Ішкі істер әскерлерінің және Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілеріне қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақы жеңілдігін беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 27 қазандағы N 201 шешімі. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2009 жылдың 18 қарашада N 3-1-120 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012 жылғы 27 қазандағы № 86 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012.10.27 № 86 Шешімімен.

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 және 7 баптарына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы № 4000 «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қалалық бюджет қаражаты есебінен қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүру жолақы жеңілдігі ішкі істер әскерлерінің және Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілеріне берілсін.
      2. «Ішкі әскерлер мен мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлерді әлеуметтік қолдау» 451-008-100 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыру көзі анықталсын.
      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық мәслихаты             Ақтөбе қалалық
        сессиясының төрағасы            мәслихатының хатшысы

           М. Өндіргенов                   С. Шынтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады