Хромтау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 ақпандағы № 105 шешімі. Ақтобе облысы Хромтау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 03 наурызда № 3-12-85 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының аппаратының 2013 жылғы 14 ақпандағы № 59 хатымен).

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының аппаратының 14.02.2013 № 59 хатымен).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабын, 7 бабының 5 тармағын, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабын, "Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 56 бабын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Күнделікті пайдаланатын тауарларға бағалардың көтерілуіне байланысты халықтың аз қамтылған топтарына төмендегідей мөлшерде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:

      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, сонымен қатар зейнетақының ең төменгі мөлшерінен де төмен зейнетақы алатын азаматтарға 1,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

      Ескерту. 1 тармақшаға өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2010.07.26 № 194 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      2) әскери мүгедектерге және жалпы ауруларына байланысты 1,2,3 топтар мүгедектеріне, мүгедектік топқа жататын бала күнінен мүгедектерге 3000 теңге көлемінде;

      3) үйден тәрбиеленетін, оқытылатын мүгедек балаларға 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.

      2. Хромтау аудандық мәслихатының "Хромтау аудандық Әділет басқармасы" ММ-де 2008 жылдың 11 тамызында N 3-12-60 болып тіркелген аудандық "Хромтау" газетінің 2008 жылғы 14 тамыздағы N 37-38 сандарында жарияланған 2008 жылдың 29 шілдесіндегі N 55 "Әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы

хатшысы

Н.Арсений

Д.Молдашев


Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Хромтауского района

Решение Хромтауского районного маслихата от 17 февраля 2009 года за N 105. Зарегистрировано Управлением юстиции Хромтауского района Актюбинской области за N 3-12-85 от 3 марта 2009 года. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо аппарата маслихата Хромтауского района Актюбинской области от 14 февраля 2013 года № 59).

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо аппарата маслихата Хромтауского района Актюбинской области от 14.02.2013 № 59).

      Руководствуясь статьей 6, пунктом 5 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах", статьей 56 Кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года "Бюджетный Кодекс Республики Казахстан" районный маслихат РЕШИЛ:

      1. В связи с повышением цен на товары первой необходимости оказать следующим малозащищенным слоям населения ежемесячную социальную помощь в размере:

      1) получателям государственной адресной социальной помощи, а также получателям пенсии ниже минимального размера пенсии 1,5 месячного расчетного показателя:

      2) воинам-инвалидам, инвалидам 1,2,3 групп по общей болезни, инвалидам с детства, имеющим группу по 3000 тенге;

      3) детям-инвалидам, воспитывающимся, обучающимся на дому 1 месячного расчетного показателя.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решением маслихата Хромтауского района Актюбинской области от 26.07.2010 № 194 (порядок введения в действие смотрите в пункте 2).

      2. Признать утратившим силу решение N 54 от 29 июля 2008 года "Об оказании социальной помощи", зарегистрированное в ГУ "Управление юстиции Хромтауского района" за N 3-12-60 от 11 августа 2008 года, опубликованное в районной газете "Хромтау" за N 37-38 от 14 августа 2008 года.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня первого официального дня опубликования.

Председатель сессии

Секретарь районного

районного маслихата

маслихата

Н.Арсений

Д.Мулдашев