Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 61 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 242 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5985 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының «Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 61 қаулысына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4138тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесінде:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) пайдасына бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған тұлғалар туралы;»;
      мынадай мазмұндағы 23-2 және 23-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «23-2. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы лицензиясынан айырылған жағдайда номиналды ұстаушы клиенттердің номиналды ұстауға берілген активтердің қайтаруын қамтамасыз ету мақсатында номиналды ұстаушының есеп жүргізу жүйесінде клиентпен номиналды ұстау жөнінде жасалған шарт аясында ашылған шоттардағы активтерді есептен шығару жөніндегі бұйрықтарды номиналды ұстаушыға ұсыну қажеттілігі туралы клиенттерді хабардар етеді.
      Номиналды ұстаушы клиенттің активтерін есептен шығару жөніндегі бұйрығын алған жағдайда осы Ереженің 23-1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді орындайды.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны клиентке жіберген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде клиенттің активтерін есептен шығару туралы бұйрықты не клиенттің орналасқан жерде (тұрғылықты жері бойынша) болмауы туралы хабарламаны алмаған жағдайда, номиналды ұстаушы:
      1) орталық депозитарийге орталық депозитарийдің есеп жүргізу жүйесінде ашылған номиналды ұсатушының шотынан бағалы қағаздарды кейін оларды эмитенттің бағалы қағаздарын ұсатушыларының тізілімдері жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушінің номиналды ұстаушының клиентіне бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімі жүйесінде ашылған жеке шотына есепке алуы мақсатында бағалы қағаздарды есептен шығару жөнінде бұйрық жібереді;
      2) клиенттің ақшасын, кейіннен оларды номиналды ұстаушының осы клиентіне тапсыру үшін, нотариус депозитіне береді;
      3) осы тармақтың үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді жасағаны туралы клиентті хабардар етеді.
      Орталық депозитарий номиналды ұстаушының шотынан клиенттердің активтерін есептен шығаруды номиналды ұстаушының бұйрықтары негізінде жүзеге асырады.
      23-3. Орталық депозитарий номиналды ұстаушының бұйрығын алған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде эмитенттің бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушіге номиналды ұстаушыға оның клиенті номиналды ұстаудың есебін жүргізу жүйесінде жеке шотты ашу үшін ұсынған құжаттардың түпнұсқаларын және
      1) номиналды ұстаушының клиенті болып табылатын бағалы қағаздардың меншік иесіне тізілімдер жүйесінде жеке шотты ашу;
      2) номиналды ұстаушының клиенті болып табылатын бағалы қағаздардың меншік иесіне бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінде ашылған жеке шотына оған тиесілі бағалы қағаздарды есепке алу жөніндегі бұйрықтарды жібереді.
      Тізілімдер жүйесіндегі жеке шотқа есепке алынған бағалы қағаздардың меншік иесі орталық депозитарийге өтініш жасаған жағдайда орталық депозитарий оған жеке шотының деректемелері мен осы жеке шотты ашқан тіркеуші туралы мәліметтерді ұсынады.»;
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Бағалы қағаздар ұстаушының жеке шотын жабу бойынша операцияны:
      1) жеке шотты жабу жөніндегі бұйрықтың негізінде;
      2) егер осы клиентпен жасалған номиналды ұстау туралы шартта өзге мерзім белгіленбесе соңғы он екі айда осы жеке шотта бағалы қағаздар болмаған жағдайда;
      3) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы лицензиясынан айырылған жағдайда клиентке барлық активтер қайтарылған жағдайда номиналды ұстаушы жүргізеді.
      Жеке шотты жапқан кезде клиентке номиналды ұстаушының ішкі құжатында белгіленген нысанда тиісті хабарлама жіберіледі.»;
      1-қосымшаның екінші кестесінің «ауыртпалық» деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«

пайдасына ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғаны көрсете отырып, ауыртпалық салынған

                  »;
      2-қосымшаның үшінші кестесінің «ауыртпалық түсірілген және (немесе) оқшауланған» деген бағандары мынадай редакцияда жазылсын:

«

пайдасына ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғаны көрсете отырып, ауыртпалық салынған және (немесе) оқшауланған

                  ».

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                          Е. Бахмутова

О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 61 "Об утверждении Правил регистрации профессиональными участниками рынка ценных бумаг, оказывающими услуги номинального держания, сделок с ценными бумагами, оформления и выдачи ими выписки с лицевого счета держателя ценных бумаг и раскрытия информации номинальным держателем"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 ноября 2009 года № 242. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 января 2010 года № 5985. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 22 октября 2014 года № 210

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 22.10.2014 № 210 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов, регулирующих деятельность профессиональных участников рынка ценных бумаг, оказывающих услуги номинального держания, Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правления Агентства от 25 февраля 2006 года № 61 "Об утверждении Правил регистрации профессиональными участниками рынка ценных бумаг, оказывающими услуги номинального держания, сделок с ценными бумагами, оформления и выдачи ими выписки с лицевого счета держателя ценных бумаг и раскрытия информации номинальным держателем" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4138) следующие дополнения и изменения:
      в Правилах регистрации профессиональными участниками рынка ценных бумаг, оказывающими услуги номинального держания, сделок с ценными бумагами, оформления и выдачи ими выписки с лицевого счета держателя ценных бумаг и раскрытия информации номинальным держателем, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 4 дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:
      "3-1) лицах, в пользу которых осуществлено обременение ценных бумаг;";
      дополнить пунктами 23-2 и 23-3 следующего содержания:
      "23-2. В случае лишения лицензии профессионального участника рынка ценных бумаг, осуществляющего брокерскую и (или) дилерскую деятельность с правом ведения счетов клиентов в качестве номинального держателя, номинальный держатель в целях обеспечения возврата активов клиентов, переданных в номинальное держание, уведомляет их о необходимости предоставления номинальному держателю приказов на списание активов, находящихся на счетах клиентов в системе учета номинального держателя, открытых в рамках заключенного с клиентом договора о номинальном держании.
      В случае получения от клиента приказов на списание активов номинальный держатель исполняет действия, предусмотренные в части первой пункта 23-1 настоящих Правил.
      В случае неполучения от клиента в течение девяноста календарных дней с даты направления ему уведомления, указанного в части первой настоящего пункта, приказа на списание активов от клиента либо получения уведомления о том, что клиент отсутствует по месту нахождения (месту жительства), номинальный держатель:
      1) направляет центральному депозитарию приказ на списание ценных бумаг со счета номинального держателя, открытого в системе учета центрального депозитария, в целях их последующего зачисления на лицевой счет, открытый клиенту номинального держателя в системе реестров держателей ценных бумаг регистратором, осуществляющим ведение системы реестра держателей ценных бумаг эмитента;
      2) передает деньги клиента в депозит нотариусу для их последующей передачи данному клиенту номинального держателя;
      3) уведомляет клиента о совершении действий, указанных в подпунктах 1) и 2) части третьей настоящего пункта.
      Центральный депозитарий осуществляет списание активов клиентов со счетов номинального держателя на основании приказов номинального держателя.
      23-3. Центральный депозитарий в течение трех календарных дней с даты получения приказа номинального держателя на списание ценных бумаг со счета номинального держателя направляет регистратору, осуществляющему ведение системы реестров держателей ценных бумаг эмитента, документы, предоставленные номинальному держателю его клиентом для открытия лицевого счета в системе учета номинального держания, и приказы на:
      1) открытие в системе реестров держателей ценных бумаг лицевого счета собственнику ценных бумаг, являвшемуся клиентом номинального держателя;
      2) зачисление на лицевой счет, открытый в системе реестров держателей ценных бумаг собственнику ценных бумаг, являвшемуся клиентом номинального держателя, принадлежащих ему ценных бумаг.
      В случае обращения в центральный депозитарий собственника ценных бумаг зачисленных на лицевой счет, открытый в системе реестров держателей ценных бумаг, центральный депозитарий предоставляет данному собственнику ценных бумаг реквизиты его лицевого счета и сведения о регистраторе его открывшем.";
      пункт 32 изложить в следующей редакции:
      "32. Операция по закрытию лицевого счета держателя ценных бумаг проводится номинальным держателем:
      1) на основании приказа клиента на закрытие лицевого счета;
      2) при отсутствии на данном лицевом счете ценных бумаг в течение последних двенадцати месяцев, если иной срок не установлен договором о номинальном держании с данным клиентом;
      3) при возврате активов клиенту в случае лишения лицензии профессионального участника рынка ценных бумаг, осуществляющего брокерскую и (или) дилерскую деятельность с правом ведения счетов клиентов в качестве номинального держателя.
      При закрытии лицевого счета держателя ценных бумаг клиенту направляется соответствующее уведомление по форме, установленной внутренним документом номинального держателя.";
      столбец «обременение» таблицы второй приложения 1 изложить в следующей редакции:

"

обременение
с указанием
лиц, в
пользу которых
осуществлено
обременение


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

";

      столбцы "обремененных и (или) блокированных" таблицы третьей приложения 2 изложить в следующей редакции:

"

обремененных
и (или)
блокированных,
с указанием
лиц, в пользу
которых
осуществлено
обременение
и (или)
блокирование


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
       3. Департаменту надзора за субъектами рынка ценных бумаг и накопительными пенсионными фондами (Хаджиева М.Ж.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц «Ассоциация финансистов Казахстана».
      4. Службе Председателя Агентства (Кенже А.А.) принять меры по опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Алдамберген А.У.

      Председатель                               Е. Бахмутова