Бурабай аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 3 шілдедегі № С-7/7 "Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерге төлемақы жасау үшін әл-ауқаты төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру" Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № С-21/2 шешімі. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қаңтарда № 1-19-172 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 қазандағы № С-38/3 шешімімен

      Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011.10.21 № С-38/3 шешімімен
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабына сәйкес, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысына, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бурабай аудандық мәслихаттың «Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерге төлемақы жасау үшін әл-ауқаты төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру» Ережелерін бекіту туралы» 2008 жылғы 3 шілдедегі № С-7/7 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-130, 2008 тіркелген жылғы 28 тамыздағы аудандық «Бурабай» газетінде, 2008 жылғы 25 тамыздағы аудандық «Луч» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      кіріспедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысына, «Тұрғын ғимараттар» Қазақстан Республикасының № 3. 02-01-2001 Құрылыстық нормалары және ережелеріне» сөздері алынып тасталсын;
      аталған шешіммен бекітілген Ерженің 3 тармағы (одан әрі–Ереже) және шешімнің 3 тармағындағы:
      «Щучье» сөзі «Бурабай» сөзімен ауыстырылсын.
      Ережедегі:
      2 тармағы алынып тасталсын;
      4 тарауы алынып тасталсын;
      7 тармақтағы «айына 8 кг газбен жабдықталған» сөздері алынып тасталсын;
      «150» саны «100» санына ауыстырылсын.
      36 тармағындағы:
      «жергілікті жылу берілетін жеке мекшіктегі үйлерде тұратындар» сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысы Бурабай аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      ХXІ сессиясының төрағасы                   Р.Махаев

      Аудандықмәслихаттың хатшысы                Г.Марченко

      КЕЛІСІЛДІ:

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Балахонцев

      «Бурабай ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ш.Бостамбаева

      «Бурабай ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Г.Тінәлинова

      «Бурабай ауданының қаржы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            В.Корнеева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады