Степногорск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-14/3 "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-27/3 шешімі. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 қаңтарда № 1-2-125 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 31 қазандағы № 5С-10/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012.10.31 № 5С-10/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 11)14) тармақшаларына, «Тұрғын–үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихатШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Степногорск қалалық мәслихатының «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-14/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-106 тіркелген, 2009 жылы 20 ақпандағы «Степногорск Ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру ережесінде:
      келесі мазмұндағы 19-1 тармағымен толықтырылсын:
      «19-1. Қалалық және ауылдық жерлерде тұратын тұрғындар үшін жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін есептік көрсеткіш шамасының бес есе мөлшеріндегі кіріс (саяжай учаскесінен, үйдің жанындағы учаскеден, бақшадан түскен табыстардан басқалары) есептеледі».
      2. Осы шешім Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А.Махатов

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ғ.Көпеева

      КЕЛІСІЛДІ:

      Степногорск
      қаласының әкімі                            А.Н.Никишов

О внесении дополнения в решение Степногорского городского маслихата от 23 декабря 2008 года № С-14/3 "Об утверждении Правил оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища, оплату коммунальных услуг и услуг связи"

Решение Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 12 декабря 2009 года № 4С-27/3. Зарегистрировано Управлением юстиции города Степногорска Акмолинской области 14 января 2010 года № 1-2-125. Утратило силу - решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 31 октября 2012 года № 5С-10/3

      Сноска. Утратило силу - решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 31.10.2012 № 5С-10/3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      В соответствии с подпунктами 11)14) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан»,статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», Степногорский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Степногорского городского маслихата «Об утверждении Правил оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища, оплату коммунальных услуг и услуг связи» от 23 декабря 2008 года № 4С-14/3 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-2-106, опубликовано 20 февраля 2009 года в газетах «Степногорск ақшамы» и «Вечерний Степногорск») следующее дополнение:
      в Правилах оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища, оплату коммунальных услуг и услуг связи, утвержденным вышеуказанным решением:
      дополнить пунктом 19-1 следующего содержания:
      «19-1. Для жителей, проживающих в городской и сельской местности доход от личного подсобного хозяйства (за исключением доходов от дачных участков, приусадебных участков, огородов) учитываются в размере пяти кратной величины расчетного показателя».
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Управлении юстиции города Степногорска и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
      городского маслихата                       А.Махатов

      Секретарь
      городского маслихата                       Г.Копеева

      СОГЛАСОВАНО:

      Аким города
      Степногорска                               А.Никишов