Зияткерлік меншік құқығын қорғау жөніндегі кейбір шаралар туралы

Қарағанды облысы Қарағанды қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 11/02 қаулысы. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 наурызда N 8-1-89 тіркелді. Жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 09 қыркүйектегі N 43/01 қаулысымен

      Ескерту. Жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 2009.09.09 N 43/01 қаулысымен.

      Тауарлық белгілердің қолдан жасалғандығын және зияткерлік меншік құқығын бұзған тұлғаларды анықтау жөніндегі шаралардың орындалуын, сонымен қатар оларды заңнамаларда белгіленгендей жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 637 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367 және 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 371 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысын орындау үшін Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды қаласында аудио, аудиокөрнекті шығармалардың, электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламалардың және кез келген материалдық тасығыштардағы дерекқорлардың даналарын сату тек сауда үйлері мен дүкендерде ғана жүзеге асырылады.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Сеит Омарұлы Күлкеевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Қала әкімі                                 И. Тоғайбаев

О некоторых мерах по защите прав интеллектуальной собственности

Постановление акимата города Караганды Карагандинской области от 12 марта 2009 года N 11/02. Зарегистрировано Управлением юстиции города Караганды Карагандинской области 16 марта 2009 года N 8-1-89. Отменено - постановлением акимата города Караганды Карагандинской области от 09 сентября 2009 года N 43/01

      Сноска. Отменено постановлением акимата города Караганды Карагандинской области от 09.09.2009 N 43/01.

      В целях обеспечения мероприятий по выявлению подделок товарных знаков и лиц, нарушающих права интеллектуальной собственности, а также их привлечению к установленной законодательством ответственности, в соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 10 июня 1996 года "Об авторском праве и смежных правах", во исполнение постановления Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2008 года N 637 "О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2005 года N 367 и 21 апреля 2005 года N 371", акимат города Караганды ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. В городе Караганды торговля экземплярами аудио-, аудиовизуальных произведений, программ для электронно-вычислительных машин и баз данных на любых материальных носителях осуществляется только в торговых домах и магазинах.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Караганды Кулькеева Сеита Омаровича.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города                                И. Тогайбаев