын өтеуге, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет жүргізуге, қайырымдылыққа пайдаланбайды, қаражат партия мүшелері арасында бөлінбейді.

      10. Бюджет қаражатын пайдалануда саяси партиялардың бюджеттік және басқа да заңнаманы бұзғандығы анықталған жағдайда, ағымдағы жылы республикалық бюджеттен саяси партияны қаржыландыру үшін қаражат бөлу тоқтатылады.

      Саяси партия алған бюджеттік қаражатты осы Ережемен көзделмеген мақсаттарға жұмсаса, бұл қаражат республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс.

      Саяси партияларды қаржыландыруды қайтадан бастау заң бұзушылықтар жойылғаннан кейін белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

      11. Саяси партиялар меңгермеген қаржы республикалық бюджетке қайтаруға жатпайды.

      12. Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      13. Заңнамада белгіленген тәртіппен саяси партияны тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап саяси партиялар республикалық бюджеттен қаржыландыруға жатпайды.

Об утверждении Правил финансирования политических партий

Постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 3 сентября 2009 года № 166/314. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 октября 2009 года № 5825.

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 12 Конституционного закона Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан" и на основании пункта 3 статьи 18-1 Закона Республики Казахстан "О политических партиях" Центральная избирательная комиссия Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила финансирования политических партий.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня введения в действие закона о республиканском бюджете, предусматривающего выделение средств из республиканского бюджета на финансирование политических партий.

Председатель

К. Турганкулов

Секретарь

Б. Мельдешов

      "Согласовано"

      Министр культуры и информации

      Республики Казахстан

      _____________ М.А. Кул-Мухаммед "Согласовано"

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      _____________ Б.Б. Жамишев

      12 сентября 2009 года

      "Согласовано"

      Министр экономики и

      бюджетного планирования

      Республики Казахстан

      ______________ Б.Т. Султанов

      16 октября 2009 года



  Утверждены постановлением
Центральной избирательной комиссии
Республики Казахстан
от 3 сентября 2009 года № 166/314

Правила финансирования политических партий

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 15 июля 2002 года "О политических партиях" и определяют порядок финансирования политических партий.

      2. Бюджетные средства ежегодно выделяются политическим партиям, представленным в Мажилисе Парламента Республики Казахстан по итогам последних выборов депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан по партийным спискам (далее - выборы).

      3. Центральная избирательная комиссия Республики Казахстан (далее - Центризбирком) в пятидневный срок после установления итогов выборов доводит до администратора сведения о политических партиях, представленных в Мажилисе Парламента Республики Казахстан, и количестве полученных ими голосов избирателей.

      4. Размер бюджетных средств, выделяемых на финансирование деятельности политических партий, определяется в законе о республиканском бюджете на соответствующий год с учетом трех процентов от минимального размера заработной платы за каждый голос избирателя, поданный при голосовании за политические партии, представленные в Мажилисе Парламента по итогам последних выборов.

      Планирование расходов в составе республиканского бюджета осуществляется в установленном законодательством Республики Казахстан порядке администратором соответствующей бюджетной программы (далее - администратор).

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным постановлениями Центральной избирательной комиссии РК от 23.06.2011 № 50/86 (вводится в действие с 01.01.2010); от 7.02.2012 № 11/171 (вводится в действие с 01.01.2012).

      5. Бюджетные средства распределяются между политическими партиями пропорционально полученным голосам избирателей, о чем администратором в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принимается решение.

      Бюджетные средства выделяются политическим партиям равными платежами в течение финансового года в последний рабочий день месяца согласно плану финансирования администратора по обязательствам и платежам.

      Средства из республиканского бюджета на финансирование политической партии поступают на отдельный текущий счет политической партии, открываемый в банке второго уровня. По бюджетным средствам, выделяемым из республиканского бюджета, ведется раздельный учет от других источников финансирования.

      6. Финансирование политических партий начинается с месяца регистрации Центризбиркомом в качестве депутатов Мажилиса Парламента, избранных по партийным спискам, и прекращается со дня открытия первой сессии Парламента следующего созыва либо со дня назначения внеочередных выборов депутатов Мажилиса Парламента.

      Сумма выплачиваемая политическим партиям из средств республиканского бюджета в год проведения выборов депутатов Мажилиса Парламента по партийным спискам подлежит уточнению с учетом требований пунктов 3 и 4 и абзаца первого пункта 6 настоящих Правил.

      Сноск. Пункт 6 в редакции постановления Центральной избирательной комиссии РК от 26.11.2012 № 25/189 (вводится в действие с 01.01.2012).

      7. Принятие решения о распоряжении средствами, выделенными из республиканского бюджета, осуществляется политической партией в порядке, определенном ее уставом.

      8. Средства, полученные из республиканского бюджета, политические партии используют на реализацию уставных целей, задач и прав политической партии с учетом ограничений, установленных пунктом 9 настоящих Правил.

      9. Бюджетные средства не используются политическими партиями на проведение предвыборной агитации, в том числе оплату выступлений в средствах массовой информации, проведение публичных предвыборных мероприятий, выпуск агитационных материалов, транспортные расходы кандидатов, а также на осуществление предпринимательской деятельности, благотворительность, не распределяются между членами партии.

      10. При выявлении нарушений бюджетного и иного законодательства при расходовании политическими партиями бюджетных средств выделение средств из республиканского бюджета для финансирования политической партии в текущем году приостанавливается.

      При расходовании полученных политической партией бюджетных средств на цели, не предусмотренные настоящими Правилами, данные средства подлежат возврату в республиканский бюджет.

      Возобновление финансирования политических партий осуществляется в установленном порядке после устранения нарушений.

      11. Не использованные политическими партиями средства возврату в республиканский бюджет не подлежат.

      12. Контроль за расходованием бюджетных средств осуществляется в порядке, установленном бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      13. Политические партии не подлежат финансированию из республиканского бюджета со дня принятия в установленном законодательством порядке решения о прекращении деятельности политической партии.