Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт салаларының мамандарына 2009 жылға көтерме жәрдемақы беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 129 шешімі. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 мамырда № 3-6-82 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 ақпандағы № 195 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2010.02.23 № 195 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешеннің және селолық аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 3 тармағына, 2009 жылғы 18 ақпандағы Үкіметтің № 183 «Селолық елді мекендерде тұруға және жұмыс істеуге келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт салаларының мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мөлшері мен Ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қарғалы ауданының селолық елді мекендерінде орналасқан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт салаларының мемлекеттік кәсіпорындарына немесе мемлекеттік мекемелеріне жұмыс істеуге келген, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт салаларының мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      2. Осы шешім Қарғалы ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күннің ағымында қолданысқа енгізіледі.

        Аудандық мәслихат        Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы           хатшысы

         Ж.Қалдығұлов              Ж.Құлманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады