Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарына 2009 жылы көтерме жәрдемақы беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі N 124 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 18 тамызда N 3-8-94 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы N 152 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы N 152 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысының 2 тармағының 1 тармақшасына және осы Ереженің 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Мәртөк ауданға жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарына 2009 жылы жетпіс есептік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы берілсін.
      2. Осы шешім 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Аудандық мәслихат               Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                  хатшысы

         Н. Хусаинова                     А. Смағұлов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады