Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 241 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5986 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 257 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 257 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4602 тіркелген, 2007 жылғы наурыз – сәуірде Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы 25 сәуірде "Заң газеті" газетінің № 62 (1091) санында жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесінде:

      3-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) кредитті өтеудің және сыйақының тәртібі, кезеңділігі;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) кредит бойынша берешекті өтеу кезектілігі, уақтылы өтемегені үшін тұрақсыздық айыбын есептеу тәртібі мен мөлшері және сыйақы төлеу;";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кредит беру, кепіл, талап ету құқықтарын беру немесе кредит бойынша борышты аудару туралы шарттардың түпнұсқаларына, оларға қосымша келісімдерге және банк банктің уәкілетті органы бекіткен шарттың үлгілік нысанын қолданусыз не банктің уәкілетті органы бекітусіз осындай үлгілік нысанды өзгертумен кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты жасасатын шарттардың түпнұсқаларына (бұдан әрі – шарттардың түпнұсқалары) банктің заң қызметі басшысының (банктің филиалында – банк филиалының заңгерінің) қолы қойылады және тараптардың қолы қойылады және заемшы - заңды тұлғаның, сондай-ақ банктің мөрімен расталады.";

      РҚАО-ның ескертуі!!!
      Үшінші бөлік 2009 жылғы 18 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке тұлғалар үшін осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 4-1), 5), 6), 6-1), 7), 9) тармақшаларында көрсетілген талаптар мынадай тәртіппен: осы тармақтың 1), 2), 3), 7), 5), 4), 4-1) тармақшалары көрсетілген ретімен кредит беру туралы шарттың алғашқы екі бетінде (немесе егер шарт парақты екі бағанға бөле отырып, бір уақытта екі тілде ресімделетін болса, алғашқы төрт бетте), осы тармақтың 6), 6-1), 9) тармақшалары тікелей олардан кейін көрсетіледі.

      Заңды тұлғалар үшін осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 4-1), 5), 6), 6-1), 7), 9) тармақшаларында көрсетілген талаптар мынадай тәртіппен: осы тармақтың 2), 3), 4), 4-1), 5), 7), 9) тармақшалары көрсетілген ретімен кредит беру туралы шарттың алғашқы екі бетінде (немесе егер шарт парақты екі бағанға бөле отырып, бір уақытта екі тілде ресімделетін болса, алғашқы төрт бетте), осы тармақтың 1), 6), 6-1), 9) тармақшалары тікелей олардан кейін көрсетіледі.";

      4-тармақ алынып тасталсын;

      6-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Банк мынадай талаптар:

      Қазақстан Республикасының аумағындағы банктің үй-жайында орналасқан, шарттардың түпнұсқаларын, кепіл берушінің кепілге салынған мүлікке меншік құқығын (шаруашылық жүргізу, оперативті басқару құқығын) растайтын құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын және банк қабылдаған қамтамасыз ету жөніндегі басқа да құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға арналған банктің қоймаларына қойылатын;

      шарттардың түпнұсқаларын, кепіл берушінің кепілге салынған мүлікке меншік құқығын (шаруашылық жүргізу, оперативті басқару құқығын) растайтын құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын және банктің қоймасына сақтауға берілген банк қабылдаған қамтамасыз ету жөніндегі басқа да құжаттардың түпнұсқаларын сақтау мен есепке алу жөніндегі;

      банктің басшы қызметкерлерінің санынан шарттардың, кепіл берушінің кепілге салынған мүлікке меншік құқығын (шаруашылық жүргізу, оперативті басқару құқығын) растайтын құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын және банктің қоймасына сақтауға берілген банк қабылдаған қамтамасыз ету жөніндегі басқа да құжаттардың түпнұсқаларын сақтау мен есепке алу үшін жауапты тұлғалардың тізбесін бекіту жөніндегі талаптар бар, бірақ олармен шектелмейтін ішкі ережелерді әзірлейді және бекітеді.

      Құжаттамасын сақтау талаптары осы Ереженің 29-тармағында көзделген синдикатталған займдарды беру жөніндегі шарттарды қоспағанда, шарттардың түпнұсқалары Қазақстан Республикасынан тыс сақталуы мүмкін емес.";

      8-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      4) тармақшада:

      "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "нотариатта куәландырылған көшірмелері" деген сөздерден кейін "(банкте көрсетілген құжаттар бар болған кезде – осындай құжаттардың көшірмелері)" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) тармақшада "Жалғыз акционері мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания болып табылатын заңды тұлғаның кепілі (кепілдемесі) бойынша жүзеге асырылатын білім беруді" деген сөздер "Білім беруді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) жинақтаушы зейнетақы қорының заемшы (тең заемшы) - жеке тұлғаның жеке зейнетақы шотынан соңғы алты айға үзінді көшірмесі. Білім беруді кредиттеу жүйесінің аясында берілген кредиттер бойынша, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылғанын растайтын құжаттар болған кезде Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған жеке тұлғалардың кредиттері бойынша аталған құжаттың болуы талап етілмейді;

      22) салық қызметінің органдары берген, банктің уәкілетті органының кредиттеуге берілген өтінімді қарау күніне дейін заемшы - заңды тұлғаның салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығын растайтын заемшы - заңды тұлғаның салықтық берешегінің, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама және (немесе) салыстырып тексеру актісі;";

      мынадай мазмұндағы 23) және 24) тармақшалармен толықтырылсын:

      "23) кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроға ұсынуға келісімінің көшірмесі (оның түпнұсқасы банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуы тиіс);

      24) кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімінің көшірмесі (оның түпнұсқасы банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуы тиіс).";

      үшінші бөліктің бірінші сөйлемінде:

      "22)" деген цифрдан кейін ", 23), 24)" деген цифрлармен толықтырылсын;

      "1), 4) - 6), 11), 13), 14), 18), 20), 22) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың," деген сөздерден кейін "уәкілетті органмен бекітілген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резерв) құру тәртібіне сәйкес бірыңғай кредиттер портфеліне енгізілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      "21)" деген цифрдан кейін ", 23), 24)" деген цифрлармен толықтырылсын;

      9-тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын;

      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тәуелсіз бағалаушының кредитті беру сәтінде жылжымайтын мүлікті бағалау туралы (оның нарықтық құнын анықтайтын және дәлелдейтін) есебі, сондай-ақ банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес жасалған банктің кепілді қамтамасыз ету жөніндегі қорытындысы;";

      11-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оның тиісті уәкілетті органда тіркелгені туралы белгісі бар кепілдік туралы шарттың көшірмесі (оның түпнұсқасы банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуы тиіс);";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тәуелсіз бағалаушының кредитті беру сәтінде оның нарықтық құнын анықтайтын және дәлелдейтін кепілге берілген жылжымайтын мүлікті (ақшаны және бағалы қағаздарды қоспағанда) бағалау туралы есебі, сондай-ақ банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес жасалған банктің кепілді қамтамасыз ету жөніндегі қорытындысы;";

      14-тармақта:

      1) тармақшада:

      "түпнұсқалары" деген сөз "көшірмелері (олардың түпнұсқалары банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуы тиіс)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жинақтаушы зейнетақы қорының кепілгердің немесе кепіл берушінің - жеке тұлғаның жеке зейнетақы шотынан соңғы алты айға үзінді көшірмесі (мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылғанын растайтын құжаттар болған кезде Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған жеке тұлға кепілгер немесе кепіл беруші болып табылатын жағдайда аталған құжаттың болуы талап етілмейді);";

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. "Стрессті активтер қоры" акционерлік қоғамы екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын сатып алу мақсатында құратын арнайы қаржы компаниясымен (бұдан әрі – АҚК) жасалатын секьюритилендіру мәмілелері бойынша секьюритилендірілген кредиттер жөніндегі кредиттік досьеде осы Ереженің 8, 10, 11 және 13-тармақтарында көрсетілген негізгі құжаттама тізбесіне қосымша мынадай құжаттар болуы тиіс:

      1) банктің және АҚК-нің арасында жасалған секьюритилендірілген кредиттер бойынша талап ету құқығын беру шартының көшірмесі (оның түпнұсқасы банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуы тиіс);

      2) банктің және АҚК-нің арасында жасалған секьюритилендіру мәмілелері бойынша секьюритилендірілген кредиттердің портфелін сенімгерлік басқару шартының көшірмесі (оның түпнұсқасы банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуы тиіс).";

      23-тармақта "1)-6), 8), 9), 11), 14), 18), 20) тармақшаларда және осы Ереженің 8-тармағының 22) тармақшасында" деген сөздер және цифрлар "осы Ереженің 8-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 11), 14), 16), 18), 20), 22), 23), 24) тармақшаларында, 9-тармағының 2), 6) тармақшаларында" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      23-1-тармақта "1), 2), 3), 5), 6), 11), 14), 16), 18) және 22)" деген сөз және цифрлар "1), 3), 6), 11), 14), 16)" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      24-тармақтың екінші бөлігінде "1)-6), 8), 9), 11), 14), 18), 20) тармақшаларда және осы Ереженің 8-тармағының 22) тармақшасында" деген сөздер және цифрлар "осы Ереженің 8-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 11), 14), 18), 20), 22), 23), 24) тармақшаларында" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;

      25-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) 35 000 (отыз бес мың) айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын нарықтық құны бар жылжымайтын мүлік бойынша тәуелсіз бағалаушының жыл сайынғы есебі, сондай-ақ банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес жасалған банктің кепілді қамтамасыз ету жөніндегі қорытындысы;";

      7-1) тармақшада:

      "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      ";" деген тыныс белгісі "." деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Заемшының құрылтай құжаттарында немесе заемшының жай акцияларының он және одан астам пайызын иеленетін акцияларды ұстаушылар тізілімінде өзгерістер мен толықтырулар болмаған жағдайда, кредиттік досьеде міндетті түрде заемшының осындай өзгерістер мен толықтырулардың жоқ екендігі туралы хаты болуы тиіс;";

      27-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Банктің әлі жауапкершілігі басталмаған кепілдіктері бойынша осы Ереженің 25-тармағында (осы тармақтың 5), 6), 7), 8) тармақшаларын қоспағанда) көрсетілген құжаттама жүргізіледі.";

      27-1-тармақта "9-тармағының 2) тармақшасында және" деген сөздер мен цифрлар алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:

      "28-1. Банктің және АҚК-нің арасында жасалған сенімгерлік басқару шартының негізінде секьюритилендіру мәмілелері бойынша секьюритилендірілген кредиттердің портфеліне біріктірілген кредиттердің мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыратын банк тоқсанына кем дегенде бір рет шектеусіз мынадай мәліметтер:

      1) кредитті қайтару бойынша төлемдердің тұрақты және толық болуын көрсететін мониторинг есептері;

      2) портфельге жүргізілген талдау және оның нәтижелері туралы ақпарат, оның ішінде жер учаскесін дамыту және (немесе) құрылыстың аяқталуы ескеріліп есептелген жылжымайтын мүлік объектісінің құрылысы жоспарын уақтылы іске асыру жөніндегі есеп;

      3) банктің заемшылардың өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда қабылдаған шаралары жөнінде куәландыратын есептер, құжаттар;

      4) секьюритилендірілген кредиттер бойынша кредиттік тәуекелдің мөлшері туралы банктің қорытындылары, сондай-ақ провизияларды (резервтерді) есептеу туралы ақпарат;

      5) секьюритилендірілген кредиттер бойынша заемшылардың тізімі;

      6) секьюритилендірілген кредиттер бойынша қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы тоқсан сайынғы есеп;

      7) банктің ішкі кредиттік саясатында белгіленген басқа құжаттар, есептер кіретін, жүргізілген талдау туралы ақпаратты құжаттамалық тұрғыда ресімдейді және кредиттік досьеге кіргізеді.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Банктер синдикаты синдикатталған займдарды беру кезінде осы Ереженің 8, 10, 11, 12, 13, 14-тармақтарында көзделген кредиттеу жөніндегі құжаттама түпнұсқада агент-банкте және синдикатталған займдарға қатысушы банктерде сақталуы тиіс.

      Кепіл берушінің кепілге салынған мүлікке меншік құқығын (шаруашылық жүргізу, оперативті басқару құқығын) растайтын құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқалары және қабылданған қамтамасыз ету жөніндегі басқа да құжаттардың түпнұсқалары қамтамасыз ету қабылданған синдикатталған займдарға қатысушы банкте, синдикатталған займдарға қатысушы басқа банктерде – нотариатта куәландырылған көшірмелер түрінде сақталады.";

      30-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының 1-тармағының оныншыдан он екіншіге дейінгі абзацтарының қолданылуы 2009 жылғы 18 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Осы қаулының 1-тармағының елу үшіншіден елу алтыншыға дейінгі, жетпісіншіден жетпіс сегізіншіге дейінгі абзацтарының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға таралады.

      4. Банктерді қадағалау департаменті (М.С. Бөбеев):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.

      5. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады