Алға ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Уәлихан ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 10 тамыздағы № 01 шешімі. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 қыркүйекте № 1-10-93 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және 2009 жылғы 14 мамырдағы Алға ауылы тұрғындары жиынының № 01 хаттамасын есепке ала отырып, Уәлихан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Алға ауылының көшелерге келесі атаулар берілсін:
      1) Алға ауылында № 1 көшесіне «Абылай хан» атауы, № 2 көшесіне «Қанай би» атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3.Осы шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарық көрген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Уәлихан ауылдық
      округінің әкімі                            Р. Жәмәлиева

      КЕЛІСІЛДІ:

      Еңбекшілдер ауданының
      «Сәулет және қала
      құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    А. Қ. Ахметова

      Еңбекшілдер ауданының
      «Мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Г. Т. Жақыпова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады