Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ретінде көтерме жәрдемақы беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі N 132 шешімі. Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 4 тамызында N 3-2-83 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 тамыздағы № 39 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2012.08.10 № 39 Шешімімен.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы N 148 Заңының 6 бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңының 7 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" N 183 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Әйтеке би ауданында орналасқан ауылдық елді мекендерге, мемлекеттік мекемелерге немесе мемлекеттік кәсіпорындарға жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шарасы ретінде жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерде көтерме жәрдемақы берілсін.
      2. Осы шешім ресми басылымда жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихаттың            Аудандық
        сессия төрағасы          мәслихаттың хатшысы

           А.БЕРДАЛИН                А.ЕРМАҒАМБЕТ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады