Электр немесе жылу желілеріне қосатын және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосатын ең жақын нүктені анықтау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 1 қазандағы N 270 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5840 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 63 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 06.03.2013 № 63 Бұйрығымен.

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі Заңы 6-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Электр немесе жылу желілеріне қосатын және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосатын ең жақын нүктені анықтау ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасын және көмір өнеркәсібін дамыту департаменті (Н.Б. Бертісбаев) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейін ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                              С. Мыңбаев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Табиғи монополияларды реттеу
      агенттігінің төрағасы
      ___________ Н. Алдабергенов
      2009 жылғы 01 қазан

Қазақстан Республикасы    
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің     
2009 жылғы 01 қазандағы   
N 270 бұйрығымен бекітілген

Электр немесе жылу желілеріне қосатын және жаңартылатын
энергия көздерін пайдалану объектілерін қосатын ең жақын
нүктені анықтау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Электр немесе жылу желілеріне қосатын және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосатын ең жақын нүктені анықтау ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2009 жылғы 4 шілдедегі "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы", 2004 жылғы 9 шілдедегі "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес әзірленді және электр немесе жылу желілеріне қосатын және жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі - ЖЭК) пайдалану объектілерін қосатын ең жақын нүктені анықтаудың ерекшеліктерін регламенттейді.
      2. Осы Ережеде мынадай түсініктер қолданылады:
      жұмыс комиссиясы - жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін электр немесе жылу желілеріне қосатын ең жақын нүктені анықтау үшiн энергия өндіруші білікті ұйымның өтінімін қарау үшін энергия беруші ұйым құрған уақытша алқалы орган;
      жылу желілеріне қосатын ең жақын нүкте - жаңартылатын энергия көздері объектісін жылумен жабдықтаудың жалпы жүйесінде жылу тасымалдағыштың параметрлеріне сәйкес келетін параметрлерімен елді мекенді жылумен жабдықтаудың жалпы жүйесіне құбырдың ойым нүктесі;
      электр желілеріне қосатын ең жақын нүкте - энергия өндіруші білікті ұйымның қосалқы станциясынан ЖЭК пайдалану негізінде генерациялаушы көздің толық жобалық қуатын беру үшін өткізу қабілеті жеткілікті жұмыс істеп тұрған электр желілеріне (жобаланған және таяудағы екі жылда салуға белгіленген) дейін электр беру желілері учаскелерінің ойым нүктесі. Жел электр станциялары мен асинхронды генераторлармен жабдықталған парктер үшін ең жақын екі жақтан энергия берілетін электр беру желілері (қосалқы станцияның шиналары) болып табылады.

2. Электр желілеріне қосудың ең жақын нүктесін анықтау тәртібі

      3. Жаңартылатын энергия көздері объектілерін электр желілеріне қосудың ең жақын нүктесін анықтау техникалық-экономикалық есеп негізінде энергия өндіруші білікті ұйым анықтайтын токтың экономикалық негізделген тығыздығын сақтаумен ЖЭК объектісінің қондырылған қуатын беру шарттарын қанағаттандыруға тиіс.
      4. Энергия өндіруші білікті ұйымның ЖЭК объектісін электр желілеріне қосудың ең жақын нүктесін анықтауға арналған өтінімі энергия беруші ұйымға беріледі және ЖЭК қондырғысы туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:
      қондырғының атауы және түрі;
      учаскенің артықшылықпен жайғастырылуы (географиялық картада олардың алдын ала орналастырылуын көрсететін агрегаттарды орналастырудың балама нұсқаларының тізбесі);
      барлық қондырғының мүмкін беретін қуаты (ең жоғары мегаватт, Cos j көрсетумен және/немесе мегаватттарда, мегавольтамперлерде (бұдан әрі -МВА);
      күтілетін өнімділігі (айына мегаватт/ сағат);
      қосалқы жүйенің, соның ішінде реактивтік қуаттың, күтілетін энергия тұтынуы;
      қондырғының конструкциясы/конфигурациясы;
      кез-келген ауытқу жүктемесінің жаратылысы;
      ұсынылған энергия қондырғысы пайдаланатын технология;
      пайдалануға берудің болжамды күні;
      активті қуаттың мегаваттағы (бұдан әрі - МВт) ең аз генерациясы;
      МВА атаулы мәні, мегаватт, бойлық осі бойынша өтпелі реактивтік кедергісі, қысқа тұйықталудың қатынасы, синхронды генераторлармен/ қозғалтқыштармен энергия қондырғысының тұрақты серпіні;
      арттырушы трансформатордың МВА атаулы мәні және тікелей тізбектелген реактивті кедергі (max/min тармақтары кезінде);
      қоздырғыштың тұрпаты және санаты.
      5. Энергия өндіруші білікті ұйымнан өтінімдер түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмейтін мерзімде энергия беруші ұйым энергия өндіруші білікті ұйым, мемлекеттік энергетикалық қадағалау, жүйелік оператор мамандарын тарта отырып жұмыс комиссиясын құрады. Жұмыс комиссиясының құрамында кемінде 5 маман болуы тиіс.
      6. Жұмыс комиссиясы құрылған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей шешім қабылдайды және өзінің шешімін ЖЭК объектісін электр желілеріне қосатын нүктені анықтау туралы актімен рәсімдейді.

3. Жылу желілеріне қосудың ең жақын нүктесін анықтау тәртібі

      7. ЖЭК объектісін жылу желілеріне қосудың ең жақын нүктесін анықтау энергия өндіруші білікті ұйымның техникалық-экономикалық есебінің негізінде анықтайтын экономикалық негізделген гидравликалық режимдерін сақтаумен ЖЭК объектісінің жылу тасымалдағышының параметрлерінің жылумен жабдықтаудың жалпы жүйесіндегі жылу тасымалдағыштың тиісті параметрлеріне сәйкес келетін шарттарын қанағаттандыруға тиіс.
      8. ЖЭК объектісін жылу желілеріне қосудың ең жақын нүктесін анықтауға арналған энергия өндіруші білікті ұйымның өтінімі энергия беруші ұйымға беріледі және мынадай мәліметтерді қамтиды:
      жаңартылатын энергия көзінің пайдаланылатын түрі, жылу желілеріне қосудың ұсынылатын нүктесі, берілетін жылу энергиясының мөлшерін реттеу тәсілі;
      жылу тасымалдағыштың параметрлері және басқа тұтынушылардың жүктемелерінің есебінен қосылатын нүктелердегі гидравликалық режим;
      жылу энергиясы коммерциялық есептеу құралдарын орнату бойынша талаптар;
      жылу желілерін салу тәсілі (жерүсті немесе жерасты);
      жылыту-желдеткіш және технологиялық жүктемелерді және ыстық сумен жабдықтау жүктемесін қосудың жылу схемасы;
      температуралық кесте және желілік судың шығыны;
      салынатын немесе қайта құрылатын жылу желілерінің баланстық және пайдаланушылық тиесілілігі және тараптардың пайдалану жауапкершілігінің шекаралары.
      9. Энергия беруші ұйым энергия өндіруші білікті ұйымнан өтінім түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмейтін мерзімде энергия өндіруші білікті ұйымның, мемлекеттік энергетикалық қадағалау, энергия беруші ұйым мамандарын тарта отырып жұмыс комиссиясын құрады. Жұмыс комиссиясының құрамында кемінде 5 маман болуы тиіс.
      10. Жұмыс комиссиясы құрылған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей шешім қабылдайды және өзінің шешімін ЖЭК объектісін жылу желілеріне қосатын нүктені анықтау туралы актімен рәсімдейді.

4. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілерді қосу тәртібі

      11. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілерді электр немесе жылу желілеріне қосу үшін энергия өндіруші білікті ұйым Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 314 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Электржелілік ережесінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2001 жылғы 28 желтоқсанда N 1708 тіркелген) (бұдан әрі – Электржелілік ереже) белгіленген тәртіппен энергия беруші ұйымға техникалық шарттар алуға өтінім береді.
      12. ЖЭК объектісін электр желілеріне қосуға техникалық шарттарды энергия беруші ұйым мамандандырылған жобалау ұйымдары әзірлеген және электр желілеріне ЖЭК объектісін қосудың схемасын қамтитын электр станцияларды қосу схемасы (қуат беру) негізінде береді.
      13. ЖЭК объектісін жылу желілеріне қосуға техникалық шарттар мамандандырылған жобалау ұйымдары әзірлеген және ЖЭК объектісін жылу желілеріне қосу схемасын қамтитын ЖЭК объектісін жылу желілеріне қосу схемасы негізінде беріледі.
      14. Егер қосылатын қондырғының параметрлері электр немесе жылу желілерінің шекті параметрлерінің шегінен шығуға алып келмесе, энергия беруші ұйым ЖЭК объектісін қосуға қажетті техникалық шартты Электржелілік ережесіне сәйкес әзірлейді.
      15. Энергия өндіруші білікті ұйымның техникалық шарттарды алуға өтінімін энергия беруші ұйым, егер қолданыстағы электр немесе жылу желілерін күшейту қажет болмаса, бір ай мерзімінде қарайды. Қосу желілерді күшейтуді талап еткен жағдайларда өтінімдерді қарау 2 айдан аспайтын мерзімді құрайды.
      16. Техникалық шарттарды алуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша энергия беруші ұйым жұмыс комиссиясы анықтаған косу нүктесін көрсете отырып жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектіні электр немесе жылу желісіне қосуға техникалық шарт береді.
      17. Қосуға техникалық шарттың қолданылу мерзімі оны энергия өндіруші білікті ұйым қабылдағаннан кейін, тараптардың уағдаластығы бойынша, бірақ қолданыстағы жобалау және құрылыс нормалары негізінде анықталған ЖЭК объектілерінің жобалау алдындағы зерттеулер, жобалау және салу кезеңдеріне қажетті мерзімнен кем емес мерзім белгіленеді.
      18. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің инфрақұрылымдық бөлігін қосу нүктесіне дейін салуды жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектінің меншік иесі шығындарды жобаның құнына қоса отырып жүзеге асырады.
      19. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілерді қосу үшін энергия беруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған электр және жылу желілерін кеңейту мен қайта жаңартуды электр және (немесе) жылу желілерінің меншік иесі осы шығындарды энергия беруші ұйымның тарифіне міндетті түрде енгізе отырып, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      20. Егер өңірлік электр желілеріне жүктемесі немесе шығару қуаты 0,1-ден 10 МВт дейінгі ЖЭК объектісі қосылғанда, энергия беруші ұйым мен энергия өндіруші білікті ұйым өтінімдер түскен күннен бастап бір ай ішінде жабдықтарды қосуға ұсыныстың мәртебесі туралы жүйелік операторға хабарлайды және қосуға өтінімнің көшірмесін жібереді. ЖЭК объектісінің 10 МВт-тан асатын қуатын қосқан кезде энергия беруші ұйым мен энергия өндіруші білікті ұйым қосуға өтінім мен ұсынысты жүйелік оператормен келіседі.
      21. ЖЭК объектісін электр немесе жылу желілеріне қосу Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Дауларды шешу

      22. Электр немесе жылу желілеріне қосатын және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосатын ең жақын нүктені анықтау мәселесі бойынша энергия беруші ұйымдар мен энергия өндіруші ұйымдар арасында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады