Астрахан ауданының аумағында жүзеге асырушы кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін бір жолғы талондардың бағасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 4С-19-13 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 қаңтарда № 1-6-116 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 мамырдағы № 4С-23-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2010.05.27 № 4С-23-4 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 қаңтардағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Кодексін әрекетке енгізу туралы» (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 5 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Астрахан ауданының аумағында жүзеге асырушы кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін бір жолғы талондардың бағасы белгіленсін.
      2. Астрахан аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С-4-4 «Астрахан ауданының аумағында жүзеге асырушы кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін бір жолғы талондардың бағасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-74 тіркелген, 2008 жылғы 25 қантарда аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан аудандық
      мәслихатының
      сессия төрағасы                            И. Федоренко

      Астрахан аудандық
      мәслихатының хатшысы                       В. Собеский

      КЕЛІСІЛДІ:

      Астрахан ауданының әкімі                   Р. Әкімов

      «Қазақстан Республикасының Қаржы
      Министрлігі Салық комитетінің Ақмола
      облысы бойынша Салық Департаментінің
      Астрахан ауданы бойынша салық
      басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Г. Пугачева

      Астрахан ауданының «Кәсіпкерлік
      бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Ж. Сағынаев

Астрахан аудандық мәслихатының
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 4С-19- 13 шешіміне қосымша

Астрахан ауданының аумағында жүзеге
асырушы кәсіпкерлік қызметтің жекелеген
түрлері үшін бір жолғы талондардың бағасы

№ п/п

Қызмет түрі бойынша сатылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің атаулары

Бір жолғы талонның 1 күндік бағасы айлық есептік көрсеткіштен %

1.

Сату (қызметтен тыс стационарлық үй-жайларда жүзеге асырылатын)

1)

Көкөністер, жемістер

10

2)

Сүт және сүт өнімдері

4

3)

Киім, аяқ киімдер

5

4)

Халық тұтынатын басқа тауарлар

5

5)

газеттер мен журналдарды

5

6)

тұқымдар, сондай-ақ отырғызатын материалдар

5

7)

бақша дақылдары

20

8)

саяжайлар мен үй маңындағы учаскелерде өсірілген тірі гүлдері

5

9)

қосалқы ауыл шаруашылығынан, бақшадан және саяжай учаскелерінен алынған азық-түлік

10

10)

Құс және малдар үшін тағам

10

11)

Сыпырғыш, сыпырғы, орман жидектері, бал, саңырауқұлақ және балық

10

12)

Қосалқы бөлшектер

30

2.

Жер учаскелерін өңдеу бойынша меншікті трактор иелерінің қызметтері

10

3.

Меншікті жеңіл машиналар иелерінің тасымалдау бойынша қызметтері

15

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады