"2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Байзақ ауданы бойынша азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Байзақ ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 1 маусымдағы № 313 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 қыркүйектегі N 479 Қаулысы. Жамбыл облысы Байзақ ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 96 болып енгізілді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 1 маусымдағы № 313 "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Байзақ ауданы бойынша азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6-2-93 болып тіркелген және 2009 жылдың 8 шілдесінде № 59 (7578) "Ауыл жаңалығы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2 тармақта:
      аудандық комиссияның құрамына:
      Сансызбаев Ержан Айдынғалиұлы – "Байзақ ауданы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің кадрлық және мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары енгізілсін;
      комиссия құрамынан Дәнебаева Қарлыға Қыдырәліқызы шығарылсын.
      2. Осы қаулы әділет  органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан Әкімі                                 Б. Құлекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады