Ақтөбе қаласының атаусыз көшелеріне атау беру және елді мекен кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 22 шілдедегі N 1766 қаулысы және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 шілдедегі N 179 бірлескен шешімі. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2009 жылдың 07 тамызда N 3-1-117 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына , 31 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе қаласының орталығындағы атаусыз көшесі Бөкенбай батыр;

      "Заречный - 2" поселкесінің атаусыз көшесі Қайдауыл батыр;

      "Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасы" ауданының аумағындағы атаусыз көшесі Сақтаған Бәйішев;

      Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданының Ақжар ауылының атаусыз көшелері:

      "Береке" және "Бірлік" болып аталсын.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 28.08.2018 № 5464а және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 28.08.2018 № 366 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Заречный - 1" поселкесінің көшелері:

      Энтузиастов көшесі - Жауынгер - интернационалистер көшесі;

      Новая көшесі - Федор Озмитель көшесі болып қайта аталсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қаласының
әкімі
Ақтөбе қалалық мәслихаты сессиясының төрағасы
      А. Мұхамбетов М. Өндіргенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады