"Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу жөніндегі сайлау учаскелерін құру туралы" аудан әкімінің 2007 жылғы 25 маусымдағы N 02-ш шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімінің 2009 жылғы 06 сәуірдегі N 01-ш шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 мамырда N 8-10-84 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімінің 2011 жылғы 24 қарашадағы N 08ш шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің 2011.11.24 N 08ш шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23 бабының 1 тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу жөніндегі сайлау учаскелерін құру туралы" аудан әкімінің 2007 жылғы 25 маусымдағы N 02-ш шешімімен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-10-46 болып тіркелген, 2007 жылғы 28 маусымдағы N 26 "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған) аудан көлеміндегі 48 елді-мекенде сайлау учаскелері құрылған. Бірлескен Қарағанды облысының әкімдігінің 2007 жылғы 7 желтоқсандағы N 27/05 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының ІІІ сессиясының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 47 шешімімен сайлау учаскелері орналасқан Керегетас, Әмірхан, Жүнісбек, Кеңасу, Көрпетай, Тасқын ауылдары тұрғындар саны 50-ден аз болуына орай елді-мекендер қатарынан және есептен шығарылған. Жоғарыда аталған мекендерде орналасқан сайлау учаскелерін жабу мақсатында Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІМ:
      1. N 639 сайлау учаскесі жабылсын.
      2. N 644 сайлау учаскесі жабылсын.
      3. N 645 сайлау учаскесі жабылсын.
      4. N 646 сайлау учаскесі жабылсын.
      5. N 660 сайлау учаскесі жабылсын.
      6. N 678 сайлау учаскесі жабылсын.
      7. Керегетас қыстағы N 638 сайлау учаскесінің шекарасына, Әмірхан, Жүнісбек, Кеңасу қыстақтары N 643 сайлау учаскесінің шекарасына, Көрпетай қыстағы 657 сайлау учаскесінің шекарасына, Тасқын қыстағы N 677 сайлау учаскесінің шекарасына енгізіліп, аудан аумағындағы сайлау учаскелерінің саны 42 болып белгіленіп, қосымшада көрсетілгендей жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      8. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы           Б.З. Тлеубергенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақтоғай аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      ___________К. Сюндиков
      6 сәуір 2009 ж.

Аудан әкімінің
2009 жылғы 6 сәуірдегі
N 01-ш шешіміне қосымша

Ақтоғай ауданы аумағындағы сайлау учаскелерінің тізбесі

N 634 сайлау учаскесі

      Орталығы – Ақтоғай селосы, Ә. Бөкейхан көшесі – 2, мәдениет үйі
      Шекарасы:
      Абай, Ә. Бөкейхан, Еркін ел, Н. Әбдіров, К. Сәтпаев, Ж. Ақбай, Шәкәрім көшесіндегі, Су насосындағы, Аэропорттағы үйлер.

N 635 сайлау учаскесі

      Орталығы – Ақтоғай селосы, К. Байсейітова - 19, Ә. Бөкейхан атындағы мектеп.
      Шекарасы: К. Нұржанов, Ә. Ермеков, М. Ержанов, К. Байсейтова көшесіндегі үйлер.

N 636 сайлау учаскесі

      Орталығы – Ақтоғай селосы, Шорин көшесі – 1, N 14 кәсіптік мектеп
      Шекарасы: Нарманбет, С. Оразалин, Ә. Найманбаев, Тоқырауын, Сана би, С. Ибраева, У. Жанибеков, Шорин, Жосалы ықшам ауданы, Егіндібұлақ қосалқы шаруашылығы, Аксай қыстағындағы үйлер.

N 777 сайлау учаскесі

      Орталығы – Ақтоғай селосы, К. Байсейітова атындағы мектеп
      Шекарасы – Жидебай, Кенішбай көшесіндегі үйлер.

N 637 сайлау учаскесі

      Орталығы – Кежек селолық округі, Ақши селосы, клуб үйі.
      Шекарасы – Ақши селосындағы үйлер.

N 638 сайлау учаскесі

      Орталығы – Шабанбай би селолық округі, Шабанбай би селосы, клуб үйі.
      Шекарасы – Шабанбай би селосындағы үйлер, Керегетас қыстағы.

N 640 сайлау учаскесі

      Орталығы - Шабанбай би селолық округі, Өндіріс ауылы, бастауыш мектеп.
      Шекарасы – Өндіріс ауылындағы үйлер.

N 641 сайлау учаскесі

      Орталығы - Шабанбай би селолық округі, Беғазы ауылы, медпункт.
      Шекарасы – Беғазы ауылындағы үйлер.

N 642 сайлау учаскесі

      Орталығы – Шабанбай би селолық округі, Сона ауылы, бастауыш мектеп.
      Шекарасы – Сона ауылындағы үйлер.

N 643 сайлау учаскесі

      Орталығы – Қызыларай селолық округі, Ақжарық селосы, клуб үйі.
      Шекарасы – Ақжарық селосындағы үйлер, Әмірхан, Жүнісбек, Кеңасу қыстақтары.

N 647 сайлау учаскесі

      Орталығы Қараменде би селолық округі, Ақтас селосы, мәдениет үйі.
      Шекарасы – Ақтас селосындағы үйлер.

N 648 сайлау учаскесі

      Орталығы – Қараменде би селолық округі, Қуаныш ауылы, мәдениет үйі.
      Шекарасы – Қуаныш ауылындағы үйлер, Мөлдір, Қуаныш, Мақсат, Жанат, Сүйменбаев қыстақтары.

N 650 сайлау учаскесі

      Орталығы – Нүркен селолық округі, Нүркен селосы, мәдениет үйі.
      Шекарасы – Нүркен селосындағы үйлер, Қояншоқы қыстағы.

N 651 сайлау учаскесі

      Орталығы – Нүркен селолық округі, Қаратал ауылы, мәдениет үйі.
      Шекарасы – Қаратал ауылындағы үйлер, Жамбыл, Қарашілік, Момын, Төрешоқы, Қызылқайың, Қараоба, Үшқора.

N 652 сайлау учаскесі

      Орталығы – Нүркен селолық округі, Жалаңтөс ауылы, бастауыш мектеп.
      Шекарасы – Жалаңтөс ауылындағы үйлер, Керуенбұлақ, Ақши, Жалпаққайың, Қарағаш, Айдай, Адилбай, Ақирек, Теректі қыстақтары.

N 653 сайлау учаскесі

      Орталығы – Нүркен селолық округі, Ақсеңгір ауылы, медпункт.
      Шекарасы – Ақсеңгір ауылы, қояныштоғай, Орта, Ақсай, Талдыбұлақ, Талдыкезең, Қаратұмсық, Магазин, Карынши.

N 654 сайлау учаскесі

      Орталығы – Нүркен селолық округі, Имек ауылы, медпункт.
      Шекарасы – Имек ауылындағы үйлер, Донғал, Қарашоқы, Үйрек, Сағындық, Бабатай, Ақсай қыстақтары.

N 655 сайлау учаскесі

      Орталығы – Жидебай селолық округі, Сәуле селосы, отбасылық емхана.
      Шекарасы – Сәуле селосының бұрынғы "Сельхозтехника" мекемесі жағындағы үйлер.

N 656 сайлау учаскесі

      Орталығы – Жидебай селолық округі, Сәуле селосы, Қ. Нұржанов атындағы орта мектеп.
      Шекарасы - Сәуле селосының селолық округ әкімшілігі жағындағы үйлер.

N 657 сайлау учаскесі

      Орталығы – Жидебай селолық округі, Үшарал ауылы, Ә. Болғанбаев атындағы орталау мектеп.
      Шекарасы – Үшарал ауылындағы үйлер, Сарыөзек, Бауыржан, Донғал, Әнуар, Рахат, Қымбат, Қанатбек, Қуаныш, Шүленбай, Үшарал, Абат, Сайран, Дархан, Думан, Көрпетай, Ақбұлақ, Қойшыбек қыстақтары.

N 658 сайлау учаскесі

      Орталығы – Жидебай селолық округі, Қарақой ауылы, бастауыш мектеп.
      Шекарасы – Қарақой ауылындағы үйлер, Ашар, Еркін, Азамат, Гүлзар, Жидебай, Мақсат, Қарағандыөзек, Қызылшоқы қыстақтары.

N 659 сайлау учаскесі

      Орталығы – Жидебай селолық округі, Жалаңаш ауылы, бастауыш мектеп.
      Шекарасы – Жалаңаш ауылындағы үйлер, Бекарай, Сейлханов, Дарын, Біржан, Кеңасу, Сарыарқа, Сайлау, Бесбұлақ, Қараағаш, Сұржол, Ақбұлақ қыстақтары.

N 661 сайлау учаскесі

      Орталығы – Сарытерек селолық округі, Сарытерек селосы, Ж. Кеңесбаев атындағы орта мектеп.
      Шекарасы – Сарытерек селосындағы үйлер.

N 662 сайлау учаскесі

      Орталығы – Сарытерек селолық округі, Жетімшоқы ауылы, медпункт.
      Шекарасы – Жетімшоқы ауылындағы үйлер, Қарақұла, Қаратал, Қарашілік, Кіші Ақсай, Қарашоқы, Қаракенер, Күнгей, Қызылжал, Үшшілік, Үлкен, Ақсай, Қоянкөз қыстақтары.

N 663 сайлау учаскесі

      Орталығы – Сарытерек селолық округі, Ақтұмсық ауылы, бастауыш мектеп.
      Шекарасы – Ақтұмсық ауылындағы үйлер, Қарақия, Ақсай, Ұзынбұлақ, Қызылашық, Самал, Досшар, Әлібек, Қойтас, Байғазы, Майбұлақ қыстақтары.

N 664 сайлау учаскесі

      Орталығы Сарытерек селолық округі, Кенелі ауылы, бастауыш мектеп.
      Шекарасы – Кенелі ауылындағы үйлер, Ақшағыл, Қособа, Ақшоқы, Қарашоқы қыстақтары.

N 665 сайлау учаскесі

      Орталығы – Шашубай кенті, Сейфуллина көшесі - 21, орта мектеп.
      Шекарасы – Қараменде би, Комсомол, Шашубай, Киров, Абай көшелеріндегі және Ленин көшесіндегі N 17, 35, 39, 41, 43, 49, 51, Космонавтар көшесіндегі N 3, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21 үйлер.

N 666 сайлау учаскесі

      Орталығы – Шашубай кенті, Ленин көшесі – 1, "Жеңіс" кинотеатры.
      Шекарасы – Набережная, Сейфуллин, Жамбыл, Нарманбет, Рембаза және Ленин көшесіндегі N 2, Космонавтар көшесіндегі N 2 үйлер.

N 778 сайлау учаскесі

      Орталығы – Шашубай кенті, Ихамбаева көшесі - 14, Электросеть ЖШС ғимараты
      Шекарасы – Ихамбаев көшесіндегі және Ленин көшесіндегі N 10, 12, 14, 16, 18, 22, 24, 26, 28, 30, 34, 38, 40, 54, 53, 55, 57, 59, 67, 71, 79, 93, 95, 103, 105, 109, 111, 113, 115, 117, 120, 121, үйлер.

N 667 сайлау учаскесі

      Орталығы – Сарышаған кенті, Школьная - 22, орта мектеп.
      Шекарасы – Центральная, Северная, Набережная, Шакирбек, Дорожная, Путейцев, Школьный переулок көшелеріндегі және N 1, 2, 3 ықшам аудандарындағы үйлер.

N 668 сайлау учаскесі

      Орталығы – Сарышаған кенті, Абай – 12, клуб үйі.
      Шекарасы – Абай, Вокзальная, Среднестепная, Комсомольский переулок, Энергетиктер, Линейная, Школьная, Степная және Весна, Новалы, Қаражыңғыл, Көктас станцияларындағы үйлер.

N 669 сайлау учаскесі

      Орталығы – Торанғалық селолық округі, Торанғалық селосы, клуб үйі.
      Шекарасы – Торанғалық селосындағы үйлер.

N 670 сайлау учаскесі

      Орталығы – Ортадересін селолық округі, Ортадересін селосы, клуб үйі.
      Шекарасы – Ортадересін селосындағы, Қаработа бөлімшесіндегі үйлер.

N 671 сайлау учаскесі

      Орталығы – Ортадересін селолық округі, Ақжайдақ станциясы, клуб үйі.
      Шекарасы – Ақжайдақ станциясындағы үйлер.

N 672 сайлау учаскесі

      Орталығы – Ортадересін селолық округі, Ортадересін станциясы, клуб үйі.
      Шекарасы – Ортадересін станциясындағы үйлер.

N 673 сайлау учаскесі

      Орталығы – Ортадересін селолық округі, Ортадересін әскери бөлімі, орта мектеп.
      Шекарасы – Ортадересін әскери бөліміндегі үйлер.

N 675 сайлау учаскесі

      Орталығы - Қарабұлақ селолық округі, Нарманбет селосы, М. Ержанов атындағы орта мектеп.
      Шекарасы – Нарманбет селосындағы үйлер.

N 676 сайлау учаскесі

      Орталығы – Қарабұлақ селолық округі, Қарасу ауылы, орталау мектеп.
      Шекарасы – Қарасу ауылындағы үйлер.

N 677 сайлау учаскесі

      Орталығы – Абай селолық округі, Абай селосы, клуб үйі.
      Шекарасы – Абай селосындағы, Ақшкол ауылындағы үйлер және Көпелбай, Бақалшы, Бидайық, Қойбағар, Сарыөзек, Ақатан, Тасқын, Ортақора, Аққора, Жапекен, Қалкен, Айдын қыстақтары.

N 679 сайлау учаскесі

      Орталығы – Қусақ селолық округі, Қошқар селосы, клуб үйі.
      Шекарасы – Қошқар селосындағы үйлер, Өміржан, Керегетас, Ортажарасбай, Босжарасбай, Шалқар, Қарашоқы, Қараағаш, Белсенді, Қайынқажы, Мыңбұлақ, Ұзынбұлақ, Қызыладыр, Басқора, Ортақора, Рашит, Молақ, Байжасар, Төкен, Жасакбай, Байге төбе, Талбасы, Сармақ, Ынтықбай, Екпін, Қарашілік қыстақтары.

N 680 сайлау учаскесі

      Орталығы – Айыртас селолық округі, Айыртас селосы, клуб үйі.
      Шекарасы – Айыртас селосындағы, Әмірсана, Қабырғаши, Шұбартау ауылындағы үйлер және Дәрібек, Асылбек, Еспе, Нұрабай, Сәдуақас, Қосқызыл, Шұбарайдар, Би, Шұбартау, Ойран, Ешкіөлмес, Өгізтау, Бесбұлақ, Құттымбет, Шұбарқұдық, Әзімбай, Аққора, Игенбай, Долағай, Жақыпбек, Қызылтас, Егіндібұлақ, Қобыланды, Күнгей, Күнқора, Ақсай, Айыртас, Маубас, Қараоба қыстақтары.

N 681 сайлау учаскесі

      Орталығы – Тасарал селолық округі, Тасарал селосы, клуб үйі.
      Шекарасы – Тасарал селосындағы үйлер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады