Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 122 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6043 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 258 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру  және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (бұдан әрі - инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар) қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері 50 000 000 (елу миллион) теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Шегенов Ғ.Б.):
      1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      5. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                            Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
      реттеу мен қадағалау агенттігі
      Төрайым ________ Бахмутова Е.Л.
      2010 жылғы 25 қаңтар

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 122 қаулысына қосымша   

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы» 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2186 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2186 тіркелген 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 141 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2315 тіркелген).
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені Бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2186 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы» 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі № 214 қаулысының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2432 тіркелген).
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2186 тіркелген 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 1 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2004 жылғы 16 ақпандағы № 42 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2749 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2004 жылғы № 25-28 жарияланған).
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы» 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 1 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 225 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3756 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады