Бұланды аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-6/7 шешімімен бекітілген, Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлеуге тұрмыстық жәрдемақы төлеу ережесіне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-23/5 шешімі. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 қаңтарда № 1-7-103 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 5С-4/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2012.04.27 № 5С-4/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына«Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметі үшін абоненттік төлем тарифтерінің өсуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес, заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдер мониторингісінің нәтижесі бойынша Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Бұланды аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-6/7 шешімімен бекітілген, Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлеуге тұрмыстық жәрдемақы беру ережесіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-58 тіркелген, 2008 жылғы 1 ақпандағы «Бұланды таңы» № 5, «Вести Бұланды жаршысы» № 5 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Ереженің атауында, 2, 3 тармақтардағы «және байланыс қызметі» деген сөздер «және телекоммуникация қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1, 16, 17 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Осы ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметі үшін абоненттік төлем тарифтерінің өсуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» № 512 қаулысының негіздерінде әзірленді және тұрмыстық жәрдемақы төлену тәртібін аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) айқындайды.»;
      «16. Абонент - осы мақсаттар үшін абоненттік желі абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөлінген, байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан жеке тұлға.
      «17. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы - тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілу шығындарын өтеуге арналған ақшалай өтемақы.»
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қаржы, табиғи ресурстарды пайдалану, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
      3. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті 23-сессияның
      төрағасы                                   Д.Айдынбаев

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    П.Веселов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Бұланды ауданының әкімі                    Е.Нұғыманов

      «Бұланды аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            К.Есмағамбетова

О внесении изменений в Правила предоставления малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья (кроме содержания индивидуального жилого дома), оплату жилищно-коммунальных услуг и услуг связи, утвержденные решением Буландынского районного маслихата от 12 декабря 2007 года № 4С-6/7

Решение Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 12 декабря 2009 года № 4С-23/5. Зарегистрировано Управлением юстиции Буландынского района Акмолинской области 21 января 2010 года № 1-7-103. Утратило силу - решением Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 27 апреля 2012 года № 5С-4/4

      Сноска. Утратило силу - решением Буландынского районного  маслихата Акмолинской области от 27.04.2012 № 5С-4/4 (вводится в действие со дня официального опубликования) 
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 «О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам», по результатам мониторинга подзаконных нормативных правовых актов Буландынский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в Правила предоставления малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья (кроме содержания индивидуального жилого дома), оплату жилищно-коммунальных услуг и услуг связи, утвержденные решением Буландынского районного маслихата от 12 декабря 2007 года № 4С-6/7 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-7-58, опубликовано 1 февраля 2008 года в газетах «Бұланды таңы» № 5, «Вести Бұланды жаршысы» № 5) следующие изменения:
      в заголовке Правил, в пунктах 2, 3 слова «и услуг связи» заменить словами «и услуг телекоммуникаций»;
      пункты 1, 16, 17 изложить в новой редакции:
      «1. Настоящие Правила разработаны на основании Законов Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», постановления Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 «О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам» и определяют порядок предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам).»;
      «16. Абонент - физическое лицо, с которым заключен договор на оказание услуг связи с выделением для этих целей абонентской линии, абонентского номера и (или) идентификационного кода.
      «17. Компенсация повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам-денежная компенсация, входящая в состав жилищной помощи по оплате содержания жилища и потребления коммунальных услуг, предназначенная для возмещения затрат повышения тарифов абонентской платы за телефон.»
      2. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию по вопросам социально-экономического развития, бюджета, финансам использования природных ресурсов, экологии и работы с ветеранами.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в управлении юстиции Буландынского района и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель 23
      очередной сессии                           Д.Айдынбаев

      Секретарь районного
      маслихата                                  П.Веселов

      СОГЛАСОВАНО:

      Аким Буландынского района                  Е.Нугманов

      Начальник государственного
      учреждения «Отдел занятости и
      социальных программ
      Буландынского района»                      К.Исмагамбетова