"Астана қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 29 мамырдағы N 23-10-482қ қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 маусымдағы N 23-570қ Қаулысы. Астана қаласы Әділет департаментінде 2009 жылғы 3 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 584 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 158-2247 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 16.11.2016 № 158-2247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      " Халықты жұмыспен қамту туралы " Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, " Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы " Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі, " Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Астана қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 29 мамырдағы N 23-10-482қ қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 13 маусымда N 441 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2006 жылғы 24 маусымдағы N 96-98 нөмірінде; "Вечерняя Астана" газетінің 2006 жылғы 20 маусымдағы N 91 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      кіріспе "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақтағы "елуден астам жұмыскерлері бар" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. "Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М.Рахымжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                          И. Тасмағамбетов

О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Астаны от 29 мая 2006 года № 23-10-482п "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов города Астаны"

Постановление акимата города Астаны от 17 июня 2009 года N 23-570п. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 3 июля 2009 года N 584. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 16 ноября 2016 года № 158-2247.

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 16.11.2016 № 158-2247 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года « О занятости населения », от 13 апреля 2005 года « О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан », от 9 февраля 2009 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам местного государственного управления и самоуправления» акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Астаны от 29 мая 2006 года № 23-10-482п «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов города Астаны» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 13 июня 2006 года за № 441, опубликовано в газетах «Астана хабары» от 24 июня 2006 года, № 96-98; «Вечерняя Астана» от 20 июня 2006 года, № 91) следующие изменение и дополнение:
      преамбулу после слова «управлении» дополнить словами «и самоуправлении»;
      в пункте 1 слова «, имеющим численность работников свыше пятидесяти человек,» исключить.
      2. Государственному учреждению «Управление занятости и социальных программ города Астаны» произвести государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Астаны Рахимжанова А.М.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

       Аким                                         И. Тасмагамбетов