2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Балқаш қаласының кәсіпорындары және мекемелерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы N 51/06 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 қаңтарда N 8-4-162 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 45/30 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2010.12.24 N 45/30 қаулысымен.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне сәйкес, жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту және олардың табыс табуы үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру, кедейшілікті болдырмау, жұмыссыздық ауқымы мен деңгейін қысқарту мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Балқаш қаласының кәсіпорындары және мекемелерінің тізбесі бекітілсін.
      2. "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай ММ) (Қ.Қ. Адамова):
      1) бекітілген тізбе бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізу үшін кәсіпорындар және мекемелермен қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың еңбекақы мөлшері, қаржыландыру көздері және жұмыс түрлері мен нақты жұмыс шарттары көрсетілген келісім-шарттарға отыруды іске асырсын;
      2) 2010 жылы қалалық бюджеттен қарастырылған қаражат көлемінде бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа жіберуді іске асырсын;
      3) қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуді екінші деңгейдегі банктердегі жұмыссыздардың өз есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырсын;
      4) қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың еңбекақылары ең төменгі төлемақы көрсеткішінің біржарым есе мөлшерінде төленсін;
      5) "Қалалық коммуналдық шаруашылық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздарға ең төменгі еңбекақы мөлшерінің екі есе көрсеткішінде төленсін;
      3. "Балқаш қаласының қаржы бөлімі" ММ (Ж.Қ. Томпиева) бекітілген бюджетке сәйкес қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды іске асырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Людмила Мырзахметқызы Түкбаеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.

      Балқаш қаласының әкімі                     Қ. Тейлянов

2009 жылғы 24 желтоқсандағы N 51/06
Балқаш қаласы әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Балқаш қаласының кәсіпорындары және мекемелерінің тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2010.03.25 N 11/01 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

N

Кәсіпорындар және мекемелердің атаулары

Жылдық адам саны

Жұмыс түрлері

1

2

3

4

1

"Балқаш қаласының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі" Мемлекеттік мекемесі (әрі қарай ММ)

4

Ауылшаруашылық жануарларын есептеу және тіркеуді жүргізу

2

"Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ

49

Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қатарына тіркеу және шақыру қағаздарын тарату

3

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы соттар әкімшісі Балқаш аумақтық сот орындаушылар бөлімі

40

Атқару іс жүргізу хабарламаларын тарату

4

"Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ

4

Тізілімдерді, хабарламаларды дайындау жұмыстары, құжаттарды өңдеу

5

"Балқаш қаласының статистика бөлімі" ММ

8

Құжаттарды өңдеу, санақ бойынша сұхбат жұмыстарын жүргізу

6

Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталығының Қарағанды облыстық филиалы Балқаш қалалық бөлімшесі

15

Мұрағаттық істерді жаңғырту, жәрдемақы және зейнетақы алушыларға шақыру қағаздарын тарату, істерді іріктеп қою

7

"Балқаш қаласы Гүлшат кенті әкім аппараты" ММ

40

Кентті көріктендіру, көгалдандыру, санитариялық тазарту жұмыстары

8

"Балқаш қаласы Гүлшат кенті әкім аппараты" ММ

7

Ауылшаруашылық жұмыстары

9

"Балқаш қаласы Қоңырат кенті әкім аппараты" ММ

5

Ауылшаруашылық жұмыстары

10

"Балқаш қаласы Қоңырат кенті әкім аппараты" ММ

43

Кентті көріктендіру, көгалдандыру, санитариялық тазарту жұмыстары

11

"Балқаш қаласы бойынша салық комитеті" ММ

23

Салық төлеу туралы ескертулерді тарату

12

"Қалалық коммуналдық шаруашылық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

157

Қаланы көріктендіру, көгалдандыру, санитариялық тазарту жұмыстары

13

"Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

35

Тұрғын-үй жағдайларын тексеру актісін жасауға көмек көрсету, жұмыссыздықты болдырмау жөнінде дағдарысқа қарсы іс-шараларын іске асыру жөніндегі құжаттарды өңдеу, әлеуметтік төлемдерге құқығы бар азаматтарды анықтау мақсатында аулааралық тексеру

14

Балқаш қалалық прокуратурасы

11

Құжаттарды өңдеу және тіркеу

15

"Балқаш қаласының Саяқ кенті әкім аппараты" ММ

24

Кентті көріктендіру, көгалдандыру, санитариялық тазарту жұмыстары

16

Қарағанды облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің комитет басқармасының Балқаш қалалық қылмыстық-атқару инспекциясы

8

Шақыру қағаздарын тарату және мұрағатты құжаттармен жұмыс

17

"Балқаш қаласының әкім аппараты" ММ

27

Құжаттарды тарату

18

"Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты" ММ

21

Хабарлама қағаздарын, ескертулерді тарату

19

"Балқаш қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ

4

Құжаттарды өңдеу, іс-қағаздарды жүргізу, саяжай және көлікжай алабын түгендеу

20

"Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" ММ

24

Диспетчерлік жұмыс, тұрғын-үй коммисиясында құжаттарды тіркеу

21

"Қарағанды облысы ішкі істер департаменті Балқаш қаласының ішкі істер бөлімі"ММ

160

Қосалқы жұмыстар, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау

22

"Қарағанды облысы ішкі істер департаменті Балқаш қаласының көші-қон полиция тобы"ММ

8

Номенклатуралық істерді тігіндеу, журналдарды толтыру, кіріс және шығыс құжаттарын тарату

23

"Қарағанды облысының ішкі істер департаменті Балқаш қаласының жасөспірімдермен жұмыс тобы" ММ

12

Қосалқы жұмыстар, құжаттарды өңдеу

24

Қарағанды облысының ішкі істер департаменті Балқаш қаласының ішкі істер бөлімі" ММ кеңсесі

8

Номенклатуралық істерді тігіндеу, журналдарды толтыру, кіріс және шығыс құжаттарын тарату

25

"Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ

8

Мұрағаттық құжаттармен жұмыс, құжаттарды өңдеу

26

Балқаш қалалық соғыс және еңбек ардагерлерінің кеңесі

4

Кеңес жұмыстарына жәрдем көрсету, құжаттарды өңдеу

27

"Балқаш қаласының әділет басқармасы" ММ

55

Формулярларды реттеу, ұйымдар мен мекемелерге сұрау жіберу, құжаттарды өңдеу жұмыстары

28

Балқаш қаласының "Оқушылар сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

4

Жалпы мәдени шараларды жүргізуге көмек

29

"Қазақавтожол" Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Қарағанды облыстық филиалы

35

Республикалық маңыздағы жолдарды тазалау жұмыстарына көмектесу

30

"Қарағанды облысы ішкі істер департаменті Балқаш қаласының жол полиция бөлімі" ММ

4

Қосалқы жұмыстар, мұрағаттық құжаттармен жұмыс

31

"Балқаш қалалық соты" ММ

29

Қосалқы жұмыстар, мұрағаттық құжаттармен жұмыс, құжаттарды өңдеу

32

"Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ

7

Мәдени іс-шараларды жүргізуге көмек

33

"Балқаш қалалық мемлекеттік мұрағаты" ММ

4

Мұрағаттық құжаттармен жұмыс, мұрағаттық істерді жаңғырту

34

"Балқаш қаласы білім, денешынықтыру және спорт бөлімі" ММ және соның ішінде жалпы білім беру мектептері

44

Іс-шараларды жүргізуге көмек, қоғамдық тәрбиеші

35

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы

4

Қосалқы жұмыстар, мұрағаттық құжаттармен жұмыс, құжаттарды өңдеу

36

"Қоңырат кентінің дәрігерлік амбулаториясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

16

Диспетчерлік жұмыс

37

"Балқаш қаласы қан орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

4

Құрылыс-жөндеу жұмыстары

38

"Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің Балқаш қалалық Қазынашылық басқармасы" ММ

4

Жұмыстарды атқаруда көмек көрсету, құжаттарды өңдеу

39

"Балқаш қаласының мәслихат аппараты" ММ

4

Қосалқы жұмыстар, мұрағаттық құжаттармен жұмыс, құжаттарды өңдеу

40

Мүгедектер қоғамы Балқаш қалалық бірлестігі

30

Әлеуметтік жұмыскерлер

41

"Балқаш қаласы аурухана орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

3

Қосалқы жұмыстарды атқаруда көмек көрсету, құжаттарды өңдеу

42

"Кәсіпкерлік бөлімі"

4

Қосалқы жұмыстарды атқаруда көмек көрсету, құжаттарды өңдеу


Барлығы

1000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады