Шағын және орта бизнесті бюджеттік кредиттеудің және ауыл халқын микрокредиттеудің негізгі талаптарын белгілеу туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2009 жылғы 08 мамырдағы N 13/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 18 мамырда N 1866 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 17 маусымдағы N 33/09 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 17.06.2015 N 33/09 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 180 188-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің" 542-тармағына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 361 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен "Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл халқын микрокредиттеу үшін "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдарын кредиттеу" 13 03 265 013 000 бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджеттік кредиттеудің негізгі талаптары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Қарағанды облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.Б. Өтешов) "Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (Е.Б. Каргин) бірлесіп:
      1) "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" акционерлік қоғамымен қарызгердің барлық есептерін акцепсіз шығынға жазу құқығымен шарт бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету талаптарына кредиттік шарт (келісім) жасассын;
      2) кредиттік шарттарды (келісімдерді) тіркеуді, есепті, мониторингті және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі – "Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е.Б. Каргин):
      1) кредиттік шарттартың (келісімдердің) орындалуын бақылауды, бюджеттік кредитті облыстық бюджетке қайтаруды қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми түрде жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Қарағанды облысының әкімі                  Н. Нығматулин

Қарағанды облысы әкімдігінің
2009 жылғы 8 мамырдағы
№ 13/01 қаулысымен бекітілді

"Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл халқын
микрокредиттеу үшін "ҚазАгро ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдарын
кредиттеу" 13 03 265 013 000 бюджеттік бағдарламасы
бойынша бюджеттік кредиттеудің
негізгі талаптары

      1. Кредит беру мақсаты – шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл халқын микрокредиттеу.
      2. Бюджеттік кредиттеуге қатысушылар төмендегілер болып табылады:
      кредитор – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес кредит беретін тарап – Қарағанды облысының әкімдігі;
      бағдарлама әкімшісі – "Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
      қарызгер–қаржы агенті – негізгі қарызды өтеу және сыйақыны, сондай-ақ кредиттік шартқа сәйкес өзге де төлемдерді төлеу бойынша міндеттеме алатын кредиттік шарттың кредит алушы тарабы – "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" акционерлік қоғамы;
      түпкі қарызгер – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және ауылдық өңірде тұратын немесе тіркелген жеке немесе заңды тұлғалар (шағын және орта бизнес субъектілері), осы қаулымен белгіленген талаптарда "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" акционерлік қоғамымен берілетін бюджеттік кредит алушы.
      3. Түпкі қарызгер қызметтерінің негізгі бағыттары және бюджеттік кредиттеуге жататын инвестициялық жобалар:
      мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамыту;
      жылыжай алу, құрылысы және пайдалану;
      қайта өңдеуші өнеркәсіп;
      ауылдық өңірдегі халыққа қызмет көрсету;
      4. Бюджеттік кредит Қарағанды облыстық мәслихаты сессиясының тиісті шешімімен көзделген сомма шегінде беріледі.
      Бір түпкі қарызгерге лимит – 8 000 аспайтын айлық есептік көрсеткіш.
      5. Бюджеттік кредит Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен беріледі.
      6. Бюджеттік кредит беру мерзімі:
      кредит 60 айға дейінгі мерзімге беріледі;
      бюджеттік кредит мерзімі бюджеттік кредит қаражатының бағдарлама әкімшісінің есепшотынан аударылған сәттен бастап саналады;
      7. Кредитті игеру кезеңі – кредиттік шартқа қол қойған күннен бастап алты ай.
      8. Қарызгерге сыйақы мөлшерлемесі кредиттеудің тіркелген тұтас мерзіміне белгіленеді және жылына 1 пайыздан аспауы керек.
      Түпкі қарызгерге сыйақы мөлшерлемесі кредиттеудің тіркелген тұтас мерзіміне белгіленеді және жылына 10,5 пайыздан аспауы керек.
      9. Кредиттік шартта жеңілдік кезеңін беру көзделуі мүмкін, яғни қарызгер кредитті қайтаруды жүзеге асырмайтын мерзім ішінде бюджеттік кредит мерзімі құрамына кіретін уақыт кезеңі. Жеңілдік мерзімнің ұзақтығы бюджеттік кредит мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен аспауы керек.

Об определении основных условий бюджетного кредитования малого и среднего бизнеса и микрокредитования сельского населения

Постановление акимата Карагандинской области от 8 мая 2009 года N 13/01. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 18 мая 2009 года N 1866. Утратило силу постановлением акимата Карагандинской области от 17 июня 2015 года N 33/09

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Карагандинской области от 17.06.2015 N 33/09.

      В соответствии со статьями 180 188 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, пунктом 542 "Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания", утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220, постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2009 года № 361 "О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2007 года № 1039" акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить основные условия бюджетного кредитования по бюджетной программе 13 03 265 013 000 "Кредитование дочерних организаций АО "НУХ "КазАгро" для финансирования малого и среднего бизнеса и микрокредитования сельского населения" за счет средств областного бюджета согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Государственному учреждению "Управление финансов Карагандинской области" (Утешов С.Б.) совместно с государственным учреждением "Управлением предпринимательства и промышленности Карагандинской области" (Каргин Е.Б.):
      1) заключить кредитный договор (соглашение) с акционерным обществом "Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства" на условиях обеспечения исполнения обязательств по договору правом безакцептного списания со всех счетов заемщика;
      2) обеспечить регистрацию кредитных договоров (соглашений), учет, мониторинг и их обслуживание.
      3. Администратору бюджетной программы – государственному учреждению "Управлению предпринимательства и промышленности Карагандинской области" (Каргин Е.Б.) обеспечить:
      1) контроль за исполнением кредитных договоров (соглашений), возврат бюджетных кредитов в областной бюджет;
      2) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Дуйсебаева А.Ж.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Аким
      Карагандинской области                     Н. Нигматулин

Утверждены
постановлением акимата
Карагандинской области
от 8 мая 2009 года № 13/01

Основные условия
бюджетного кредитования по бюджетной программе
13 03 265 013 000 "Кредитование дочерних организаций
АО "НУХ "КазАгро" для финансирования малого и среднего бизнеса
и микрокредитования сельского населения"

      1. Цель предоставления кредита – финансирование малого и среднего бизнеса и микрокредитование сельского населения.
      2. Участниками бюджетного кредитования являются:
      кредитор - сторона, предоставляющая кредит в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан - акимат Карагандинской области;
      администратор программ – государственное учреждение "Управление предпринимательства и промышленности Карагандинской области";
      заемщик-финансовый агент – сторона кредитного договора, получающая кредит, которая несет обязательства по погашению основного долга и выплате вознаграждения, а также других платежей в соответствии с кредитным договором – акционерное общество "Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства";
      конечный заемщик – физические или юридические лица (субъекты малого и среднего бизнеса), являющиеся резидентами Республики Казахстан и проживающие или зарегистрированные в сельской местности, получатели бюджетного кредита, предоставляемого ему акционерным обществом "Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства" на условиях, определенных настоящим постановлением.
      3. Основные направления деятельности конечного заемщика и инвестиционные проекты, подлежащие бюджетному кредитованию:
      развитие животноводства и растениеводства;
      приобретение, строительство и эксплуатация теплиц;
      перерабатывающая промышленность;
      оказание услуг населению в сельской местности.
      4. Бюджетный кредит предоставляется в пределах сумм, предусмотренных соответствующим решением сессии Карагандинского областного маслихата.
      Лимит на одного Конечного заемщика – не более 8 000 МРП.
      5. Бюджетный кредит предоставляется в национальной валюте Республики Казахстан – тенге.
      6. Срок предоставления бюджетного кредита:
      кредит предоставляется сроком до 60 месяцев;
      срок бюджетного кредита исчисляется с момента перечисления средств бюджетного кредита со счета администратора программы.
      7. Период освоения кредита - шесть месяцев со дня подписания кредитного договора.
      8. Ставка вознаграждения для заемщика устанавливается фиксированной на весь срок кредитования и не должна превышать 1 процента годовых.
      Ставка вознаграждения для конечного заемщика устанавливается фиксированной на весь срок кредитования и не должна превышать 10,5 процентов годовых.
      9. В кредитном договоре может предусматриваться предоставление льготного периода, то есть периода времени, входящего в состав срока бюджетного кредита, в течение которого заемщиком не осуществляется возврат кредита. Продолжительность льготного периода не должна превышать одной трети продолжительности срока бюджетного кредита.