Ауданға жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2009 жылы көтерме жәрдемақы үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 шілдедегі № 92 шешімі. Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 10 тамызда N 3-5-103 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2010 жылғы 17 ақпандағы № 123 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2010 жылғы 17 ақпандағы № 123 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауданға жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2009 жылы жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың             Аудандық мәслихаттың
      сессия төрайымы:                     хатшысы:

      А.Н. Жалдыбаева                   М. Өтемұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады