2010 жылы жұмыссыздарға ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлерін бекіту және ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 08 желтоқсандағы № 416 қаулысы. Ақтөбе облысының Алға аудандық әділет басқармасында 2010 жылдың 06 қаңтарда № 3-3-97 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 118 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2011.03.04 № 118 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" № 836 қаулысын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2010 жылы жұмыссыздарға арналған ақылы қоғамдық жұмыстар түрлері бекітілсін.

      2. "Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі" ММ (А.Нұржан) 2010 жылы жұмыссыздарға ақылы қоғамдық жұмыстар түрлерін ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.

      3. "Алға аудандық қаржы бөлiмi" ММ (Т.Төлегенов) мен "Алға аудандық экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi" ММ (Г.Ахметова) белгiленген қаражат шегiнде жұмыссыздарға ақылы қоғамдық жұмыс ұйымдастыру мақсатында қаржыландыруды аудан бюджетiнен қамтамасыз етсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М.Аққағазовқа жүктелсiн.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алға ауданының әкімі М.Тағымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады