Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Балқаш, Алакөл көлінің, Қапшағай су қоймасының, Іле өзенінің, 2 - су электр станциясының, 3 - су электр станциясының, 4 - су электр станциясының құрылысын Қаратал өзенінің учаскелерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану режимі туралы

Жаңартылған

Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы N 93 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2009 жылы 12 маусымда N 2032 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 39116-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату Ережесін бекіту туралы" N 42 қаулысына сәйкес, су объектілерін санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау үшін, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануының және сарқылуының алдын алу үшін, сонымен бірге жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтау мақсатында Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Бекітілген жобаларға сәйкес, су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін:
      1) Балқаш көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
      2) Алакөл көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулері белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
      3) Қапшағай су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
      4) Іле өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
      5) Алматы облысындағы 2-су электр станциясының, 3-су электр станциясының, 4-су электр станциясының құрылысын Қаратал өзенінің учаскелерінде су қорғау аймақтары мен белдеулердің жобасы;
      6) Балқаш жылу-электростанциясы Үлкен ауылының аймағына Балқаш көлінің шекарасындағы жер учаскесін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы облыстық әкімдігінің 31.12.2013 N 438 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
       2. Су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шеңберінде шаруашылыққа пайдалану режимі 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
       3. Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалар негізінде су объектілерінің су қорғау аймақтары және белдеулерінің шекарасындағы жерлерде белгіленген үлгідегі су қорғау белгілерін орнату жұмыстарын жүргізсін.
       4. Алматы облысының жер қатынастары жөніндегі басқармасы "Алматы жер ғылыми өндірістік орталығы" еншілес мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесе отырып, бекітілген жобаларға сәйкес су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасын картографиялық материалдарға түсірсін және жер-есепке алу құжаттарына өзгерістер енгізсін.
       5. Балқаш, Қаратал, Сарқан, Алакөл, Ұйғыр, Кербұлақ, Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле аудандарының және Қапшағай қаласының әкімдері:
      1) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің белгіленген шекарасын және оларды шаруашылықта пайдалану режимін осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап әрбір жер иеленушілерге жеткізсін;
      2) жер телімдерін бөлген кезде, осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес уақытша пайдаланудағы су қорғау аймақтарын, белдеулерін және шаруашылыққа пайдалану режимін сақтасын;
      3) тиісті пайдалану режимі сақталған жағдайда су қорғау аймақтары және белдеулері шегінде шаруашылық қызметін жүргізу үшін жер телімдерін бөлу, су объектілерінің ластануына, қоқыстануына және сарқылмауына жол бермеу шаралары, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың қатаң келісімімен жүзеге асырсын;
       6. Балқаш, Қаратал, Сарқан, Алакөл, Ұйғыр, Кербұлақ, Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле аудандарының, Қапшағай қаласының әкімдері және оларға бағынысты және меншік нысанына тәуелсіз кәсіпорын, ұйым және басқа да шаруашылық жүргізуші нысандардың басшылары пайдаланатын жерлердегі Алматы облысының Балқаш, Алакөл көлдерінің, Қапшағай су қоймасына және Іле өзенінің, су электр станциясының-2, су электр станциясының-3, су электр станциясының-4 құрылысын Қаратал өзенінің учаскелерінде орналасқан су қорғау аймақтары және белдеулерінде:
      1) су қорғау аймақтары және белдеулерінде орналасқан және олардың жағдайына зиянды әсер ететін нысандарды жою немесе бұзу жұмыстарын бекітілген жобаларға сәйкес жүргізсін;
      2) шаруашылықта пайдалану режимінің бұзылмауы және тиісті санитарлық жағдайы, сондай-ақ су қорғау белгілерін сақтауды 1-қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш - Алакөл бассейндік инспекциясының (келісімімен) су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларының сақталуына, оларға белгіленген шаруашылық жүргізу қызметінің тәртібіне және ерекше қорғалатын су нысандарына бақылауды жүзеге асырсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Досымбековқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының
      әкімі                                      С. Үмбетов

Алматы облысы әкімдігінің
2009 жылғы 12 мамырдағы
"Алматы облысының әкімшілік
шекарасындағы Балқаш, Алакөл
көлінің, Қапшағай су қоймасының,
Іле өзенінің, 2-су электр
станциясының, 3-су электр
станциясының, 4-су электр
станциясының құрылысын Қаратал
өзенінің учаскелерінде су
қорғау аймақтары мен белдеулерін
белгілеу және оларды
шаруашылыққа пайдалану
режимі туралы" N 93 қаулысына
1-қосымша

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану
режимі

      1. Осы режим Қазақстан Республикасының Су Кодексіне, жер үсті су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалау жөніндегі техникалық нұсқаулықтарға сәйкес және бекітілген жобалар негізінде әзірленді.
      2. Су қорғау аймағының төңірегінде төмендегілер рұқсат етілмейді:
      1) авиациялық - химиялық жұмыстарды жүргізуге;
      2) өсімдік ауруы мен арам шөптерді, зиянкестерді жоюға арналған химиялық құралдарды қолдануға;
      3) топырақты тыңайтуға арналған көң ағындыларын пайдалануға;
      4) улы химикаттар, минералды тыңайтқыштары және жанар-жағар май материалдары сақталатын қамбалар, улы химикаттар аппаратурасын ауыстыру үшін, мал кешендері мен фермаларын, өнеркәсіп, тұрмыстық және ауылшаруашылық қалдықтарын көму және жинау орындарын, зираттар мен мал қорымы орындарын, ағынды су жинағыштарын орналастыруға;
      5) көң мен қоқыс жинауға;
      6) жанармай құюға, автокөлік, трактор және басқа машина мен механизмдерді жууға және жөндеуге;
      7) су қорғау аймағының ені 100 м-ден кем болғанда және жақын жатқан аумақтың беткей еңістігі 3 градустан асса, жаңа саяжай және бау-бақша учаскелерін орналастыруға;
      8) көлік құралдарының тұрақтарын, оның ішінде саяжай және бау-бақша учаскелері аумақтарында орналастыруға. Көлік құралдарының тұрақтарын орналастыруға, жеке меншік және мемлекеттік автомашиналардың ұжымдық автотұрақтарын ұйымдастыруға, тек жеке пайдаланымдағы машиналарға тыйым салынбайды;
      9) бас пайдаланымдағы ағашты кесуге;
      10) облыстың жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарының келісімінсіз ғимараттар, құрылымдар, коммуникация және басқа объектілерді қайта жөндеуге, пайдалы қазба өндіру, жер қазу және басқа жұмыстарды өткізуге: су қоры, қоршаған ортаны, жер ресурстарын қорғау, энергиямен қамтамасыз ету және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын сақтау.
      11) су қорғау аймақтары және санитарлық қорғалатын аймақтары тура келген кезде сондай-ақ санитарлық нормалар мен ережелер талаптарын басшылыққа алу керек.
      3. Су қорғау белдеулері шеңберіндегі 2 тармақта көрсетілген кедергіге қосымша төмендегілер рұқсат етілмейді:
      1) жерлерді жыл сайын жыртуға;
      2) тыңайтқыштарды қолдануға;
      3) шайылған топырақ үйіндісін жинауға;
      4) малды жаюға және жазғы бағу орындарын ұйымдастыруға (пайдаланылып жүрген суару орындарынан бөлек), жуындыру орындарын орнатуға;
      5) мерзімдік және стационарлық палаталы қалашық орналастыруға;
      6) жаңа саяжай және бау-бақша учаскелерін орналастыруға;
      7) жеке меншік тұрғын үй немесе саяжай, басқа да құрылыс жүргізу үшін учаске бөлуге;
      8) жол және соқпақ жол төсеуге (малды суару орындарына баратын жолдардан бөлек);
      9) арнайы мақсаттағы техникадан басқа автокөлік, трактор және механизмдердің жүруіне.
      4. Су объектілерінің және су шаруашылығы құрылыстарының су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі жер учаскелері шаруашылық жүргізу режимінің талаптарын сақтау шартымен, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жеке меншік және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға берілуі мүмкін.

Алматы облысы әкімдігінің
2009 жылғы 12 мамырдағы
"Алматы облысының әкімшілік
шекарасындағы Балқаш, Алакөл
көлінің, Қапшағай су қоймасының,
Іле өзенінің, 2-су электр
станциясының, 3-су электр
станциясының, 4-су электр
станциясының құрылысын Қаратал
өзенінің учаскелерінде су
қорғау аймақтары мен белдеулерін
белгілеу және оларды
шаруашылыққа пайдалану
режимі туралы" N 93 қаулысына
2 қосымша

"Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Балқаш, Алакөл
көлінің, Қапшағай су қоймасының және Іле өзенінің, 2-су электр
станциясының, 3-су электр станциясының, 4-су электр
станциясының құрылысын Қаратал өзенінің учаскелерінде су қорғау
аймақтары мен белдеулері"

      Ескерту. 2 қосымшаға өзгерістер енгізілді - Алматы облыстық әкімдігінің 31.12.2013 N 438(жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

№ п/п

Су объектілері

Су қорғау аймақтарының ені, метр

Су қорғау белдеулерінің ені, метр

1

2

3

4

1

Балқаш көлі (су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасының су кемері балтикалық жүйесінің 342,0 метр белгісінде алынған)

50-1000

50-100

2

Алакөл көлі (су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасының су кемері балтикалық жүйесінің 348,0 метр белгісінде алынған)

300-1000

35-100

3

Капшағай су қоймасы (су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасының су кемері балтикалық жүйесінің 479,0 метр белгісінде алынған)

1000

100

4

Іле өзені (судың кемері орташа көпжылдық деңгейін су тасыған кезеңде жағалау еркеуіне және суы жайылған жер су қорғау аймағы мен белдеулері шекарасының ішіндегі)

300-1000

100

5

Қаратал өзенінің су электр станциясының құрылысы жүріп жатқан учаскелерде оң және сол жағалары (су деңгейінде кемерінің орташа көп жылдық)

2-су электр станциясы, 3-су электр станциясы, 4-су электр станциясы

350-500

30-45

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады