Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Степняк қаласындағы көшелердің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қазандағы № A-10/177 қаулысы және Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2009 жылғы 26 қазандағы № С-18/6 шешімі. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 желтоқсанда № 1-10-105 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына сәйкес, тұрғындар пікірлерін ескере отырып, Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің жанындағы ономастика және тілдер саясаты жөніндегі комиссияның 2009 жылғы 2 қазандағы шешіміне сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Степняк қаласындағы көшелердің атауы өзгертілсін:
      1) Ленин көшесінің № 1 үйінен № 48-ге дейінгі бөлігі Сәкен Сейфуллин атындағы көше болып өзгертілсін;
      2) Ленин көшесінің № 49 үйінен № 135-ке және Біржан көшесі, Біржан сал көшесі болып өзгертілсін.
      2. Қаулы мен шешім Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
      3. Қаулы мен шешім ресми түрде алғаш жарияланғаннан кейін, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Еңбекшілдер ауданының
      әкімі                                      Т.Хамитов

      Еңбекшілдер аудандық
      мәслихаты сессиясының
      төрағасы                                   А.Әмрин

      Еңбекшілдер аудандық
      мәслихатының хатшысы                       М.Исажанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің
      жанындағы ономастика және
      тілдер саясаты жөніндегі
      комиссияның төрағасы                       Н.Дәулетбаев

      Еңбекшілдер аудандық
      «Қала құрылысы және
      сәулеттендіру бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    А.Ахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады